1. Этика туралы түсінік


Бақылауға арналған сұрақтар



бет3/16
Дата14.09.2022
өлшемі97,56 Kb.
#39099
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
іскерлік этика

Бақылауға арналған сұрақтар:
1.Этика дегеніміз не? 
2.Этика бойынша ізгіліктің қандай түрлері бар? 
3.Антикалық этикада неше мұрат анықталған? 
4.Әдеп дегеніміз не? 
Тақырып 3. Басшы қызметінің этикасы 
Негізгі сұрақтары:
Ұйымның этикалық нормалары және басшы этикасы. 
Ұжымдағы өзара тұлғалық қатынастардың этикалық нормаларын басқару. 
Басшының этикалық мінез-құлық нормалары. «Қиын» басшымен өзара қарым-қатынас этикасы. 
1.
 Ұйымның этикалық нормалары және басшы этикасы.
Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде 
туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер білім мен тәрбие мәселесіне 
жаңа көзқарас қалыптастыруды қажет етеді. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: 
«Адамгершілік» – адам бойындағы гуманистік кұндылык, әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік», 
«имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың дүниетанымында мінез-кұлықтың 
әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таралады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге 
түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атауға болады: адамды қастерлеу, сыйлау, 
сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, 
қанағатшылдық» – деген анықтама берілген.Адамгершілік принциптері әлеуметтік-
мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, жамандыққа да үйір емес. 
Адамгершілік белгілердің қалыптасуына ерекше әсер ететін факторлар бар.Адамның 
тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына қарым-қатынасынан байқалады. 
Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, 
түсіністік, тіл табысу, келісім, кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер 
қарым-қатынас жасауға үйренудің негізі болып табылады. Адам баласы шынайы 
махаббатпен туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап, құрметтейді, оның 
жақсаруына, көркейіп-гүлденуіне тікелей әрекет жасайды. Адамның тәрбиелілігі 
махаббат, достық, абырой, ар-намыс, білім, әдеп, салт-дәстүр, табиғат, яғни қоршаған 
дүниеге адами қарым-қатынасынан көрінеді.Адамға қатысты өмірлік қандай да бір 
мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, 
жағымды қарым-катынаспен, ал адамгершілікке жат қылық, тәрбиесіздікпен, яғни 
жағымсыз қарым-қатынаспен астасатыны белгілі. Сондықтан да адамдар бір-бірімен 
қарым-қатынас жасау кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым-қатынастың 
адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі, 
дөрекілік көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы адамгершілік белгісін 
танытады.Тәрбиенің мәнін түсіну – қарым-қатынасты ажырата білуге байланысты. Баланы 
үйлесімді жеке тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат ету – қарым-қатынасты шындық, 
мейірім, сұлулық тұрғысынан бағалай білуде. Мұның өзі бір-бірімен өзара байланысты, 
жеке тұлға, әрекет, қарым-қатынас сияқты тәрбиенің бөлінбес үш тірегін теңдей ұстау 
керектігін көрсетеді. Балалар әрекеттерін байыту қарым-қатынасты байытуға әкеледі. Ал 
бұл өз кезегінде тұлғаның прогрессивті дамуына жол ашады. Жағымсыз әрекеттер 
адамгершілікке жат нәрсеге үйрететіні белгілі. Сондықтан да балаларды жағымды қарым-
қатынасқа бағыттап, үйрету жөн болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет