- 5 -
жолдардың бірі
сөздіктерді қолдану екеніне
эссе авторларының назарын
аудартуды жөн санаймыз: олар түсініксіз терминнің немесе сөздің мағынасын
нақтылауға көмектеседі, яғни, эссе авторының қарама-қарсы ойда қалуын,
дәлсіздікті (ол қателікке және тұтастай эссені төмен деңгейде бағалауға әкеп
соғады) болдырмауға мүмкіндік береді.
1-сурет – Эссе мәтінінде логикалық категорияларды қолдану
Тезис
тұжырымдауды қажет етеді, тезис тікелей эссенің тақырыбына
тәуелді болады: эссенің авторы эссенің негізгі тезисін ой елегінен өткізу
және жоспарлау кезеңінде тұжырымдайды (эссе
жоспарының немесе
карта-сызбасының құрылуы), ал азат жол мәтінінде ол өзінің көзқарасын
білдіреді. Тезис пайда болуының алдында көбіне мынадай клишелер
қолданылады:
Міне сондықтан. Бұны осылай дәлелдеуге болады. Осыны
дәлелдейік. Бұған көз жеткізу өте оңай. Бұны төмендегі жағдайлар түсіндіреді.
Бұл клишелер оқырманға/ сарапшыға
мәтіннің келесі бөлігінің
дәлелдеме қатарына жататынын ескертеді. Дәлелдеме ретінде автор
пікірінше тезис шындығын дәлелдейтін пайымдаманы қарастырамыз.
- 6 -
2-ТҰЖЫРЫМ:
аргументтеу теориясы, оның негізгі түсініктері (тезис, аргумент, дәлелдеме,
тұжырым) маңызды эссе, көбінесе, эссенің негізгі бөлігін жазудың басты
жағдайлары болып табылады.
Тұжырымдар деп нені атаймыз?
Сонымен, осылайша секілді қыстырма
сөздер,
сондықтан, сол себепті деген сөздер мен сөз тіркестері,
Жоғарыда
айтылғандарды қорытындылайық. Қорытындысын шығарайық. Жоғарыда
айтылғандардан шығатын түйін. Тұжырым жасайық... сияқты сөйлемдер
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: