1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


Түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары



бет36/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50
Байланысты:
гооссссссссc

Түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер.


Күлтегін VII
Ағам таққа отырып, Каған болды.
Елi мен жерiне
Қара жартастардан соққандай,Қамал болды.
Ерлерiнiң Намысын үрлеп, Өрт қылды.
Кедейiн бай еттi, Азын көп қылды.
Мен өзiм Тардуш халқын
Жатқызып-өргiзетiн Шад болдым.
Бейшараға қорған, Байғұсқа бақ болдым.
Ағам екеумiз Жасыл өзендi Шантун жазығына дейiн,
Батыстағы қақпаға дейiн, Көгімен асып,
Қырқыз жерiне дейiн Әскер жүргiздiк.
Басын көтергенiн - Басын жерге тигiздiк.
Iнiнен шыққанын - Iнiне қайта кiргiздiк.
Он үш жыл қағыстық, Он үш жыл соғыстық.
Кеңдiк құрғанды-Кеңдiгiнен айырдық,
Елдiк құрғанды-Елдiгiнен айырдық.
Көкiрек керiп келгендi-Кейiн шегердiк,
Бастыны жүгiндiрдiк, Тiзелiнi шөгердiк
Түргiш қаған Туысымыз болатын.
Iргеде жатқан Ұлысымыз болатын. Тасып кеткен екен.
Ернеуiнен шығып Асып кеткен екен.
Шөптей жұлдық Қынадай қырдық.
Арғы қандасымыз
Он-оқ халқын
Жақынның Мазағынан құтқардық.
Дұшпанның Азабынан құтқардық.
Барс бекке
Қарындасымызды
Ханшалыққа берсек,
Ол бiзге жонын көрсеттi. Жонынан таспа тiлдiк!
Басынан жағын айырып, Қасқа қылдық.
Ұлдарын құл еттiк, Қыздарын күң еттiк.
Құмалақтай Шашылып кеткен қырқызды
Бiртiндеп жинап, Жұрт еттiк.
Қайтадан Түрiк еттiк.
Кезiндегiсiн кешiрдiк,
Жесiрiнiң Құрсағын қампайтып,
Жетiмiн Желкiлдетiп өсiрдiк.


59. Математикадан тұңғыш қазақ профессоры. Том технологиялық университетін бітірген. Семей облыстық атқарушы комитетінің төрағасының орынбасары болды. Шілде айындағы жалпықазақ съезінде Семей облысынан Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады. Әлімханды «Қазақ» газеті «Технологиялық институтқа асқан зеректер ғана түседі. Әлімхан білімді, шешен, өткір, халыққа қызмет етуді өзіне парыз санаған жігерлі жас азамат»,- деп жазды. Ермековтың тарихи зор еңбегінің бірі – Қазақ автономиясы шегарасының біртұтастығын жанқиярлықпен қорғауы. 1920 жылы 17 тамыздағы Ленин қатысқан Халық комиссарлары кеңесінің мәжілісінде Қазақстанның жағдайы туралы баяндама жасайды. Ә.Ермековтың қайраткерлік істерін жалғастырып айтыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет