1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»



бет49/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Ақтамберді жырау, ақын, қолбасшы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. Найман тайпасының, қаракерей руының, сыбан тармағынан шыққан.Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді.
Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,
Күреңдi мiнер ме екенбіз,
Күдерiден бау тағып,
Ақ кiреуке киер ме екенбіз!
Жағасы алтын, жеңi жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екенбіз!
Тәтіқара жырау ел бастаған көсем,аға батыр, әрі ақын, қазақ жыраулық өнерінің белді өкілі.
Қартайсаң да қарт бабаңды сыйлай біл,
Күндердің күні болғанда
Кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес.”


Бұқар жырау Қалқаманұлы (1684—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым.
Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:

Күнбатыстан бір дұшпан,


Ақырында шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп,
Күншығысқа қарайды.
Шашын алмай, тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ, Затсыз,
тексіз бір кәпір,


88. Х.Ғаббасов- 1915-1917 жылдары Орталық ұсақ кредит басқармасының Семей қаласындағы бөлімшесінде есепші, Мемлекеттік банктің Семей облыстық бөлімшесінде инспектор қызметтерін атқарған. 1917 жылы Семей облыстық Қазақ комитеті төрағасының орынбасары, облыстық земство басқармасының мүшесі, ал 1917-1919 жылдары «Сарыарқа» газетінің редакторы болды. қайраткерлік істері туралы мәліметтер айтыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет