1. Эстетикалық тәрбие берудің теориялық негіздері


Бастауыш сынып оқушыларының сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары



бет5/10
Дата03.11.2022
өлшемі76,75 Kb.
#47120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары
Есімі соңғы кездері жұртшылыққа мәлім бола бастаған Ө.Тілеуқабылұлы “Шипагерлік баянда” жан сұлулығы мен тән сұлулығы жайлы біраз пікірлер айтқан. Адамның жайдары мінезі, сөйлеу шеберлігі, әдемі киінуі, денесін жинақы ұстауы оны көркемдікке баулитындығын айта келіп былай дейді: ”Әр пенденің тұлғалық бітімі бет әлпеті, өз түсі, ылпалық киім жарасымы: мінездемелік ұнасымды тақілеттер бір-бірімен айқындық парықталыс белгілеп танымал кісілер көргеннен жазбай танитын бітіске ие болуы жарақтық".
Ғұлама адамның киген киімі қонымды әрі жарасымды, таза болса, оның көңілін көтеріп, жанының жайдарлы болуына себеп болады дейді: ”Пенде көркі,- деп жазды ол,- ылпалық жарастылық, яғни жапырақтық, жарасақтылық … “ дей келіп, ылпа әрі толық, әрі орамды, әрі жылы, жарасымды әрлі болмағы мен сәнді болмағы шарт…”.
Ортағасырлық шипагерлік бұл арадағы негізгі түйіні – адам денесі таза, кірқожалақтан аулақ болса, одан түрлі жаралар аулақ жүреді. Сондықтан да баланы жас кезінен тазалық сақтау әдетіне дағдыландыру қажет.
Дене тік және сұңғақ болып қалыптасуы бала үшін ат үстінде мығым отыруы, жүріс-тұрысын үнемі бақылап отырғаны абзал.
Ғұлама дененің көркем болып қалыптасуы үшін мынадай кеңес береді. Тамақты жемеу, өйткені ол дененің терлеп, әрі жағымсыз иіс шығаруына себепші болады. Адам көбінесе жеміс-жидектерді көбірек жеуді әдетке айналдыру қажет. Дала ойшылы тамақты көп жеген адам рабайсыз семіреді, сөйтіп тән сымбаттылығынан айрылады дей келіп, “ішуі жаманның, тышуы жаман”, “Жөнсіз ас кекіртеді, одан қалса семіртеді” дегендей тұжырымдар жасайды.
Орта ғасырлардағы келесі бір қазақ ғұламасы шежіре-тарихшы Қадырғали Жалаири, ұлың батыр болсын, ал қызың көркем сұлу болсын дейді. Оның осы түйіні Құран Кәрімдегі ер адамның күші мен көркі, зеректігі мен батырлығы үйлесіп жатуы тиіс дейтін қағидалармен үндеседі. Ал, қыз баланың жайдарлы, сымбатты болуы өмірдің сәні және ұрпақтың көркем болып жалғасуының негізі. Ғұламаның, - “Үйдегі нәрселер үй иесіне сай” деуінің өзінде де үлкен мән жатқан жоқ па? Мәселен, кейбір салдыр-салақ тұратын отбасынабара қалсаң дүниелері шашылып, шаң басып, бөлмесі қолаңсып жатады. Үй ішіндегілердің ұқыптылығы мен тазалығы жан мен тән сұлулығымен орайласып жататындығы белгілі.
“Адам эстетикасы” дегенде біз нені түсінеміз?
Енді осыған тоқталайық:
1. Сыртқы келбет (түр-тұрпат). Сән.
Сыртқы келбет пен мінез-құлық тығыз байланысты. Ол туралы:”әлем-жәлем киім”, “тұрпайы, арсыз түр”, “жасанды күлкі”, т.б. тіркестер жоғарыдағы ойымызды дәлелдей түседі. Адамның сыртқы түрі, келбеті оның мінез-құлқына адам мәдениетінің бір бөлігі ретінде кіреді. Оның үстіне, көбінесе, адамның мінез-құлқы оның сыртқы түрінен, киім киісінен, жүріс-тұрысынан, т.б. көрініп отырады. Мысалы, адамның театрға джинсы шалбармен келуі – мәдениетсіздік және әдемілік емес.

Сыртқы түр деп нені айтамыз? Бұған кіретін құбылыстар: киім, фигура, келбет, бет-әлпетінің өзгерісі, дене құрылысы, бой, салмақ, мүсін (“Фигура” сөзі латын тілінен аударғанда “сыртқы түр”, “бейне” дегенді білдіреді).Мүсін – адам денесінің әдеттегі, үйреншікті қалпы. Шағын бойлы, сымбатты, мүсінді адам бойлырақ көрінеді. “Қайындай сұлу, сымбатты”, “мүсінсіз ат сиыр сияқты”, т.б. тіркестер – бұған дәлел. Мүсіннің дұрыс болмауы денсаулыққа әсер етеді, тынысты тарылтады. Иықты тіктеу, ішті тарту, басты жоғары ұстау, бұғақты шығармау, аяқты сүйретпеу, т.б. Міне, мұның бәрі – дұрыс мүсіннің элементтері. Мүсін жаттығулар, гимнастика арқылы қалыптасады. Шығыста көбінесе жүкті төбесіне қойып тасу қанқаның түзелуіне септігін тигізеді деп саналадыМүсінді де, мүсінсіз де адамдар бар. Артық салмақ олардың көңіл-күйін бұзады.


Мысалы, Америкада 42 жастағы Уолтер Хадсоннің салмағы 550 кг (мәліметтер 1988 жылы алынған). Көптеген артистер өздерінің салмағының артып кетпеуін қадағалап отырады. Олардың кейбіреулері қызық нәтижелерге жеткен. Мысалы, 47 жастағы Рэкел Уэлч 168 см боймен 50 кг-ға төмендесе, Жаклин Биссеннің бойы 170 см, салмағы 54 кг.
Артық толысудың себептері:
Кең тараған себебі – тамақты көп ішіп, аз қимылдау. Қарапайым халық жалқау адамдар толық (семіз) болады деп санайды.
Жасы ұлғаюы себепті зат алмасудың бұзылуына байланысты ауру.
Баланы сәби шағында күшті тамақтандыру семіздікке алып келуі мүмкін.
Балаларды шектен тыс тамақтандырмау керек.
4. Тұқым қуалаушылық.
Адам өзінің пішінін қадағалауы қажет. Әйелдер кейде сәнді, әдемі көйлектер тігеді, шаштаразға барады, беттерін әрлейді, ал пішіндері туралы “ұмытып кетеді”. Шын мәнінде мүсінді, сымбатты болу - әдеміБұл бастауыш сатыдан бастап, бала санасына құйыла беретін мәселе.Сыртқы түр, киім, шаш, т.б. туралы сөз еткенде жазушы А.П.Чеховтың “Адамда бәрі де әдемі болуға тиіс: келбеті де, киімі де, жаны да, тәні де” деген сөзін еске алмауға болмайды.Мінез-құлықтың мәдениеті тек өзінің келбетімен, түр-тұрпатыңмен ғана адамдарға жағымды әсер қалдыра алуыңмен анықталады. Киім жақсы тігілген, үтіктелген, аяқ киім тазартылған, шаш таза, көзқарас жылы, тілектес, бетті әрлеу мен иіс-су шамасынша болуы керек. Кеште сәнді киім, жұмыста спорттық киім болғаны дұрыс, керісінше емес. Мінез-құлық үлгісін де байқау, сақтау қажет.Мәселен, күлкі қарапайым болуы тиіс. И.Мержаев жазғандай:”Ауызды кең ашып күлуге болмайды. Сықылықтап күлу, басқа да айналадағы жұрттың мазасын алатын күлкілер сияқты орынсыз”.
3.Этикет. Этикеттің негіздері.“Этикет” сөзі француз тілінен алынған, “мінез-құлықтың белгіленген, тұрақталған тәртібі”, “қоғамда қатынаса білудің түрлері” дегенді білдіреді.Қоғамның дамуының басында ешқандай этикет болған емес. Ежелгі Римде император Цезарьға “Цезарь” деп сөйлеген. Императорлық биліктің әрі қарайғы даму сатысында оған қаратып сөйлеудің ерекше ережелері жетіле бастады.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу адамның темпераментін ескере отырып, оның мінез-құлқының жағымды жақтарын қалыптастыруға және адамның өзгелермен қарым-қатынас жасауы үшін кедергі жасайтын қажетсіз қасиеттерін жете білуге келіп тіреледі. Мінездің кейбір сипаттарын қарастырайық.Сыпайылық – бұл адамдарға деген құрмет. Ізгі ниетті қарым-қатынас. Сыпайылыққа – дөрекілік, дөкірлік, тұрпайылық, арсыздық қарама-қайшы. Қарым-қатынаста сыпайы болғаны адамды айналадағы адамдар жоғары бағалайды, ал мұндай қасиет сыпайы адамның өз басына жеңіл болады, себебі туысқандарға, достарға, таныстарға:”Рахмет! Қайырлы таң!” деп айту аса қиын емес. Сол себепті де “Ештеңе де сыпайылық секілді жоғары бағаланбайды және оңай берілмейді” деген сөз бар.Әдептілік, өнегелік – бұл өзіңізді басқа адамның орнына қоя білушілік.Бұл – жеке және қызмет бабындағы қатынастарда шама-шарықты білу сезімі. Өнегелі адам басқа адамдардың қасиеттерін кемсітпейді, ал биязы, сыпайы адам өз қасиеттерін сыйлайды. Өз пікіріңді біреуге күштеп танытуға, әбес сұрақтармен адамның жеке өміріне араласуға, мазасын алуға болмайды. Басқа адамның хаттарын оқу, сізді қанша қызықтырып тұрса да, адамға тесіле қарау дұрыс емес.Егер қонақ абайсызда ыдысты сындырып алса, оған ренжігеніңізді көрсетпегеніңіз абзал. Әрине, қуанышты да, көрсетудің керегі жоқ. Кінәсін мойнына алып, өкініп, жазасын тартқаннан кейін де адамға оның кінәсін айта беру - әдепсіздік. Жасаған қайырымдылығын, жақсылығының үшін үнемі алғыс айтқызуды талап ету де - әдепсіздік. Өзіңіздің таныс адамыңызды қолайсыз жағдайда көріп қалсаңыз, оны байқамаған қалып танытыңыз және оны есіңізге алмаңыз да.Тілектестік, жақсылық тілеушілік басқаларға көмек беріп, олардың жайын түсініп, қайғысына ортақтасу, сол сияқты олардың табыстарына қуана білуден көрінеді. Күншілдік, қызғаншақтық – бұл басқаларға да табыс пен бақыт тілемеу. Қызғаншақ адамның басқаны күндеуден басқа қолынан ештеңе келмейді. Қызғаншақ адамдармен достаспауға, араласпауға тырысыңыз.Ойын кезінде немесе сеанс үстінде әңгімелеспейді және түсінік бермейді. Тек тыңдап, көру керек. Тіпті, егер бағдарлама қызық болмаған жағдайда сыпайылық үндемей отыруға міндеттейді.
3.Киім туралы.
Киімге қойылатын бірінші талап – мұнтаздай тазалық. Киім, шаш, тырнақ, мойынның, т.б. қайсысы болса да бәрібір. Ұқыпсыздық, кір, таза еместігін сезіну, әр уақытта қолайсыздыққа туғызады және айналадағыларды сыйламаушылықты білдіреді.Бастауыш сатыда эстетикаға эстетикалық талғам қалыптастыратын жол-ол-көркем шығармалар.Көркем шығармалар негізінде экологиялық, этикалық, эстетикалық мұраттарды оқушылардың табиғатқа ізгілік қатынасын қалыптастырумен тұтастықта қарастыру белгілі бір методологиялық жүйені талап етеді. Көркем шығарманы жалпы эстетикалық дүниетаным тұрғысынан қабылдау моделін жасау оның рухын тұтас қалпында оқушы бойына сіңіруге мүмкіндік береді.Осы орайда зерттеу мәселесін жүзеге асыруда сабақта белгілі бір ұстаным болуы қажет. Көрнекті ғалым М.Н.Скаткиннің “Дидактиканың даму тарихы білімінің мазмұнында, сипатында, дүниетанымдық қызметінде, ойлау ерекшеліктерінде де көрініс табады”,- деп айтқанындай сабақ үстіндегі оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру сияқты дүниетанымдық сипаттағы оқыту принциптері сияқты оқушылардың табиғатқа ізгілік қатынасын қалыптастыра оқытуды арнайы принцип ретінде тануды қажет етеді.
Адам тек ақыл-оймен ғана емес, -сезіммен де өмір сүреді. Сезім – біздің дүниені қабылдауымыздағы, оны түсінудегі, өмір сүрудегі, болашақты ойлаудағы, дүниені жасап құрудағы қабілеттің бөлінбес бөлшегі. Адамзат жасаған ақыл-ой, білім, ғылым, тәжірибесі адамға қандай керек болса, ғасырлар бойы сұрыпталып, шыңдалып, әсемделіп жеткен сезім тәжірибесін білу де соншалықты қажет. Дүние туралы, әлем туралы ғылым мен білім мыңдаған жылдарда қалыптасқан болса, адамның сезім арқылы білінетін оларға қатынасы да соншалықты ұзақ уақыт қалыптасқан.Сол қалыптасқан қатынастар мен сезімдердің материалдық көрінісі көркем өнер адам сезімі мен қатынастарын ізгілендіруде бай тәжірибе жинақтаған. Сол тәжірибені пайдалана отырып, әдебиет сабағында адам жанын адамгершілік, ізгілік деңгейге көтеріп, сезім мен қатынас мәдениетін қалыптастырамыз.Әдеби – теориялық білім де, әдебиеттің тарихы да қанша жетілдірілген деңгейде меңгерілгенімен, мектептегі әдебиет пәнінің мақсаты мен мәні бола алмайды.Әдебиеттің тарихы мен теориясы әдебиетшіні ғана дайындайды, оларда әдебиеттің ана сүті, жүрек қылын шертер нәрі жоқ. Әдебиеттің ана сүті – оның мәнінде, ондағы сұлу суретте, ой-сезім бірлігінде. Әдебиеттің мәні ғана адамның жан сезімін байытады. Әдебиеттің мәнін түсінген, сезінген ұрпақ қана оның адамгершілік – эстетикалық мазмұнымен сусындап, оның ана сүтіне қанығады, тойынады, сөйтіп ғасырлар бойында қалыптасып, дамып, сұрыпталып келген сұлулық сезімі тәжірибесін меңгеріп, әдебиетті танып білуге әрқашан дайын болады. Сол арқылы өзінің өмірге, адамзатқа, табиғатқа ізгі қатынасын құруға қабілеті артады.
Көркемөнердің ғылымнан айырмасы – ғылым заттар өзін зерттесе, көркемөнер сол затқа адамның қатынасын қалыптастырады. Ал адамзат қатынастарының бай тәжірибесін күштеп меңгеруге болмайды. Меңгеруші адамның қабылдап отырған сезім мен қатынасты өзінің өмір тәжірибесімен тектестіріп, күйініп – сүйінуі арқылы өз бойынан, өз жан дүниесі елегінен өткізу арқылы, көңіл-күйінің толғаныс-толқындары аясында ықтиярлы тап білмек, сөйтіп өз игілігіне, өз қазынасы айналдырмақ.
