1. Этика туралы түсінік


Басшының этикалық мінез-құлық нормалары. «Қиын» басшымен өзара қарым-қатынас



бет6/16
Дата14.09.2022
өлшемі97,56 Kb.
#39099
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
іскерлік этика

Басшының этикалық мінез-құлық нормалары. «Қиын» басшымен өзара қарым-қатынас 
этикасы. 
Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен тәжірибелік талап-
тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір 
сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбек 
сүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы 
мінез – осының бәрі этика қағидаларын анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда 
адамгершілік міндеттерге бағынады. Этика саналы адам болуды қалайды. Демек, 
басшылар осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби 
мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалалардың заңда 
жасалмаған тұстарын журналист өз ақылымен, сана-сезіммен ұғып, білуге тиіс. Ол 
адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды.
 
Бақылауға арналған сұрақтар: 
Ұжымның түрлері дегенді қалай түсінесіз? 
Басшының этикалық мінез-құлық нормалары? 
Этика – адамгершілік пен мораль туралы түсінік? 
Тақырып 4.Қарым-қатынас және оны басқару 
Негізгі сұрақтары:
Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық категория ретінде. 
Іскерлік қатынастағы коммуникативті мәдениет. 
Іскерлік қатынастың түрлері және оны басқару 
1.Қарым-қатынас 
әлеуметтік-психологиялық 
категория 
ретінде.
Қарым-қатынастағы 
адамдардың бір-бірінен алшақтағы-олардың мәдени, ұлттық дәстүрлеріне, бір-біріне деген 
сенімінің дәрежесіне байланысты. Қарым-қатынастың түрлерін төмендегіше жіктеуге 
болады: 
1. “Бет-перделердің байланысуы”- әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерін түсініп, 
ескеру ұмтылысы болмайтын формальды қарым-қатынас. Үйреншікті бет-перделер 
қолданылады, әігімелесушіге қатысты шынайы эмоцияларды жасыратын біртекті 
сөздердің, ым-ишаралардың жиынтығы. 
2. Басқа адамды қажет немесе кедергі келтіруші объект ретінде бағалайтын дөрекі қарым-
қатынас; егер объект қажет болса, белсенді түрде онымен қарым-қатынасқа түскісі келеді, 
ал егер де кедергі келтіретін болса, шеттетіп немесе дөрекі сөздерді қолдана отырып 
ызаланады. 
3. Формальды рөлдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесушінің жеке тұлғасына емес оның 
әлеуметтік рөліне көңіл аударылады.
4.Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктері мінезі, жасы, 
көңіл-күйі ескерілгенімен ісінің одан маңызы басым. 
5.Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар арасындағы өзара 
қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл түрінде кез-келген тақырып төңірегінде әңгіме 
өрбітуге болады. Сөздерді пайдалану міндетті емес, өйткені жақын қатынаста адамдар бір-
бірін ымынан, бет әлпетінен, көзқарасынан бірден түсіне алады. 
6. Манипулятивті қарым-қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерімен 
байланысты түрлі амал-айлаларды пайдалана отырып, жарамсақтану (қорқыту, алдау, 
арбау, мейірімділікті таныту). 
7. Зиялы қарым-қатынастың мәні оның затының болмауында, яғни адамдар ойындағысын 
айтқаннан гөрі, сол жағдайға сай нәрселерді айтуға тырысады. Адамдар бір-бірін 
қабылдау процесі қарым-қатынасының міндетті құрамды бөлігі ретінде танылып, 
перцепция деп аталады. Өзінің және басқа адамдардың жеке қасиеттерін танудың 
қисынды түрі – рефлексия, яғни кері байланыс құбылысы. бұл әрекет етіп отырған 
индивидтің өзінің серігімен қалай қабылданатындығын түсінуі. Қарым-қатынас күрделі 
әлеуметтік психологиялық процесс бола тұра төмендегідей негізгі каналдар бойынша 
жүзеге асады: сөйлеу тілі арқылы және сөйлеу тілінің қатысынсыз каналдары. Сөйлеу тілі 
қарым-қатынас құралы ретінде ақпараттың қайнар ретінде әрі әңгімелесушіге әсер ету 
тәсілі ретінде көрінеді. Басқа адамдармен қарым-қатынасында кез-келген адамның нақты 
әлеуметтік рөлдері бар. Алайда қандай рөлді иеленуі адамның өзіне байланысты яғни 
оның күшіне, әлсіздігіне, ақыл-ой деңгейіне, өзіне қатысты сыншылдығына, мінез-
құлқының икемділігіне байланысты. Адамның даралық психологиялық ерекшеліктері 
жоғары жүйке жүйесінің типімен анықталып, ең алдымен темперамент қасиеттерінде 
көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет