ХалелҒаббасов- Алаш қозғалысының қайраткері. 1898 — 1909 жылы Семейде приход, орыс-қазақ мектептерінде, гимназияда оқыған. 1910 жылға шейін Сейтен болысында мұғалім болып қызмет еткен. Халел Ғаббасовтың қазақ елдігі үшін еткен еңбегінің ең көрнектісі – оның 1917 жылғы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық сиезге арнайы құрылған комиссия атынан Қазақ автономиясы, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама дайындап жасағаны. Осы баяндаманың негізінде сиез «... жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық-жерлі автономия құруға» деген тарихи қарар қабылдайды. Сиезге Халел Алашорда үкіметінің мүшелігіне Семей облысынан сайланып, кейін төраға Ә.Бөкейхановтың орынбасары міндетін атқарып, Алашорда атынан шығарылған заң-қаулыларға қол қойып отырады.