1. Эстетикалық тәрбие берудің теориялық негіздері


Бастауыш мектепте оқушыларға білім берудегі эстетикалық тәрбие беру мәселелері



бет7/10
Дата03.11.2022
өлшемі76,75 Kb.
#47120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Gg

2.2.Бастауыш мектепте оқушыларға білім берудегі эстетикалық тәрбие беру мәселелері... ...
Эстетикалық тәрбие өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін тигізетіні қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтаның, сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына бағытталған.Эстетикалық тәрбие – күрделі процесс. Сондықтан біз кейде "балаларды эмоциялы қабылдауға үйрету", "рахаттана білу", "сүю және ұмтылу", "қабілеттілік көрсету" деген сияқты тұжырымды сөздерді жадымызда ұстаймыз да оның қалай көрініс беретінін нақтылап отырамыз.Эстетикалық тәрбие жалпы педагогикалық процестен оқшауланып алынбайды. Бала өмірінің көп жақтарына бойлай енумен бірге ол балалардың адамгершілік, ақыл-ой дене дамуымен тығыз байланысты және олардың іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формаларында, ойын сабақ, тұрмыс, еңбек, мерекелер және көңіл көтерулер үстінде жүзеге асырылады. Эстетикалық қылықтардың табиғи үйлесімділігі еңбекке қоғамдық өмірге деген қарым-қатынаста әсіресе көрнекі байқалады.Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға мәнерлеп оқуға және айтуға үйретеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға қиялын дамытуға игі әсер етеді.Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін талғамын қажеттігін білдіреді.Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз керек.Жеке оқушының сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда: бет, киім, жан, ой - бәрі сұлу болу керек.Сонымен бастауыш мектеп оқушылыраның эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудің басты сүйеніші мұғалімдер мен ата-аналар. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, формаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп іске асырады.Эстетикалық тәрбиенің жеке жақтары арасындағы байланыстар зерттелінді және теориялық негізде негізделеді. Өнер және өмірдегі әсемділікті түсінуді үйрену үшін қарапайым эстетикалық әсерлердің, көру мен есту түйсіктерін жинақтаудың ұзақ жолынан өту қажет. Эмоциялық және танымдық процестердің белгілі бір шамада даму қажет.Ұсынылып отырған осы процестің өзіндік ерекшелігін – эстетикалық тәрбиенің тәрбиелеудің басқа жақтарымен тығыз бірлікте екендігін, баланың жеке адам ретіндегі адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуының динамикасын ашып көрсетеді.Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды, қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынады.Эмоция, қиял сезінуге жанасты шешілмеген проблемалар әлі де көп болғанымен эстетикалық әсерлену түрінде қоршаған дүние өзіндік реакцияның материалдық негізі болуы сөзсіз. Әр баланың қабілеттерінің дамуына әсерін тигізетін өзінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері бар. Орыс педагогтары өз жұмысында академик И.П.Павловтың нерв жүйесінің икемділігі туралы іліміне сүйене отырып, табиғи қасиеттердің бағытталған қалыптасу мүмкіндігін қолдайды.Дүниежүзілік педагогикада осы проблема жөнінде пікір таластары жүріп жатыр. Көптеген шетел психологтары мен педагогтары мақсатты бағытталған жетекшілік стандарттық дамуға қайшы келеді деп есептеді.Баланың жеке тәжірибесі өз заңы бойынша мұғалімнің ықпалына тәуелді емес бағытта қалыптасатын сияқты. Әрине тікелей әсер ету барлық балаларды біркелкі дамытады деп ойлау аңғалдық болар еді.Адамның жеке басының даралығы әр балаға өз қабілеттелегін неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көркем творчествода көрінеді. Алайда егер барлық балалар үшін жақсы жағдай жасаса онда, олардың әрқайсысы әлі келерлік эстетикалық іс-әрекет тәжірибесін ойдағыдай өзгертеді. Сондақ-ақ жалпы педагогика, технология, физиология қайраткерлері де С.Шацкий, П.Блонский, Е.Аркин, К.Корнилов, В.Гориневский өздерінің сөйлеген сөздерінде жаңа жүйенің бағалы тәжірибесін және творчестволық ізденулерунің бетін ашты.Бұрынғы педагогикалық теориялардың негізсіздігі дәлелденді. Бірақ тәрбиенің нақты формаларында, әсіресе көркем тәрбиеде олардың әсерлерінің зардабынан туған кедергіден өту оңай болған жоқ. Жекелеп айтқанда, баланың эстетикалық әсерленуі басқарылатын және қалыптасатын құбылыс дейтін оймен келісу қиын болды.Ғылыми зерттеулер мен озат тәжірибені қорыту негізінде мектептегі балаларға эстетикалық тәрбие беру жүйесі қалыптасып бітті, тәрбиенің барлық процесін баланың дүниеге келген алғашқы айларынан жеті жастан кейінгі психикалық және дене дамуының бірлігін көрсетуге, бала әрекетін ойын кезінде және сабақта, тұрмыста, еңбекте, әр түрлі қабілеттері байқала бастады.Педагогика эстетикалық тәрбиені өмірдегі және өнердегі әсемдікті қабылдау, сезіну, түйсіну қабілеттерін дамыту ретінде әсемдің заңы бойынша қоршаған дүниені жасандыруға өзі қатысуға ұмтылуын тәрбиелеу іс-әрекетке араласу және творчестволық қабілеттерді дамыту ретінде анықтап береді.