1. Эстетикалық тәрбие берудің теориялық негіздері


Кіріспе Тақырыптың өзектілігі



бет2/10
Дата03.11.2022
өлшемі76,75 Kb.
#47120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Мемлекет басшымыз Қазақстан халқына 2020 жылғы жолдауында:
«Біз балалардың мектепке дейінгі жан-жақты даму мәселесін шешуіміз керек. Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды делінген. Өйткені қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі замануи талапқа сай болуы қажет. Сол себепті ұстаздар, әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек.Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. [1]:
Қазіргі кезедегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың творчествосымен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен, мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді.
Совет жазушылары – В.Маяковский, С.Маршак, К.Чуковский, С.Михалков, А.Барто, композиторлары – Д.Шостакович, С.Прокофьев, АН.Александров, Д.Кобалевский, М.Красев, М.Раухвергер, Е.Тиличеева, Т.Потапенко, суретшілері – Н.Жуков, А.Пластов, А.Каневский, Е.Чарушин балаларға арналған көптеген тамаша шығармалар тудырды.
Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық жақтарымен өзара әрекеттес.
Ақыл-ой және дене жағынан толық даму, моральдік пәктік және өмір мен өнерге деген белсенді қарым-қатынас адамгершілік жағынан жетілуі көбінесе эстетикалық тәрбиеге тәуелді болып келетін кесек тұлғалы, жан-жақты дамыған адамның жеке басын сипаттайды.
Сәбилік шақтағы көркем әсерлер күшті және есте ұзақ уақытқа, кейде бүкіл өмір бойына сақталады. Баланың көркемдік дамуының ойдағыдай болуы үшін педагог оның жасына сай балалар іс-әрекеттері мен көңіл көтерулерінің түрліше формалары мен түрлерін пайдалану қажет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді. [2]
Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды, қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынуы қазіргі кеззде өзекті болып отыр,сондықтанда курсыттақ жұмысымның тақырыбын Кіші мектеп жасындағы оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру деп алдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет