3.Ертегіні оқыту әдістемесі. Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетиккалық әдеби қазына. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау.
Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы біраз көркем шығармаларды қамтыған. (Ертегілер, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, ғылыми мақалалар, очерктер). Көркем шығармалардың әртүрін оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Ертегілерді оқуда мына жағдайлар есте болғаны жө н:
- ертегіні оқу барысында «бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің де қажеті жоқ, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп, оның кейіпкерлерінің іс-әрекетіне бірде қайғырып, бірде қуанып, көңілденеді, қиялдау оларды армандауға үйретеді.
- Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде де ертегілердің пайдасы мол.
- Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ , бірден мазмұнын қызықты етіп, қысқаша айтып беруге болады.
- Ертегі оқушыларды жоспар жасауға үйрету үшін де қолайлы.
- Жануарлар жайында ертегілерді оқығанда дайындықтың онша қажеті жоқ.
- Кейбір ертегілерді пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақ та да балаларға орындатуға болады.
- Ертегінің композициялық ерекшеліктерін арапайым түрде бақылау жүргізіп ү йрету жұмыстары да жүргізілгені жөн.
- Бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.