1-эссе Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты олдауда көрсетілген. 2020, 1-қыркүйек


Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық



бет7/10
Дата29.08.2023
өлшемі59,64 Kb.
#105650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри және Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Идрисов төртінші стратегиялық серіктестік туралы диалогты 2015 ж. қараша айында Астанада бастады. 2018-де Президент барды


Диалог – бұл біздің көптеген салалардағы серіктестіктің мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған жүйелі жоспарланған саяси кеңестер.
АҚШ Қазақстанмен осы конструктивтік және ашық кеңестер негізінде екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуды күтеді.


8. Экономикалық қауіпсіздік қр-сы ұлттық қауіпсіздік органдарының негізгі бағыттарының бірі

Экономиканың қауіпсіздігі жайлы мәселенің туындауы заңды. Осындай жағдай қоғамның экономикалық, саяси, мәдени жақтарын қамтыған терең және өте маңызды трансформациялау кезеңінде қалыптасты.


Бұл экономикалық қауіпсіздікті мемлекет жағынан қамтамасыз ету мен оның тұжырымдамасын жасау жөнінде сөз қозғауды қажет етеді. Экономикалық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі болып саналады.
"Ұлттық қауіпсіздік" деген ұғым баршаға түсінікті. Ол ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы қоғамның постиндустриалық даму кезеңіне сәйкес келеді және әлемдегі көптеген елдердің қазіргі кезеңдегі өмірде берік орныққан, олардың ішкі және сыртқы саясатының ажырамас бөлігіне айналған. Бұдан басқа АҚШ пен басқа шетелдік мемлекеттер өздерінің ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясын жасап жатыр.
Саяси лексиконда ұлттық қауіпсіздік ұғымы бірінші рет 1904 жылы Президент Т.Рузвельттің Панама каналын ұлттық қауіпсіздік мүддесімен біріктіруді негізге алып АҚШ Конгресіне жасаған Жолдауында қолданылды.
Кейінгі жылдары бұл тақырып американдық саясаттанушылардың зерттеулерінде өзекті болып келді. Американдық авторлар ұлттық қауіпсіздік ұғымының қайнар көзі ұлттық мүдде жайлы теорияда деп біледі. Бұл пікірді саясаттанушы У.Липпман айтқан. Қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздік мәселесі стратегиялық талдау жасау мектебіндегі ең басты зерттеу болып отыр. Біздің елімізде "Ұлттық қауіпсіздік" мәселесі туралы 1998 жылдан бері Заң аясында реттеліп, қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік бойынша қолға алынды.
Ұлттық қауіпсіздік әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени және басқа да байланыстарға негізделген ұлттар қауіпсіздігімен, яғни белгілі бір аймақтық-мемлекеттік ортақтықпен байланысты көрсетеді. Ұлт өздерінің дәстүрлері, әдеттері, мәдениеті бар адамдардың этникалық жиынтығы ретінде қалыптасқан ұлыстардан тұрады.
Бұл тұрғыдан алғанда, ұлттық қауіпсіздік сол ұлттың жағдайын қоғамдық қатынастар мен қоғамдық санадан, қоғамдық институттар мен олардың әрекеттерінен тұратын тұтас жүйе ретінде сипаттайды. Ал бұл жүйе нақты тарихи жағдайда ұлттық мүддені жүзеге асырады немесе оған кедергі келтіреді. Ұлттық мүдде, ең бірінші, қоғам ішінде немесе одан сырт жерде қалыптасқан және мемлекеттің, жеке адамның және қоғамның талап-тілегіне кесірін тигізетін кез келген деструктивті ашу-ызаға қарсы әрекет пен оның өтемін жасаудан тұрады.
Ұлттық қауіпсіздіктің үш деңгейі анықталған: жеке адам, қоғам және мемлекет. Олардың орындары мен рөлдері динамикалық және оның сипаты қоғамдық қатынастарға, экономикалық-саяси құрылымға, ішкі және сыртқы қатердің деңгейіне тікелей байланысты. Ол ұлттар үшін дағдарыстағы және қауіпті кезеңдерде қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігінен де жоғары тұруы да мүмкін. Ереже бойынша, үнемі қиындық туғызып отыратын авторитарлық және тоталитарлық тәртіп (бұрынғы КСРО) мемлекеттік қауіпсіздікті жеке адамның қауіпсіздігі есебінен бірінші етіп қойып отырды. Ал демократиялық қоғам үшін жеке адамның бостандығы мен қауіпсіздігі анағұрлым құнды болып табылады. Мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігі жалаң өзіндік мақсат қана емес, жеке адамның бостандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету функциясы да.
Енді қауіпсіздіктің деңгейін анықтайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет