9.Қазақстанның әскери-саяси жағдайы Қазақстанның Қарулы Күштері – ҚР әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтитын іргелі құрылым. Қарулы Күштердің құрылуы 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» және алғашқы қорғаныс министрі етіп генерал полковник (1993 жылдың 9 мамырынан армия генералы) С.Қ. Нұрмағамбетовты тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болып қалды.
Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.
«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.
Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:
әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;
маңызды әскери нысандарды күзету;
елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;
халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.
Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.
Қазақстан аэроұтқыр әскері
Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда.
2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 299 Жарлығымен мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көзқарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республикасының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.
Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды.
Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіпсіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қазақстан Республикасының бейбітшілікке бейілділігін айқындайды, асимметриялық қатерлерге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды.
Әскери доктрина ережелерін іске асыру әскери басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, өзара байланысты саяси, дипломатиялық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған.
«Астана» өңірлік қолбасшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекарасында орналасады. Қолбасшылық штабы Қарағанды қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағынысты бөлімдер мен Әуе қорғанысы күштері әскерлерінен басқа аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Астана» өңірлік қолбасшылығы — Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысы Ставкасының резерві.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семей қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті — Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына, аумақтық тұтастығына, егемендігі мен экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Тараз қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының негізгі міндеті — елдің оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Жауынгерлік қолдау бөлімдерінің санын көбейту және заманауи қару мен әскери техниканы сатып алу. 99 арнайы мамандандырылған компанияларды қамтитын 10 логистикалық база мен 9 барлау полисі құрылды.
3 млрд тенгеге келесі заманауи қарулар сатып алынды:
Әскери саясаттың құрамдас бөлігі
әскери құрылыспен айналысатын, мемлекеттің әскерді құру, ұйымдастыру, дайындау, қамтамасыз етумен байланысты ішкі;
мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз етуден, егемендігін, аумақтық тұтастығын сақтаудан, сырттан келетін шабуылға тойтарыс беру, алдын алудан тұратын, сондай-ақ шекараны кеңейтуден (қорғау), жекелеген аудандарда үстемдік етуге бағытталған, қорғаныстық немесе басқыншылық мақсаттағы сыртқы бөлімнен тұрады.
Әскери саясаттың принциптері:
оның ұзақ мерзімді саяси мақсаттарға және әлемдегі нақтылы әскери-саяси жағдайларга сәйкестігі; тұрақты әскери-саяси міндеттерді шешу үшін саяси, экономикалық, дипломатиялық және әскери шараларды үйлестіріп қолдану; өз мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық және әскери-стратегиялық артықшылықтарын қолдану; мемлекеттердің әскери жүйесінде ықтимал қарсыластарды анықтап, олардың әлсіз, осал тұстарын өз пайдасына жарату, олардың қарым-қатынастары жүйесіндегі қайшылықтарды табу; әскери-саяси және стратегиялық міндеттерді кішігірім моральдық-саяси және материалдық шығынмен жүзеге асыру; өз жағына көптеген жақтастарды тартып, олардың қорғанысқа күш салуында бірлікті қамтамасыз ету; ықтимал қарсыластарды әлсіретіп, біртіндеп оқшаулау.
Әскери саясаттың құндылықтары:
Mемлекеттің шынайы мүмкіндіктерінің шамасына қарай әске¬ри әрекеттенуі; ықтимал қарсыластардың, әсіресе, қару өндірісінде, қарулы күрестің маңызды қүралдарын түтқиылда қолдануда әскери басым түсуіне жол бермеу; басты қарсыластарға қарсы күрестегі маңызды міндеттерді шешуде әскери, әскери-экономикалық және дипломатиялық күш салуды шоғырландыру; мемлекеттің және қарулы күштердің кез келген жағдайда мүмкін бо¬лар басқыншылықты тойтарып, соғыс жүргізуге түрақты дайындығын қамта¬масыз ету. Жалпы, әскери саясаттың маңызды үстанымдары "бейбітшілік-соғыс" қалпына бейімделе алатын, түрақты көпфакторлы болжамдық талдауға сүйенуі керек.
Әскери саясат (Военна политика) — мемлекеттердің әскери ұйым құрумен, саяси мақсаттарға жету үшін қарулы күш жұмсау құралдарын дайындаумен және қолданумен тікелей байланысты қарымқатынасы мен іс-әрекеті. Әскери саясат әзінің маңызы мен мазмұны жағынан мемлекеттің жалпы саясатының құрама бәлігі болып табылады.
Мемлекеттердің әскери саясаты әскери доктриналарда, олардың әскери стратегияларында, әскери құрылыс практикасында нактыланады. Әскери стратегия саясатқа бағынышты жағдайда болғандықтан, оған кері әсер береді. Мұндай өзара байланыстылық соғыс кезеңінде, яғни әскери жағдайлар қоғам өмірінде шешүші мәнге ие болғанда ерекше сезіледі. Әскери саясат, әдетте, мемлекеттің әскери ұйымы жүйесінің жұмысын заңды қамтамасыз ететін, заңдарға және де басқа құқықтық нормаларға сәйкес қарулы күштердің емірі мен қызметін анықтайтын әскери зандардың белгілі бір нормаларында бекітіледі.
Соғыспен, оны дайындаумен және жүргізумен тікелей байланысты адамзаттың қәғамдық әрекетінің сферасы әскери саясаттың негізгі объектісі және ол мемлекеттің әскери қуатын құру мен қолдануға бағытталған. Әскери саясат ықтимал қарсыластардың күш-қуатын, әр түрлі потенциалдарды, мемлекеттің экономикалық, саясиморальдық, ғылыми және әскери күшқуатын құрайтын, соғыстың барысы мен нәтижесін айқындайтын әскери факторларды талдауға негізделеді. Әскери саясат та мемлекеттің әскери ұйымын құру, нығайту және жетілдіру, қарулы күштерді техникалық жабдықтау, қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудын келешегін, мемлекеттің жұмылдырушылық мүмкіндіктерін анықтау, әскери іске әқытылған резервтерді дайындау, қажет болған жағдайда оларды жұмылдыру мәселелері негізгі орын алады.