Білім мен сезім тұтастығы (синтезі) - әдебиет сабағында оқушының табиғатқа ізгілік қатынас тәжірибесін қалыптастырудың методологиялық арнасы бола алады.Өнер арқылы ғана сезім мен білім бірлігі болып табылатын қатынас ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады, өнер арқылы ғана адамнан адамға беріліп отырады. Ол – тек өнерге ғана тән бірлік. “Өнер дегеніміз – сезім техникасы”- деп, П.Л.Выготскийдің өте ұтымды айтқанындай, өнер адам сезімдерін зерделейді, қалыптастырады, сау әрі таза болуын қамтамасыз етеді.Бірақ бұл қызметін тек табиғатқа, дүниеге жан бітіру арқылы ғана, адам мен сол жанды табиғаттың тұтастық қатынасы арқылы ғана жүзеге асыра алады. Көркемөнердегі табиғат – кәдімгі табиғаттан да, ғылымдағы табиғаттан да, өзіндік ерекшелігімен бөлек дүние. Кәдімгі табиғаттан айырмасы – көркемөнердегі табиғат автордың көзқарасы бойынша мейлінше әсемделген, түрлендірілген, белгілі бір мақсатта сұрыпталған. Ал, ғылымдағы табиғат – кәдімгі табиғаттың сол қалпындағы күйі болса, көркемөнердегі табиғат, яғни сезім мен қатынас тудыратын табиғат.Ғылым сендіріп, дәлелдеп, ақиқатты өз болмысында танытып оқытса, көркемөнер сүйіндіре, не күйіндіре ақиқаттың ішкі рухын жұқтырып, адамның тек санасын ғана емес, бүкіл жан дүниесін баурап оқытады.Әрине, көркемөнерде де дәл және нақты білім мен іскерлік қажет. Алайда өнер тарихы, оның сырлары туралы білім, ақпарат қалыптасатын іскерліктер өнердің негізгі оқыту әдіс – тәсілін алмастыруға тиіс емес. Егер ол ұзақ уақыт және ұдайы алмастыратын болса, онда баланың көркемөнерді, әдебиетті қабылдау қабілеті дами алмайды.Өйткені шығарма әлеміне ену – көркемөнерді қабылдаудың негізгі заңы. Ол көркемөнерді танып білу, сезініп түсіну әдістерін айқындайды. Оқушылардың дүние, адам, шығарма – нені болса да тұтастықта қабылдауға бейім келуі – оларды шығарма әлеміне тарта оқытуға психологиялық негіз бола алады.
Оқушы осылай шығарма әлеміне ену барысында бастан кешкен сезімдері, білімдері, іскерліктері шығармашылық жұмысына жалғасып, көркемөнердің туу процесін сезінуге, оны көркем эстетикалық тұтас қабылдауына мүмкіндік қабілеттерін арттыра түседі. Оқушы білімі, іскерлігі, шығармашылық ізденіс әрекеттері әдебиет сабағының түпкі мақсатына қызмет етеді: баланың дүниеге, табиғатқа, адамға қатынас мәдениетін қалыптастырды.
Көркемөнерді оқумен үндес бұл заңдылық туралы Б.Неменский былай деп тұжырымдайды: “жалпы білім беретін мектепке білім, іскерлік және шығармашылық – түпкі мақсат емес, ол – көркемөнердің сырын меңгеруге, сол арқылы оны қабылдауға жеткізетін құрал. Білім, іскерлік, шығармашылық әдебиет әлеміне баланы апаратын ситуацияның элементтері болуға тиіс, сол арқылы оның адамзаттың адамгершілік-эстетикалық тәжірибесін игеру қабілеті ашыла түседі”.
Табиғатқа жан беріп, оны қабылдаушы адаммен біртұтас субъекті деңгейіндегі қатынасқа келтіріп, шығарма әлеміне тарта отырып, жан дүниесіне сіңіру арқылы адамның рухани игілігіне айналдыру суреткердің мұраты болса, оны Б.Д.Ковалевскийдің өзінің музыканы мектепте оқыту туралы еңбегінің эпиграфы етіп алған В.А.Сухомлинский сөзімен айтуға болады. “Мектептегі музыкалық тәрбие шын мәнінде музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу”. Шығарма әлеміне тарта оқытудағы мақсат – шығарманың оқиғалық арқауын ғана біліп алу емес, көркем әдебиеттің мәнін түсіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет