3. Ноғай ордасы. Аумағы және этникалық құрамы,билеушілері. Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. 13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы. Ноғай – жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам. Ноғай әскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған – Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды. Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды.
4. Қазақ мәденеиті жне салт – дәстүрі. Әрбір азамат өз халқының салтын , дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілі мен дінін білуі және құрметтеуі тиіс. Ұлы жазушы , ойшыл М. Әуезов дәстүр туралы толғай келіп: « Дәстүрді тарихта келе жатқан халықтың эстетикалық бейнелеу нақыштары мен ұлттық тіл байлығы арқылы айқын көруге болады. Халықтың ұлттық мінезі, дамуы, ұлттық дәстүрлердің белгілерінің кейбірі күннен - күнге құри бастайды. Дәстүрлер жаңаша түрленіп , толысып отырады. Жаңа дәстүрлер туады.» - деп жазған еді. Қазақ жұртының қазақ болып , елге айналуында , өркендеуінде хан - сұлтандарымыз , батырларымыз және көсем билеріміздің ерекше үлес қосқанын айту егемен елдікке қол жеткізу арқасында ғана мүмкін болды.
Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.