17 шілдеде Президенттің Жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы бекітілді. Мемлекет басшысының бастамасына біраз жұрт сынмен қарағанымен, бүгінгі күні қоғамдағы ең өзекті мәселелерді талқылауды бастаған Қоғамдық кеңеске үміт артатындар көп.
2019 жыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүйелі реформаларының басталған жылы болды. Мемлекеттік аппарат адамдардың арманы мен мұқтаждықтарына назар аударды. Көпбалалы отбасылар, жастарды әлеуметтендіру сұрақтарына қатысты оң шешімдер қабылданды. Неше жылдан бері алғаш рет билік педагог мәртебесіне алаңдаушылық танытты. Үкімет мемлекеттің негізгі құндылығы адам мен менің оның қызығушылықтары және бұл мемлекеттік саясаттың негізі екенін түсіне бастады.
4. Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы. Жолдау, 2020
Ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керек. Бүгінде бұл жолдар мен электр қуаты сияқты негізгі қажеттілікке айналып отыр.
Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары компьютерлік техникамен және сапалы интернетпен қамтылуға тиіс. Осы жылдың соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар ауылдардың барлығына интернет жүргізіледі.
Біз зейнетақы мен жәрдемақы тағайындаған кезде халықтың буда-буда қағаз толтырып, сансыз есікті тоздыруға мәжбүр болып жүргенін көріп отырмыз.
Мұның бәрін толықтай цифрландыру керек. Адамдар емес, мәліметтер «зыр жүгіруге» тиіс.
Мекемеаралық байланыста да, азаматтармен қарым-қатынас кезінде де қағазбастылықтан барынша бас тартқан жөн. Жыл соңына дейін ең қажетті анықтамалардың қағаз түрінде талап етілуін тоқтатып (47-ден 30-ы), мәліметті цифрлы түрде растау тәсілін қамтамасыз етуді тапсырамын.
Бізде мекенжай, мүліктік және өзге де анықтамалар бойынша оң тәжірибе бар. Мемлекеттік органдар жеке куәлікті, дипломды, жүргізуші куәлігін электронды түрде қабылдауға тиіс.
Халыққа электронды сервистерді қолдануды ыңғайлы ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету ісінде де, бизнесте де биометрияны кеңінен пайдаланған жөн.
«Деректермен» жұмыс істеуді жаңа деңгейге көтеру керек. Мәліметтер базасының бірыңғай жүйесімен қамтамасыз ету және оны әрі қарай дамыту – Үкіметтің басты міндетінің бірі.
Әзірге бұл жұмыс тиісті деңгейде реттелмеген. Оның бір себебі ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттік және олармен үлестес бірнеше компания басымдыққа ие болып отыр.
Министрліктер мен әкімдіктердің де ақпараттық-сараптамалық немесе IT-құрылымдары бар. Мұндай құрылымдар ортақ стратегиямен санаспай, мекеме деңгейіндегі мүддені ғана қорғайды.
Ақпараттық технологиялар нарығын, инжинирингтік және басқа да жоғары технологиялар қызметін дамыту – елімізде қосымша құн қалыптастырып, жұмыс орындарын ашып қана қоймай, осындай қызметтерді шетелге экспорттауға да жол ашады. Осы әлеуетті толық пайдаланған жөн.
Ақпараттық технологиялар саласы мен ұлттық бизнес ынтымақтастығының болашағы зор.
Мемлекеттік және жекеменшік ірі компаниялар шетелде жасалған әзірлемелер мен қосымшаларды сатып алуға ондаған миллиард теңге жұмсайды.
Үкімет өнеркәсіп пен ақпараттық технологиялар саласының арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға атсалысуға тиіс. Бұл әр саланың цифрлы экожүйесінің қозғаушы күші бола алатын цифрлы технология платформаларын құруға мүмкіндік береді.
Біз Қазақстанның «мәліметтерді» өңдеу және сақтау жөніндегі халықаралық хабқа айналуына жағдай жасайтын заңдар қабылдадық. Былтырдың өзінде цифрлы майнинг ісіне 80 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Елімізге әлемдік алпауыт цифрлы компанияларды тартуымыз керек. Әйтпесе өзге мемлекеттер алдымызды орап кетеді.
Бес жыл ішінде осы салаға салынатын инвестиция көлемін 500 миллиард теңгеге дейін жеткізуі қажет.