3.2.2.2.Жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату олардың тіршілік ортасын анықтау
3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау
Барлық оқушылар: жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажыратады, олардың тіршілік ортасын анықтай алады.
Көптеген оқушылар: жануарлардың өзара қарым-қатынасын сипаттап талдайды.
Кейбір оқушылар: тақырыпқа байланысты сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Гүлмен тілек» әдісі арқылы жүреді.
Өткен тақырыпқа шолу және оқу материалын жариялау «Жануар қайда мекендейді?» ойыны арқылы жүреді.
Ортаға кезекпен шығып, бір жануарды ыммен жасарып көрсетіңдер. Жануар және оның тіршілік ортасы туралы айтып беріңдер.
- Ендеше бүгінгі сабақта жануарлардың топтары туралы оқып, білімімізді кеңейтетін боламыз.
Ширату жаттығуларын орындайды.
Жануарды ыммен жасарып көрсетеді, ол туралы әңгімелейді. Тақырыпты шығарады.
(Ұ) 1- тапсырма.
А) «Топтастыр» әдісі. Негеш суреттен орман жануарларын іздеп отыр. Ал Эврика ашық даланы мекендейтін жануарларды табуы керек. Оларға көмектес. Өз шешімінді түсіндір. Топтағы жануарларды салыстыр. Оларға не ортақ деп ойлайсың?
Ә) «Сәйкестендір» әдісі.
Суқойма жануарлары. Жануарлардың тіршілік ортасын анықта.
-Суреттегі жануарлардың дене бітіміне қарап суда тіршілік етеді деп айтуға бола ма?
Дескриптор:
- Суреттегі жануарларды ортақ белгісіне қарап топтастырады.
-Жануарлардың тіршілік ортасын анықтайды.