Баланы қарым-қатынастағы жақсылық пен зұлымдықты ажырата білуге, формалар, сызықтар, үндер, бояулар әдемілігін қабылдауға үйрету дегеніміз – оның жанын жақсартып, тазартып, мазмұндандыра түсу деген сөз.Психологтар мен педагогикалық бірлесіп атқаратын зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл-ой және эстетикалық іс-әрекетінің, адамгершілік ерік қасиеттерінің деңгейі неғұрлым жоғарыланғанын көрсетті. Бұл сәби кезден – ақ байқала бастайды.Эстетикалық тәрбие жөніндегі баяндамалардың қызметі жалпы методикалық ізденістермен шектелмеген, мамандар жасады. Көбісі өнер табиғатынтамаша білетін және балалармен жұмыс жүргізу тәжірибесі бар адамдар еді: Г.Гошаль, В.Шацкая, М.Гумер, Н.Преображенский, Н.Даламонова және басқалар.Бала бармақтайынан-ақ айналадғы әсемдікке әсерлене қызығады. Талғау мен таңдауына дұрыс бағыт-бағдар бері алсақ онда оның талғамы да жоғары болып қалыптасады. Сезіну, түйсіну, қабылдау, дағдылану сияқты психологиялық процестер арқылы оның дарыны дамып жетіледі.Әсіресе, баланың табиғатқа қызыға құштарлануын қуаттап, эстетикалық бағдар бере білсек бала игілікті еңбек арқылы қалаған мақсатына жете алады."Өнерді түсінбейтін инженер-жаман инженер, қиялдауды білмейтін конструктор, конструктор емес, музыканы сезбейтін және поэзияның көркемдігін түсінбейтін ғалым дүниеден бос қалған адам. Сен кім болсаң да сенің өмірің рухани бай болуға тиіс, сен тамашаны көруге және оған сүйсіне білуге тиіссің".Әдемілікті сезіне жасай білуге – адам өмірін маңызды, бай және жарқын етеді. Жақсы кітаптарды, музыканы, сурет, көркемөнер, шығармаларын оқып шығуға, естуге, көруге қол жетті, апталар, айлар, жылдар бойы қуаныштарына бөлейді.Табиғаттың тамашаларына, тұрмыста адамдар арасындағы қарым-қатынасқа тырысу – зор пейілді, жақсы талғамды адамға тән творчестволық еңбектің әдемілігін түсіну. Асқан сұлулық тек қана ләззаттындырып, қуантып, әбден шаттындырып қоймайды. Ол адамның адамгершілік қасиетін арттырады және оны жоғарғы сезім мен ойларға және зор іске батылдыққа шабыттандырады. Тамаша әріптер мен бояулар дүниесі, поэзияның әсерлігі табиғаттың сұлудығы адам мінезі мен ісәнәң әдемілігі кімнің талабы, білімге деген құмарлығы, ақылы мен өткір сезімі бар, кім көп оқиды, байқайды, ойлайды, шыдамды – осы балалардың алдында жайнап тұрады.Алғашқы балалық кезден бастап әдемілікті сезіне, түсіне және бағалай білуі дамиды. "Әрбір адамның болашағы көп жағдайда балалық кезедгі есте қалғандарымен анықталады. Бұл біздің ең біркелкі және жандандыратын сусын бар табақ. Балалық шақтың елестері, сондай-ақ оқу жылдарындағы елестер – санылы өмірдің фундаменті, ол осы таза және жарқын күндер жөніндегі есте қалғандар - ұмытылмайтын барлық нәрселер сақталатын қойма сияқты", - дейді. Өзінің "Слово о молодым" деген кітабында асқан орыс мүсіншісі С.Т.Коненков. Өзінің балалық шағы жөнінде әңгімелей отырып: "Мен ешуақытта көркемөнер жолана түспес едім, егер бала кезде музыканы сүймесем", деп атап айтады. Баланың алғашқы кездестіретін адамы – оның анасы. Оның мейірімділігі мен жылы шырайлылығы, аналық жарқын сезімі, сыртқы ұқыптылығы мен жинақтылығы, оның бесік жыры адам сұлулығының ұмтылмайтын әсері қалдырады.Әрбір оқушының өзіне тән қасиеттерін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктерін дамытады, жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Тәрбие баланың дамуына ғана ықпал жасап қана қоймай, ол үшін даму дәрежесіне сүйенеді. Тәрбиенің міндеті "ең таяу даму зонасы" жасап, оның келешекте "көкейтесті даму зонасына" айналуын қамтамасыз ету. Балалардың жеке ерекшеліктерін типтік сипатын мінез-құлқына сәйкес жете білуі психологиялық негізде ұйымдастырып іс жүзінде іске асыру мүмкін емес.Қазіргі педагогикалық және психологиялық зерттеулерде, эстетикалық білім беру мен оны дамытудың әдіснамалық принципі оқу-танымдық әрекетті басымдықта игере отырып, тек соның негізінде ғана ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі деп дәлелденеді. Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыруда таныту, білгізу, оқыту, өмірдің өзі сияқты толассыз, тоқтаусыз құбылыс және солай болуға тиіс те. Өйткені мәселеге шыдап, бүгінгі интеллектуалды оқушының көзімен қарасақ, олардың ұлттық көркемдік түсінігін тәрбиелеумен өсірудің бірден-бір құралы.Оқушының рухани тілектеріне жауап табады, нәр алады, эстетикалық талабы мен талғамын есейтеді, өмір мен өнердің үйлесу, үндесу үлгісін тауып, тағылым сабақ алады."Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек" деген белгілі педагог К.Д.Ушинский көрегендігі педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық, эстетикалық талғамын тығыз қарым - қатынасты екендігі дәлелді.Жеке оқушыға жан-жақты тәрбие берудегі маңызды салының бірі эстетикалық тәрбие, мектептің эксперимент жұмысының негізгі міндеті, эстетикалық тәрбие оқушының рухани бейнесін қалыптастырады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет