2.Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілі Ұжымдық оқыту
Әр оқушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал мұғалімге әр балаға деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызатын әдіс болып табылады. Ұжымдық оқытудың негізі 30-жылдары еңбек еткен әдіскер-мұғалім А.Г.Ривиннің ізденісінен туған.
Ұжымдық оқытудың басты белгілері
әр баланың қабілетін, дарынын дамыту;
ұжымдағы әрбір мүшені оқыту;
оқушылардың ортақ жұмыстағы бір-біріне көмегі, ынтымақтастығы;
тек жеке басы үшін емес, ұжым алдындағы жауапкершіліктің артуына көмектеседі.
Ұжымдық оқыту әдісі 4 түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Ұжымдық оқытудың жұптық тәсілі
Вариациялық жұп (ерекше жұп)
Өзгеріп, ауысып отыратын жұп
Тұрақты жұп
Ұжымдық оқытудың жұптық тәсілі Вариациялық жұп (ерекше жұп)
Топтағы баланың әрқайсысында жеке-жеке жұмыс болады. Тапсырма орындалған соң, жеке-жеке мұғаліммен жұмыс істейді де, бір бала қалған үшеуіне түсіндіреді.
Өзгеріп, ауысып отыратын жұп
Бір тапсырманы 4 бала 4 бөлімге бөліп алып орындайды. әр бала өз жұмысын қалған 3 баланың әрқайсысына түсіндіреді. Сонда өз жұмысын 3 рет қайталап айтады. Әр баланың түсіндіруі 3 түрлі деңгейде болуы мүмкін.
Тұрақты жұп
Екі оқушы өз тілегі бойынша жұпталады. Мұғалім - оқушы, оқушы - мұғалім қызметінде іс - әрекет жасайды.
Тұрақты жұптық жұмыс жүргізу жолдары І кезең. Дайындық кезеңі.
Оқушылар сынып санына қарай топқа бөлінеді. Мұғалім тапсырмалармен таныстырады, көмек-нұсқау жазылған үлестірме қағаз таратады. Шешілетін проблемаға назарларын аударады. Топ спикері түсінік береді.
ІІ кезең. Жұптағы, топтағы жұмыстардың жүруі.
Оқушылар тапсырманы жеке-жеке орындайды. Кезектесе отырып, бір-бірінің жұмысын тыңдайды, ортаға салады, бір-біріне сұрақ қояды, қорытындылайды.
ІІІ кезең
Жұмыстарын, қорытындыларын, жасаған жобаларын спикер хабарламасы арқылы мұғалім тыңдап, танысады. Жауаптарды сараптайды, саралайды.
ІV кезең
Мұғалім ұжымды жұмыстың орындалу сапасымен таныстырады. Ұжым тыңдайды, талқылайды, пікірлеседі.
V кезең
Оқушылардың алған білімін тексеру мақсатында бақылау жұмысы жүргізіледі.