1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


Ахмед Иүгінеки «Ақиқат сыйы» адам бойындағы қасиеттер туралы ойлары?



бет41/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Байланысты:
гооссссссссc

72. .Ахмед Иүгінеки «Ақиқат сыйы» адам бойындағы қасиеттер туралы ойлары?
Ахмед Иүгінеки туындысының басты идеялары: оқу, білім, еңбек, тіл, адамның игі мінездері. Ахмедтің адам бойындағы қасиеттер туралы ойлары Ахмед дүниеге қызығушылық, жомарттық пен сараңдық, игі мінез бен жарамсыз қылық туралы да өз ойын білдірген. Адамның даңқын асырып, құрметке бөлейтін әрекеті оның жомарттығы деп білген. Қазақ халқы қолы ашық, жетім-жесірлерге демеуші болып жүретіндерді «Атымтай Жомарт» деп атаған. Мұндай адамдар біздің де қоғамда бар, алайда көп емес. Дегенмен дер кезінде кедей-кепшікке, кем-кетікке көмекке келетін жандарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы танып, біліп жатамыз. Кеңестік кезеңдегі «адам адамға дос, бауыр» деген тәлімді сөздерді жиі айтқанымыз жөн. Қайырымдылығымен қатар қатыгездігі қатар заманда жомарт адамдардың қол созуы – игі әрекет. Ойшыл жомарт адамдарға пәле-жала жоламайды, кемшіліктері көрінбей қалады, сондықтан да сондай болуға асығу керек деген.


73. Дәулескер күйшілер мен күйлері.-Құрманғазы, Дина т.б.
Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) — қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.
Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.
Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861, Бекетай құмы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 31 қаңтар 1955, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі.Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер.
Дәулеткерей Шығайұлы (1820, Орал облысы,Орда ауданы - 4.05.1887) — қазақтың аса көрнекті күйші-композиторы.Оның алғашқы шығармаларының бірі "Ақжелең". Бұл күй Ақбала деген өнерлі де сұлу қызға арналған. Дәулеткерейдің "Қоңыр", "Желдірме", "Керілме", "Ысқырма", "Қосішек" дейтін күйлері тіршілік-тұрмыстағы әр алуан көріністерді бейнелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет