1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»
1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б.з.б.VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе «скифтер дәуірі» деп атайды. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Сақтарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген: 1)Шошақ бөрікті сақтар (сақ тиграхауда) 2)Теңіздің арғы бөлігіндегі сақтар (сақ парадарайя) 3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (сақ хаомаварга) Сақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының үш түрі болды: 1)Көшпелі мал шаруашылығы 2) Жартылай көшпелі мал шаруашылығы 3)Отырықшы егін және мал шаруашылығы Олардың әрқайсына бір түс тән болды.: 1) жауынгерлер (қызыл) 2) абыздар (ақ) 3) басқа қауым адамдары (сары, көк) Олардың түсінігінше, әлем үш бөліктен құралған: 1) жер астындағы әлем 2) орта жер әлемі 3) аспан әлемі.
Сақтар кезеңінде әскери демократия дамыды. Сақтардың негізгі қаруы садақ пен ұзын найза болды. Сақ садақтары екі сеппелі бөліктен тұрды: сыммен жалғастыры-ла тартылған қос мүйіз. Геродот айтқандай,сақтар садақты кеудесіне емес,иығына койып атқан, олар оң иыққа да, сол иыққа да қойып ата берген. Сақ жауынгері – ол атты садақшы Авдиевтің айтуынша, оның күші – «жебе де, қорамсаппа және болдыруды білмейтін жүйрік атта». Садақ пен найзадан басқа, сақтарда қысқаша қылыш және арқан болды. Сақ әскерлері жеке топтан рулық топ тұрды. Сақтардың соғыс жүргізу әдісінің де өзіндік ерекшелігі болды. Сақтар әскерді өзара келісімге келіп отыратын екі топқа бөлді: бірінші отряд соғысқан жауға қарсы майданға шыққанда, екіншісі жау тылында немесе жау шегінген жағдайда соққы беруге дайын тұрды. Негізгі мақсат майданның тұтастығын бұзу болды. Сақтар, негізінен өз жауын күшпен емес, айламен алды. Соғыс, әдетте, күтпеген жерден шабуыл жасау түрінде басталып отырды. Тұтқиылдан шабуыл жасап жауынның есін жиғызбастан арғы жағына өте шығуға ұмтылды немесе өтірік шегініп қапыда қарсы шабуыл жасады. Соғыс табысты өткен жағдайда сақтар жауын толық талқандағанша қуалап толық жойып жіберуе ұмтылды. Ал жеңіске ұшыраған жағдайда, айқасты өздерінің пайдасына шешілгенше жалғастыра берді Атап айтсақ парсы патшасы Кирмен Томирис патшайымның қақтығысы. Б.з.д. 529 жылы Парсы әскерлері Оқс өзенінен өтіп, бірнеше сақ отрядын талқандады. Томерис өз жеріне жаузы тереңдей енгізіп, шақтауға апрып талқандау үшін, өз жауынгерлеріне жылдам кері шегінуге бұйрық берді. Жеңіске мастанған Парсылар Сақтардың соңынан қуып берді де, сақтар алдын ала ойлағандай шатқалға жетіп, Парсылар құрылған қақпанға тап болды. Сақ стратегиясы соғыста күшті дұрыс бағалай білумен, оны өз пайдасына өзгерте алуымен сипатталады. Жаудың күші сан жағынан басым түскен жағдайда сақтар соғысқа кіріспей, әдейі өз жерінің ішіне ғана шегініп отырды. Жау күші әлсіреген жағдайда, шегінер жолын кесіп, оларды қоршап алып, құртып жіберуге тырысты. осылайша сақтар соғыс барысында күшті өз пайдасына бұруда бірінші болып стратегиялық шегініс жасау әдісін қолданды.
2. М.Шоқай ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынды. Осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұсынды. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Тағы қандай қызықты мәліметтер қоса аласыз?
Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады.
1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады.
1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады.
Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады.
Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады.
Алғашқы сиезде «Шора-и-ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші сиезде Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді.
1917 жылы Жаңа Марғұланда өткен өлкелік мұсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады.