1961 жылы “Қазақфильм” киностудиясының директоры, Қазақ КСР-і Министрлігі Кеңесінің кеңесшісі қызметтерін атқарып, жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ кино өнерінің дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырды.
1967 – 1970 жылы Қазақ КСР-і Мәдениет министрі болды. Осы жылдары қазақтың хор капелласын, классикалық және халық билерінің хореграфиясын дамытуына үлесін қосты.
Қазақ интелегенцясын қорғауданда аянбады М.Әуезовтың соңынан іздестіргендерді байқап, Мәскеуге аттандырады.
8. Қарқаралы Петициясы, мақсаты, нәтижесі. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.Петицияның мазмұны қазақ қоғамының XX ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын толық қамтыды. Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуал, негізінен, аграрлық, ұлттық және белгілі дәрежеде таптық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді. Қазақстанда осы шиеліністен туындаған аграрлық және ұлттық-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылыққа қарсы бағытталады.
9. 3. А. Закарин-1930 жылы Закарин Орынбордағы Кеңес өкіметіндегі кез келген ЖОО-да тегін оқуға мүмкіндік алған жалғыз қазақ болды.1953 жылы Шаяхметов Закаринді Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің ректоры ретінде тағайындайды. 1955 жылы Асқар Закарин Қазақ ССР-нің Ағарту Министрі ретінде сайланады. А.Закариннің қайраткерлі істеру туралы айтыңыз. Асқар Закарин(1908-1990)- қоғам қайраткері, физика-математика ғылым кандидаты, профессор
1930 ж Орынбордағы Кеңес Үкіметіндегі кез келген ЖОО да тегін оқуға мүмкіндік алады. МГУ универсиетіне оқуға түскен тұңғыш қазақ баласы атанады. Ол математика механика факультетін аяқтайды.
1941ж өз еркімен соғысқа аттанып, 100-ші бригаданың лейтенанты атанады. Осы бригада санында Мәскеуден Брестке дейіін әрі қарай Кенигсбергке дейінгі шайқас жолын кесіп өтіп, Манжуриядағы Квантуп әскерін ойсыратып жеңіліске ұшыратқан операцияларға қатысады.
Соғыстағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» «Ерлігі үшін» медальдарімен марапатталды.
1948 жылы қарашада В.В.Чердынцевтің ғылыми жетекшілігімен «О методе последовательных приближений конформном отображении» деген тақырыпта жоғары геометриядан кандидаттық диссертация қорғайды.
1950-1953 жылдары Қазақтың педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті) ректоры, 1953-1955 жылдары және 1961-1970 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) ректоры болды.
А.Закариннің белсенділік танытуымен университет қабырғасында жаңа кафедралар (гидробиология және ихтиология, метеорология, жоғары математика, орыс филологиясы, қатты дене физикасы және т.б) ашылып, жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру факультеті, философия-экономикалық факультет, М.О.Әуезов атындағы студенттердің әдеби бірлестігі, «Жеті муза» атты қоғамдастық құрылды.
Қазақстанның білім және ғылым саласына инновация жасап, жаңалық енгізіп, сол тұстарда-ақ университет қабырғасына шетелден делегацияны қонақ етіп яки студенттер мен профессор-оқытушылар құрамын шетелге жіберіп, жаңалықтармен бөлісіп, деңгей көтеруде осылайша отандық ағарту саласының ұшпаққа шығып, жастар арасында қызығушылыққа ие болып, әрі қарай дұрыс даму жолына түсуде Асқар Закариннің қосқан үлесі орасан зор.
Қазақ програмистерін дайындаған алғашқы қазақ
Абель, Гаулауа, Лобочевский, Эйнштейннің кітаптарын қазақ тіліне аударған.
Білім саласына қосқан өлшеусіз үлесі үшін «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталып, Қазақ КСР жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері атанды.
1955-58ж оқу ағарту істерінің министірі болып сайланады.Осы уақыт ішінде мектептердің 50пайызын қазақ тілдік мектепке айналдырады.Нақтырақ айтқанда 1958ж Қазақ ССР қоғамындағы 7400 мектептен 3253-і.
1958-61 Қазақ Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Димаш Қонаевтың орынбассары және Сыртқы істер министірі болып тағайындалады.
1970 ж ҚазМУ дың жоғарғы математика кафедрасының меңгерушісі болып, 1984 ж зейнетке шығады.