1. Эстетикалық тәрбие берудің теориялық негіздері


II.Бастауыш мектеп оқушыларында көркемдік-эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың жолдары



бет6/10
Дата03.11.2022
өлшемі76,75 Kb.
#47120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
II.Бастауыш мектеп оқушыларында көркемдік-эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың жолдары
2.1.Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың алатын орны
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында білім берудің басты міндеттерінің бірі оқушының “айналадағы дүниемен дара – тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық адамгершілік нормаларын меңгеруін” қамтамасыз ету екендігі атап көрсетілген.Бұл бастауыштағы ана тілі пәніне де қатысты міндет. Өйткені дәл осы құжатта атап көрсетілгендей. “Ана тілі – бастауыш мектептегі негізгі де маңызды пән, адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі, қарым-қатынас жасау мен дүние танудың құрамы, баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы … Оқушының адамгершілік және әсемдік эстетикалық сезімдерін қалыптастыру құралы”.Әдебиет сабағында оқушылардың қиялын дамытуға үлкен мүмкіндік бар. Егер біз әдебиетті көркем өнермен, музыкамен, табиғаттың тікелей өзімен интеграциялау арқылы бере білсек, бала олардың оқиғасына, кейіпкерлердің тағдырына ортақтасады, көркемдігін терең сезініп, жүрек тебірентер әсерін бойынан өткізіп отырады, ал бұның өзі – бала қиялының шарықтауына негіз болмақ. Осы жөнінде М.Жұмабаевтың пікірімен де келісеміз. “Жаныңдағы ойды, әсерді жарыққа шығаруға ынтаны бала не жаратылыстан алады, не маңайдағы адамдардың тұрмысынан алады, не өнерден алады. Әр бала бір жерге қамалмай, еркін жаратылыстың құшағында болсын. Экскурсияға бір жоспар бойынша барып, белгілі бір заттарды, көріністерді бақылау керек. Мысалы, көктің түсін, бұлттардың түрін, құмырсқаның ұясын, құстардың ұшуын, жапырақ, көлдердің түр-түстерін бақылау сықылды. Мұндай бақылау уақыттарында алған әсерлерін сөзбен жарыққа шығаруға ұмтылуы, һәм баланың аузына дәл, терең, сұлу сөздердің түсуі анық нәрсе дей келіп ғалым-жазушы ойын әрі қарай жалғастырады.“Өнер. Бала өнерден көп әсер алсын. Күй, ән тыңдасын, сұлу картиналарды көрсін, театр сахнасымен таныс болсын, кестелі әдебиет түрлерін тыңдасын. Осылай әсер алып, дағдыланған соң мұғалім бос әңгімемен емес, қарапайым, жұмсақ әңгімемен балалардың алған әсерлерін анық ұқтыруға тиіс. Сонда бала жалаңаш әсерлерін киіндіру үшін сұлу сөзді өзі-ақ іздейді, - деп М.Жұмабаев қиял процесін дұрыс қолдану арқылы табиғат пен көркем сөз байланысын, тұтастығын, олардың туу жағдайын ашып берді.Атақты педагог В.А.Сухомлинский оқу процесі мен тәрбие процесінің бірлігін сақтай отырып, көркем шығарманың, ауыз әдебиеті үлгілерінің, халықтың педагогика өнегесінің оқушыларды өздерін қоршаған ортамен, табиғатпен етене тұтастыратынын айта келіп, оны этико-психологиялық негіз деп көрсетеді.“Сенім мен қайырымдылықтың қайнар көзі бізді қоршаған ортаның сұлулығында”, - дейді ол. Құстардың қалай әндетіп, бұлақтардың қалай сылдырлайтынын естімей өскен, көк шөптің жер қыртысынан қалай жарып шығып келе жатқанын көрмеген, гүлдердің әсем бояуын тамашаламаған, батып бара жатқан күннің шапағының қарағайлы орманды алтындай түске бояғанын көрмей өскен ұрпақтың қиял сезімі тас қараңғы, соқыр, өлі жандарға ұқсас болып келеді. Мұндай сезімі селт етпес ұрпақтан қиялы қарыштаған ғалым да, сөзі сел боп аққан ақын да шықпайды.”Өйткені шығармашылық сезімді оятатын таңырқау мен қызығудың, сүйсінудің, ләззатқа бөленудің, ой-қиялдың анасы – табиғат.Л.В.Занков өзінің дидактикалық жүйесінде психология ғылымында әсерленуге эмоцияға берілетін сипаттамаға сүйене отырып, ең тиімді әдістеме ретінде оқушының әсерленушілік – еріктік жан дүниесіне, рухани қажеттігіне қозғау салатын әдістемені жақтайтынын атап көрсетеді және өзінің дидактикалық жүйесін осындай әдістемемен құрдым деп есептейді.Әсерлену – субъектінің көңіл күйін, объектіге деген қатынасын бейнелейді және рахаттану, жирену, шаттану, жабырқау, қуану, қайғыру т.б. сияқты адам жанындағы қарама-қарсылықты сапаны, яғни оң немесе жағымсыз өзгерістерді көрсетеді. Осымен байланысты – адамның психикалық әрекетінің және дүниеге қатынасының түріне қарай интеллектуалдық, моральдық, эстетикалық әсерлену болып бөлінеді.Көркем шығармалар көркем образдар, суреттер, сипаттаулар мен тілдің бейнелі құралдары арқылы сана мен сезімге, психикаға әсер етіп, адамда эстетикалық, адамгершілік әсерленуді тікелей туғызады.“Әдебиеттің басты міндеті оқушының сезіміне әсер ету, сол арқылы жақсы қылыққа, мінезге баулу, өмірдің сырын аңғарту. Әдебиет арқылы бала бойына жұғатын жақсылықтың бәрі осы жолмен келеді”, - дейді С.Қирабаев. Әдістемелік әдебиеттерді талдау барысында эстетикалық тәрбие туралы көп пікір айтқан адам Ы.Алтынсарин екенін байқадық. Оның бұл тақырыпта жазған еңбегі – “Хрестоматия” оқу құралы.Хрестоматияға енгізілген қай шығарманы алмайық, адамгершіліктік, танымдық дидактикалық бағытты ұстайды. Барлығында да автор достыққа, шыншылдыққа, ұстамдылыққа, қызығушылыққа, адал еңбек етуге, туған жерін, елін сүюге, табиғаттың ғажайып сұлу көріністерін сезіммен қабылдауға, ата-ананың ақыл-кеңесін тыңдай білуге шақырады. Оны “Бай баласы мен жарлы баласы” әңгімесінен Үсеннің қиналған кезде әкем айтушы еді:”далада жүріп адассаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады” – деп әркез әкесінің кезінде айтқан ақылын, ұлағатты сөздерін еске түсіруінен-ақ байқауға болады.Сонымен бірге осы әңгімедегі “…қырдың жығылар асты үлкен көл екен, көлдің айналасы да, іші де жыңылдаған мал; жағасындағы жібектей жапырылған көкорай қора-қора қой мен жылқы, жылқының бір парасы көл ішіне кіріп, белінен құраққа кіріп тұр, енді бір жақ жағасындағы сортаңда бір топ түйе жатыр” деген табиғаттың тамаша көріністерінің суреттемесі балаларды, оларға деген эстетикалық қатынасқа тәрбиелейді, қуаныш сезімі мен шабытын оятады.Хрестоматияда халықтың тұрмыс-тіршілігіне, өміріне, іс-тәжірибесіне байланысты туындаған мақал-мәтелдерге де аса назар аударылған. Ондағы бейнеленген ізгі-ниетті, арман-тілекті, ақыл-кеңесті, өсиет, сенімді Ыбырай балалардың эстетикалық тәрбиесінде ұтымды пайдалана білді. Тіпті өзінің өлеңдерінде, ертегі, аңыз - әңгімелерінде, орыс достарына жазған хаттарында да мақал-мәтелдерге жүгініп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет