1. Ерітіндісі немесе балқымасы электр тогын өткізетін заттар а бейэлектролиттер в өнімдер d электролиттер e реагенттер 2



бет1/2
Дата19.10.2022
өлшемі27,14 Kb.
#44085
  1   2
Байланысты:
9.1A


9 сынып
9.1. А бөлім Электролиттік диссоциация бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты

9.4.1.1 электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру
9.4.1.5 ерітіндінің қышқылдығы мен сілтілігін ажырату;
9.4.1.6 қышқыл, сілті, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру
9.4.1.7 күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу
9.4.1.4 иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажыратады, анықтамасын біледі.

  • Иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсінеді.

  • Қышқылдық және сілтілік ерітінділердің ортасын анықтайды, тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін жазады.

  • Күшті және әлсіз электролиттерді таниды.

  • Электролиттердің диссоциациялану дәрежесін анықтайды.

Ойлаудағдыларының деңгейі

Білу және түсіну, қолдану



Орындалу уақыты

20 минут



1. Ерітіндісі немесе балқымасы электр тогын өткізетін заттар.....
А) бейэлектролиттер В) өнімдер
D) электролиттер E)реагенттер


2. Мына заттардың дисоциациялану теңдеулерін жазыңдар: HBr, NaNO3, Ba(OH)2, ZnSO4, FeCl3


3. Берілген заттарды бөліп жазыңдар. Дистилденген су, қант ерітіндісі, NaCl ерітіндісі, құрғақ ас тұзы, H2SO4ерітіндісі, құрғақ қант, NaOH ерітіндісі, сірке қышқылының ерітіндісі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет