1. Эстетикалық тәрбие берудің теориялық негіздері



бет8/10
Дата03.11.2022
өлшемі76,75 Kb.
#47120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Gg

Тәжірибелік бөлім
264 мектепте 2 С сыныбында эстетикалық тәрбиеге байланысты «ана тілінен» пәнінен сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан


Сабақтың мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Баланы батырлыққа, еңбекқорлыққа, мейірімділікке, бауырмал-дыққа тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.
2.Білімділік: Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы мағлұмат беру, «Арыстан мен тышқан» мысал өлеңін оқып түсіндіру. Мәнермен оқу дағдысын жетілдіру.
3.Дамытушылық: Логикалық ойын, танымдық белсенділігін, қызығушы-лығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: үсіндіру, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық,сурет, арыстан мен тышқанның қуыршақ түрлері.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлем бергенде біз бір-бірімізге жылы жүзбен, шын пейілмен хал-жағдай сұрап, жылы сезімімізді білдіреміз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Әңгімедегі балалардың есімдері кім?
- Олардың әкесі Жапар неге сонша абыржыды, әбігерленді?
- Балалар анасының тапсырмасын қалай орындады?
- Олар кімге, қандай көмек беруге асықты?
- Оқиға қалай аяқталды?
- Осы әңгімедегі Жеңіс пен Бауыржан қандай балалар?
ІІІ. Жаңа сабақ.Кіріспе.
Бүгін, біз сендермен С.Торайғыровтың өлең шығармаларымен танысамыз. С.Торайғыров 1893 жылы дүниеге келіп, 1920 жылы дүниеден ерте қайтқан кемеңгер кісі. Соның өзінде балаларға арнап көптеген өлең, жыр кітаптар шығарды. Осы биылғы жылдың ішінде қандай өлеңін оқыдық?
- Оқып жүрген жастарға, Туған еліме, Арыстан мен тышқан. Осылардың ішінде бүгін «Арыстан мен тышқан» мысал өлеңін оқып танысамыз. Өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқытамын (2 оқушыға).
Сұрақ қою арқылы өлеңнің мазмұнын сұрап, әңгімелету. Өлеңді қара сөзбен әңгімелеп айту.
Сөздік жұмысы.Зиян-залал,зақым, азат—еркін, өз еркі өзінде, ерікті.
Рөлдерге бөліп оқыту . Сахналық көрініс.
ІҮ. Сабақты бекіту.Мысал өлеңге байланысты мақал айтқызу. Өздері шығарған өлеңдерін оқыту.
Ү. Сабақты қорыту.Оқушылардың өздеріне мінездеме бергізіп, Венн диаграммасын жасату. Тышқан мен арыстанға әр оқушы бір-бір сөзден мінездеме береді. Бір оқушы тақтаға шығып жазады.
ҮІ. Үйге тапсырма.Үйден С.Торайғыровтың өлеңін жаттап, өзіңше дәптеріңе суретін салып кел.
ІІ. Бағалау.
Шешендікке құрылған әңгімелерді, аңыздарды және өлеңдерді т.б. бастауыш сыныпта оқыту баланың тілін ұштайды, сөздік қорын байытады, өмірге көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады. Бастауыш сынып оқушысының жас ерекшелігіне сай таным мүмкіндігін, белсенді сөздік қорын қалыптастырып, сөйлеудің, оның ішінде шешендік сөйлеудің негізін игеріп, қарым-қатынас жасауда қолданып, әңгімелесуге, ана тілін құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеуге, шыншылдыққа және шығармашылық қабілетін дамыту.
Бастауыш сатыда аса қажетті пәндердің бірі – ана тілі. Осы ана тілі пәнінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді: “Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән – ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді”.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет