Зертханалық дәрісханаларда өткiзуге мүмкiн емес тәжiрибелердi демонстрациялау
Зертханалардағы құрал-жабдықтардың жеткiлiксiздiк мәселесiн бiршама шешу
Құбылыс, процестер механизмiн динамикада көрсету
Құбылыстар мен процестердi модельдеу, динамикада көрсету
Құбылыстар мен процес-тердiң табиғатын ашып көрсету
Тез немесе жай өтетiн процестердi оқыту
Бейнепроекциялық құрылғылар көмегiмен табиғаттағы процесс-тердiң жүруiн бақылау
Құбылыстар мен процестердi оқыту кезiнде уақытты тиiмдi пайдалану
2. Мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалану үшiн оның психологиялық-педагогикалық шарттарын қатаң бақылауда ұстау керек:
а) Оқу материалдарын тұлғаның қабылдау ерекшелiктерiн ескеру.
ә) Экрандық оқу материалдарының студенттер мен оқушылардың эмоциясына әсерiн бақылау.
б) Оқу материалдарын пайдалану кезiнде тұлғаның ойлау қабiлетiн аттыруға қозғау салу.
в) Экрандық оқу материалдарын пайдаланудың қалыпты деңгейiн студенттер мен оқушылардың ойлау жүйесiне күш түсiрмейтiндей деңгейде сақтау.
2.5 Электрондық оқулықтар жасауда Flash технологияларды қолдану Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, қазіргі кезде анимация жасауда көп қолданысқа ие FLASH программасы. Бұл программаны көбінесе Web-сайттарды құруда да көп қолданады. Сондай-ақ мультфильм жасаушылар үшін бұл программаның орны ерекше. Соңғы кезде электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер қолданушысына программалық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады. Қазір Flash-технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан технология болып табылады. Flash технологиясы анимация жасаушылар үшін өте қолайлы программа, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:
1. Жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) – векторлық графиканы пайдалану есебінде;
2. Интерактивтілік – пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей басқара алады;
3. Мультимедиялық – фильм және Internet-ке информацияны визуалдаудың стандартты құралдары үшін қол жетпес видео, аудио эффектілер;
4. Көпсалалығы – Flash-те қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлер де (пошталық, виртуальді дүкендер) орындалуы мүмкін;
5. Қолайлылық – Flash технологиясының негізі, компьютермен жұмыс істеудің минимальді дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті. Сондай-ақ компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез жүктелетіндігі Flash пайдаланушылары үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Қазіргі уақытта жас балалар шетелдік мультфильмдер мен киноларды көруге өте құмар. Өйткені шетелдік фильмдерде түрлі анимациялық және дыбыстық эффекттер қөп қолданылады. Бірақ, ондай фильмдердің көпшілігі тәрбиелік мағынадан тыс қалып қойған. Қазір технологияның дамуына байланысты, жас өспірімдер кітап оқудан көрі жаңадан шығып жатқан кино, мультфильмдерді көруді жөн көреді. Осыдан балалар өзіміздің қазақ аңыз-ертегілерінен тіптім мақұрым қалып қояды. Сол себепті, тәрбиелік мағыналарға қанық, өзіміздің қазақ ертегілерін мультфильм етіп неге жасамасқа. Осы мақсатымызға жету үшін, бізге, Flash технологиясын білу өте маңызды рөл атқарады.
Мультимедиа (multimedia) –мәтін, дыбыс, бейнелік көріністі, графикалық бейнрені және анимацияны (мультипликацияны) компьютерлік жүйеде біріктіретін заманауй компьютерлік ақпарат технологиясы.
Мультимедия –мәтінді, графиканы,анимацияны, цифрленген жылжымайтын суреттерді,бейне баяндарды, дыбысты, сөзді компьютерге еңгізіп өңдеуге мүмкіндік беретін технология.
Macromedia Flash - интepaктивтiлiгi қoлдayлы құpылғaн вeктopлық гpaфикa нeгiзiндe aнимaциялaнғaн жoбaлapды құpyдaғы жәнe қoлдaнy кeзiндегi қapaпaйым құpaл бoлып тaбылaды. Flash cypeтшiлep мeн дизaйнepлep құpғaн Web-тi aнимaция жәнe дыбыc жoбaлapымeн тoлықтыpyғa мүмкiндiк бepeтiн идeaл жұмыc инcтpyмeнтi бoлып тaбылaды.
Flash-тің интерактивті элементтерін және анимацияларын дайындау барысындағы программалау процесі минимумге жеткізілген: қолданушыға жаңа жоба құру жеткілікті, ол үшін бағдарламалық буманың жұмыс принціптерін түсіну және тышқанды қолдана алу ғана қажет – жұмыс аяғында бағдарлама автоматты түрде жасалған объектілерді HTML құжатына енгізеді.
Flash клиптері көмегімен Веб-дизайнерлер бағыттамалық тақталар, динамикалық логотиптер, синхрондалған дыбыспен толық форматты клиптер мен мазмұны кең көлемді Интернеттің толық беттерін құрады. Flash клиптер векторлық графиканың кішігірім элеменнтері болып табылады, сондықтан тез жүктеледі және қолданушының мониторының өлшеміне байланысты көлемін өзгертеді. Flash-те жұмы ісітеу барысында сурет салу немесе графиканы импорттау арқылы клиптер құрылады. Жұмыс өрісінде өңдеп, монтаждық сызығы (Timeline) арқылы ол клипке жан беріледі.
Менің дипломдық жұмысым Flash редакторында құралады.Flash техналогиясының негізгі векторлық графикалық форматынан Shockwave Flash (SWF) құрылды. Бірақ бұл ең алғаш векторлық формат емес, SWF құрушылары ойдағыдай тапқан графиканың бейнелеу мүмкіндігі арасындағы үйлесімді, онымен жұмыс жасайтын инструментальді құралдар және қорытындысында Web – парақтарының қосылуының механизмі. SWF қосымшасының артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі аппараттық – программалық платформада қолданылады (сонымен қатар, ОЖ – сі Mac OS Macintosh компьютерлер және Windows ОЖ – мен жабдықталған IBM компьютерлері). Тағы бір SWF – тың ерекшелігі: құрылған негізгі бейнелер тек анимацияланып ғана қоймай, сонымен қатар олар қосымша интербелсенді элементтер мен аудио құрылғылардың болуына мүмкіндік туғызады. Интербелсенді мультимедиялық қосымшалардың тасымалдауы мен құру мүмкіндігінің күрт өсуі танымал SWF форматының Web – дизайнерлердің ортасында орындалады. Сондықтан бұл форматтың пайда болуы Macromedia фирмасында Plug_In компонентінің қоса салынған 2 негізгі желі браузері үшін құрылған: Internet Explorer және Nestcape Communicator. SWF форматының тарауына Бүкіләлемдік компьютерлік желі көп әсерін тигізді.
SWF форматының танымал болуының тағы бір себебі, Macromedia фирмасы бұл форматтың жеңіл және оңай құрал – саймандармен қолданылуы.
Мультимедиялық презинтациялар құру үшін - Macromedia Director Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін - Macromedia Freehand, Macromedia Fireworks,интербелсенді оқытушы курстарын құру үшін – Macromedia Authorwave, Macromedia Course Builder. Сондықтан да Web-публикациясының ішінде ең танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы болып келетін - Macromedia Flash болып табылады. Macromedia Flash Web – парақтарын толық құруға және әрбір сайттың анимациясымен безендірілуіне мүмкіндік береді. SWF форматының көмегімен, оны әдетте Flash деп атап кетті.
Flash техналогиясының құрамына мыналар кіреді:
векторлық графика;
анимацияларды қолдау;
интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндігі;
әртүрлі графикалық форматтарды қолдау (сонымен қатар растрлы графикалы да);
Flash фильмдерді HTMLформатына қосу;
Flash фильмдерін Web- браузерде көру мүмкіндігі;
әртүрлі визуальді саймандардың болуы.
Flash технологиясы Shockwave Flash (SWF) форматында қолданылатын векторлық графикаға негізделген. SWF құрушылары, графиканың тамаша мүмкіндіктерімен, олармен жұмыс жасайтын құрал жабдықтарды, (шыққан нәтижені WEB-бетке қоса алатын механизмді тиімді пайдалана отырып, үйлесімді өнім таба алды. SWF-тың тағы бір ұтып тұрғаны, бұл форматты кез келген платформада қолдануға болады. (яғни, MacOS операциялық жүйесімен басқарылатын Macintosh компьютерлері мен Windows ОЖ бар IBM компьютерлері). SWF–да құрылған бейнелерге анимация ғана қолданып қоймай оларды интерактивті элементтермен және дыбыспен де әрлеуге болады.
Осындай қосымша қасиеттерінің арқасында SWF форматы тор әрлеушілерінің ризашылығына ие болып, қолданысқа кіріп кетті. Macromedia отбасында дүниеге келгеннен ақ, бұл форматқа Internet Explorer және Netscape Communicator тор броузерлеріне арналған компоненттері (Plug-In) жасалды. Ал бұл, SWF-тың бүкіләлемдік торда одан әрі атышулы болуына септігін тигізді. Нәтижесінде бұл броузер құрушылары SWF-ті қолдайтын компонентті өз өнімдерінің ядросына қосып қоятынын жария етті. Бұл бастаманы бағдарламалармен қамтамасыз ететін тағы да басқа өндірістер қолдап әкетті (мысалға, Adobe фирмасы).