Басқарудың округтiк жүйесі еңгізілді. Округтер болыстарға бөлiндi, ал болыстар ауыл әкiмшiлiктерiнен тұрды. Әр округте 15–20 болыс, әр болыста 10–12 ауыл, ал әр ауылда 50–70 үй болатын болды. Округтердi сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды болыс- тар, ал ауылдарды – ауыл старшындары басқарды.
1824 жылғы «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөнiндегi Жарғы» және Кiшi жүздегi хан билiгiнiң жойылуы. Орта жүздегi хан билiгiнiң жойылуы Кiшi жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңiлдеттi. Бұл кезде Кiшi жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлi тоқтаған жоқ едi. Хан билiгi әлсiреп, қол астындағы халық арасында беделiнен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесiнiң губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары. – авт.) жөнiндегi Жарғының» жобасын жөнелттi. Бұл кезде Кiшi жүзде Шерғазы әлi де хан болып тұрған едi. Қазақтардың шегара шебiне және Орынбор өлкесiнiң iшкi округтерiне ша- буыл жасауы жиi-жиi қайталанумен болды. Орын- бор өлкесiнiң бастығы ұсынған жоба толықтыра түсу үшiн Азия комитетiне қайтадан жiберiлдi. Жарғының түпкiлiктi жобасын Ресей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде бiржолата бекiттi. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейiн ай сайын жалақы төленiп тұратын болды. Сөйтiп, Кiшi жүздегi хан билiгi де жойылды.
53. «Қарқаралы петициясы», оның мазмұны.
ХХ ғасырдың басында отаршыл патша өкіметіне пікір айтудың басты жолы петиция болды.
Қазақстан тарихындағы бірінші ірі петиция — Қарқаралы петициясы (47 тараудан тұрған) Қарқаралы қаласы (қазір Қарағанды облысында) маңындағы Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде әзірленді. Оған қазақ халқының көрнекті қайраткерлері - Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақпаев қол қойды.
Құжат патшаға, ал көшірмелері министрлер мен «Сын отечества» и «Русские ведомости» газеттерінің редакциясына жолданды.
Петицияшылар қазақтарға Мемлекеттік думаға (өкілдер органы, бізше — парламент) сайлану құқығын беруді талап етті.
— Иә, біз мал шаруашылығымен айналысамыз, сол үшін көшіп-қонуға мәжбүрміз. Біз қаңғырып жүрген жоқпыз. Бұл бізді земство жиылысына қатысу құқығынан айыруға болады деген сөз бе? Мал жаятын қырғыз (орыстар қазақты казактармен шатастырмау үшін қырғыз деген — ред.) неге мұндай маңызды саяси құқықтан айырылуға тиіс? (...) Қырғыз қоғам және мемлекет істерінде орыс шаруаларынан кем түсетіні дәлелденбеген, — делінген петицияда.
Достарыңызбен бөлісу: |