1. Эстетикалық тәрбие


Тілдік төрт дағды (айтылым



бет4/7
Дата16.05.2023
өлшемі33,81 Kb.
#93864
1   2   3   4   5   6   7
3. Тілдік төрт дағды (айтылымтыңдалым, жазылым, оқылым)
Басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғы шарты – тыңдалым әрекеті болып табылады. Өйткені күнделікті өмірде оқушы көптеген ақпаратты сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну, сөйлеу әрекетін қалыптастырады.
Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, оқылым), яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселеге қатысты өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады. Айтылым дегеніміз не?
Айтылым тілдік төрт дағдының бірі және ол жазылым сияқты продуктивті дағдылар қатарына жатадыЯғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс тауып отырады. Қарапайым тілмен айтқанда, айтылым дегеніміз – өзге адамдармен қарымқатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін тілдік бірліктерді қолдану.
Ал тыңдалым дағдысы дегеніміз не?
«Тыңдалым – «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – «есту арқылы түсіну». Бұл айтылған не техникалық ақпараттарға жазылған аудио мәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғым».
Тыңдалым,айтылым мақсаты оқушыны: аудиожазбаның мазмұнын түсінуге, белгілі бір ақпаратты қабылдауға, мәтін детальдарын түсінуге, айтылған ойды толық түсінуге, сөйлеушінің сөзін еш қиындықсыз ұғынуға, ауызекі, анық құрылмаған сөйлеу тілін өзге адамдардың көмегінсіз түсінуге, бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадиобағдарламаларды еркін, түсініп қабылдауға, таныс және бейтаныс тақырыптағы сөйлесімнің негізгі ойын түсінуге, т.б. үйрету. «Жазылым» термині «жазу» (жазудың түрлері, әріптін жеке т.б.) деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа Біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» Шеңді білдіреді. Жазылым — тіл үйренуге қатысты қиын да күрделі жұмыс.Жазылым — тілдік тұлғалардын графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік матералының мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет. Жазылым біріншіден, әріптің, сөздің графикалык таңбасы болып іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үнішіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелейбайланысты жүзеге асырады. Оқылым - графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу.Оқылым, біріншіден, ой мен мидың жұмысына байланысты болса, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің ролі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушырманның қажетіне жарайды.


14-билет

1. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастырудың жолдары.


2.Екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерге арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі, олардың мәнін табу
3. Ертегілерді оқыту әдістемесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет