1. Эсседе аргументтеу (дәлелдеме) теориясының қандай элементтері қолданылу керек?



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата24.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#96383
1   2   3   4   5   6   7   8
тиімді бейімделудегі 
мектептің рөлін атап көрсеткім келеді.
Әрқашан тонуста болуға, сананың ақпаратты дұрыс қабылдауы үшін анық 
болуына көмектеседі. Ұйқының жетіспеушілігі ағзаның тез шаршауының 
себептерінің бірі болып табылады. «Тәні саудың – жаны сау» демекші, адам 
күн тәртібін дұрыс құру қажет. 
Ол қандай 
әдеттегі қателік? Мұндай қателікті мәтінде «тақырыпты 
ауыстыру» деп атайды: оқушы мектептің рөлі туралы, негізінен,
тренингтерді ұйымдастыру қажеттігі жайлы айтып келіп, соңғы сөйлемде 
ұйқының оқушы өміріндегі орнын сипаттайды. 
Азат жол мазмұнын құрудағы тиімді әрекет азат жол соңында аралық 
тұжырым жасау болып табылады.
Кез келген эссе авторы мазмұнның сәйкестігін тексеру үшін кілт сөздер 
әдісін қолдана алады: егер аргумент ретінде мектеп рөлі туралы идея 
қозғалған болса, онда тонус, ұйқы, ағза, ақпаратты қабылдау, күн тәртібі 
секілді кілт сөздер дәлелдемелік негіз тарапынан тиімді болып қарастырыла 
алмайды. 
Әрқашан тонуста болуға, сананың ақпаратты дұрыс қабылдауы үшін анық 
болуына көмектеседі. Ұйқының жетіспеушілігі ағзаның тез шаршауының 
себептерінің бірі болып табылады. «Тәні саудың – жаны сау» демекші, адам 
күн тәртібін дұрыс құру қажет. 
Осылайша, эссенің негізгі бөлімі оны құруға кеткен уақыттың және оның 
мәтіндегі маңыздылығының тарапынан айтарлықтай күрделі болып табылады. 
Ол тек логика заңдарын білуді ғана емес (логиканы ғылыми тұрғыдан 
білу деңгейінде емес, ең болмағанда үстіртін), сонымен қатар логикалық 
байланыстарды айқындаудың тілдік тәсілдерін де қажет етеді. 
Эссенің авторы ең бастысы сенімді болу қажет: өзі таңдаған аргументтер 
мен деректер оқырманды пайымдау логикасының, дәлелдеме стратегиясының 
(аргументтер мен деректер) дұрыстығына сендіре алу керек.


- 12 -


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет