1. Эсседе аргументтеу (дәлелдеме) теориясының қандай элементтері қолданылу керек?



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата24.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#96383
1   2   3   4   5   6   7   8
2. ЭССЕНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІНДЕ
ҚАНДАЙ АРГУМЕНТТЕРДІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?
Сонымен, эссенің негізгі бөлігінде деректерді, шынайы пайымдамаларды, 
ғылыми мәліметтерді қолданатын және эссенің не туралы жазылғанына 
көз жеткіздіретін пікір болып табылатын 
дәлелдеме немесе аргументтеу
көрсетілу керектігі белгілі. Біз, әсіресе оның не екенін ойланбастан,
қолданыста осы категорияларға жиі жүгінеміз (шынайы пайымдама немесе 
аргумент). 
Аргументтің құрылымы:
• 
тезис (негізгі ой) 
• 
ашып көрсету, берілген идеяны түсіндіру 
• 
дәлелдеме (негіздеме және пайымдама) деректер, дәйексөздер, жеке 
тұлғалардың пікірлері, статистикалық деректер негізінде = аргумент 
тіректері
Аргументті эсседе аргументтің қандай түрлерін қолданған жөн? 
Логикалық аргументтердің айрықша құзыреті, яғни аргумент тіректері
үшін статистикалық мәліметтерді және тарихи деректерді қолдануға
болады деп ойлаймын. Бірақ психологиялық аргументтер орынды болып 
табылады, бұл, әсіресе, эссе 
авторының эмоционалды сенімділігіне қатысты 
болып келеді. Осы мәтін категориясы айтарлықтай қарама-қайшы: мәтін 
эмоционалды болу керек, бірақ кейде студенттер мен мектеп оқушыларына 


- 7 -
Аргумент түрлері
психологиялық агрументтерді логикалық түрлерімен ауыстыру оңайырақ 
болады. 
Аргументтер нақты және анық болу керек: эсседе аргументтеудің
болуы эссені бағалаудың, оның нәтижелілігінің негізгі критерийлері болып 
табылады. Мәселе, әрине, аргументтердің санында емес, қозғалып отырған 
аргумент пен тезис арасындағы тығыз байланыстың болуында. Аргументті 
эссенің құрылымы 3 аргументке негізделеді, сондықтан жаңа аргументтерді 
енгізу оғаш қате ретінде қарастырылуы мүмкін. 
Мәтінде төмендегідей клишелерді қолдануға болады: Бұны дәлелдеу 
үшін мынадай аргумент келтіруге болады... Мен автордың бұл туралы 
ұстанымымен келісемін... Мұндай ұстаныммен келіспеу оңай емес... т.с.с.
Аргументті эссе мәтінінің сипатына деген сыншылдық туралы мәселе 
басты назар аудартады: мәтіннің пікірталас тудырушылығын көрсете отырып, 
мәтінде салыстыру, қарама-қайшылық және сәйкестендіру (салыстыру) 
көрініс табу қажет екені анық. 


- 8 -
3-ТҰЖЫРЫМ: 
эсседе аргументтің әр алуан түрлерін қолдануға болады: логикалық, 
психологиялық және иллюстративті, алайда логикалық аргументтерді 
қолданған орынды болып табылады: бұл дәлелділік ретінде белгілі 
болған эссе құру қағидасын бұзбайды. 
Біз эссенің негізгі тезисін ойластырып, тұжырымдағаннан кейін (ОСЫ 
МӘСЕЛЕ ЖАЙЫНДА МЕН НЕ ОЙЛАЙМЫН?), автор өзі қозғаған ережені 
ДӘЛЕЛДЕУГЕ ыңғайлануы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет