1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»



бет32/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
Байланысты:
гооссссссссc

Тәуке хан қазақ даласына XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында билік еткен. Тәуке хан билік еткен жылдары "Жеті жарғы" заңдар жинағы ерекше маңызға ие болды. Ғалымдар бұл жинақ "Қасым ханның қасқа жолы" мен "Есім ханның ескі жолының" жетілдірілген нұсқасы болғанын жазады.
1. "Жеті жарғы" сол заманның талабынан пайда болған ХVІІ ғасырда Қазақ хандығына әлсіреп, жау жағадан алған сәтте ел ішінде бірлік пен ынтымақты қамтамасыз ете алатын жаңа заң жүйесі қажет болған. Сол себепті Тәуке хан қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі әдеп-ғұрыптары мен өзінен бұрынғы хандардың ұстанған жолын негізге алып, жаңа заң жүйесін жарыққа шығарған.
2. "Жеті жарғы" жеті жаңа тармағымен ерекшеленген.
1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын. (Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туған).
2-жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі –елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).
3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).
4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын. (Бұл – шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалықты талап еткен маңызы зор жаңалық).
5-жарғы. Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.
6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.
3. Сайлауға қару асынып келу міндеттелген. Т
4. Кез келген қылмыстың құны төрт түлік малмен төленген.
5. "Сұлтан" немесе "қожаға»"тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болған. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ – 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз "Жеті жарғыға" сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз.
6. Ауыр қылмыс жасаған адам өлім жазасына кесілген.
7. Қылмыстық істерді билер соты қараған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет