1. Электронды оқулықтарды құру технологиялары. Электрондық оқулықтар жасауда мультимедиа және телекоммуникациялық технологияларды қолдану



бет1/4
Дата12.03.2023
өлшемі33,4 Kb.
#73488
түріОқулық
  1   2   3   4

13-билет.
1.Электронды оқулықтарды құру технологиялары.
Электрондық оқулықтар жасауда мультимедиа және телекоммуникациялық технологияларды қолдану

Білім беруде оқыту құралдары жөнінде дидактикалық түсінік екі элементті құрайды:
- оқу материалдары – кестелер, графиктер, сызбалар; транспоранттар, слайдтар; мәтіндік, графикалық, дыбыстық, анимациялық, бейнелік ақпараттар т.б.
- оқу материалдарын ұсыну құралдары: теледидар, бейнемагнитофон, мультимедиалық-, бейнелік-, оверхед- проекторлар, компьютер, интерактивті сенсорлық тақталар т.б. Оқу материалдарын ұсынушы мұндай құрылғыларды мультимедиалық құралдар деп айтуға болады.
Мультимедиалық технологиялар саласындағы мамандардың пікірінше, бұл саланың дамуын анықтайтын факторлардың бірі – дербес мультимедиалық компьютерден желілік жүйеде жұмыс істейтін мультимедиалық кешендер ортасына өту процесі.
Қашықтан оқыту жүйесінің техникалық жабдықталуы компьютерлік желілер мен мультимедиалық технологиялардың қолданылуымен жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда компьютерлік желілер жөнінде біршама түсінік қалыптасқанымен, мультимедиалық технологиялар туралы біздің түсінігіміз мардымсыз. Осыған байланысты бұл технологияларды оқыту процесінде пайдаланудың тиімділігін анықтау жолдарын қарастырамыз.
Мультимедиалық құралдардың оқыту процесіндегі тиімділігін оқытудың мақсатына, мазмұнына, формасына, құралдары мен әдістеріне сәйкестілігі тұрғысынан анықтауға болады. Ал, мұны жүзеге асыру кибернетика ғылымының зерттеу әдістеріне сүйену негізінде орындалады. Кибернетика – қоғамдағы, тірі организмдердегі, күрделі машиналардағы процестердің жалпы заңдылықтарын басқаратын, олардағы ақпаратты беретін ғылым. Кибернетика басқару жүйесіндегі ақпараттық процестерді зерттейді.
Кесте 3. Мультимедиалық технологиялардың оқытудағы мүмкiндiктерi



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет