Қорытынды бөлім Эстеикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың ауқымды саласын қамтиды. Эстетикалық тәрбие – сұлулық тәрбиесі – баланың әдемілікке деген көзқарасын қалыптастыру процесі – бастауыш сатыдағы оқыту мен тәрбие жүйесінің негізгі буыны. Бұл жүйеде ана тілі пәнінің алатын ролі ерекше. Өйткені, көркем шығармалардағы жаратылыстың сұлу суретінен, өнер адамдарының өнегелі өмірінен, сөзбен жасалған сұлу үн, сұлу түс, сұлу өлеңдерден ләззат алмайтын адам болмайды. Тек сол сұлулықты көретіндей көз, еститіндей құлақ, сезетіндей сезім туғыза алу қажет. Бұл – бастауыш сынып мұғаліміне жүктелетін міндет деп есептеймін.Белгілі педагог М.Жұмабаевтың пікіріне жүгінсек, сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Осы арқылы бала дұрыс тәрбие алады.Қоғамның қазіргі дамуы педагогика ғылымының алдына тәрбиенің жан-жақты берілу міндеттерін қойып отыр. Бұл міндетті жүзеге асыру бастауыш мектептерде дұрыс тәрбие беруден басталады. Педагогикада тәрбиенің 8 түрі бар. Соның ішінде эстетикалық тәрбиенің алатын орны ерекше. Бала сұлулықты сезіну арқылы ғана жағымды қасиеттерді бойына сіңіреді.Балаларды эстетикалық сезімге баулу үшін, біз ең алдымен эстетикалық тәрбиенің мектепке дейінгі жастағы жүйелі, бірізді формада жүргізілуіне көңіл бөліп, және оны ұйымдастырудың жолдарын меңгеруіміз керек.Курстық жұмыста эстетикалық тәрбиенің түрлері, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру, дамыту жолдары көрсетілген. Ұсынылып отырған эстетикалық тәрбиені дамытудың жолдары практика жүзінде дәлелденген. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мақсаты - өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы балаларды жанын сұлуландыратын жақсы қасиеттерге бет бұрғызу, жаман қасиеттерден жирендіру. Бұл мақсатты іске асыру үшін бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге көркем шығармаларды пайдалану жөніндегі теориялық жағынан негізделген ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен дидактикалық кешендер құруды қолға алу керек.Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде эстетика, эстетикалық және эстетикалық тірбие сөздеріне толық сипаттама берілген және бастауыш сынып оқушыларын берілетін эстетикалық тірбиенің түрлері көрсетілген.Екінші бөлімінде бастауыш мектепте осы эстетикалық тәрбиені көркем шығармалар арқылы қалыптастырудың жолдары көрсетілген. Және әр түрлі ғалымдардың шығармаларынан мысалдар келтірілген
Қорыта келгенде, балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың көркемдік таным теориясын, әсемдік туралы, көркем шығарманың жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы, өнерге деген көзқарасы туралы жалпы түсініктер қалыптастырып қана қоймай, олардың сезінуін, талғамын және түйсік, қабылдау, қиял, зейін сияқты психологиялық процестерін қалыптастырамыз.