1. Этика туралы түсінік


Тақырып 9. Коммуникативтік процесс



бет15/16
Дата14.09.2022
өлшемі97,56 Kb.
#39099
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
іскерлік этика

Тақырып 9. Коммуникативтік процесс
Негізгі сұрақатар: 
Коммуникация туралы түсінік. 
Коммуникация түрлері және негізгі рөлдері. 
Коммуникативтік компоненттілік. 
Қарым- қатынастағы негізгі стратегиялар. 
1.Коммуникация туралы түсінік.Коммуникация – латын тілінен аударғанда, «қарым-
қатынас орнату, байланыс жасау, бір-бірімен араласу» деген мағына береді. 
Коммуникация қоғамның кез келген саласында кездеседі. Тіпті мектепте мұғалім мен мен 
оқушының байланысқа түсуін де осыған мысал етуге болады.ХХ ғасырда философтар 
коммуникацияны қоғамдық дамуға әсер ететін бірден бір күш деп түсіндірді. Осының 
негізінде ғылымда «әлеуметтік коммуникация» термині пайда болды. Коммуникация 
ұғымы дами келе, білім, техника, саясат салаларында кеңінен қолданыла бастады. Білім 
салаларындағы институттардың бір-бірімен қатынасы, екі елдің дипломатия орнатып
саяси мәмілеге келуі де коммуникация құрылымын кеңейте түсті.Ауызша және жазбаша 
сөйлеу тілінің ара қатынасы ұғымдық деңгейде күрделі бір сипатқа ие. Ол деңгей адамзат 
пен қоғам арасындағы байланысты көрсетеді. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің 
анықтамасы қарым-қатынас категориясы тұрғысынан сипатталады. Қарым-қатынас 
категориясын қоғамдағы субъектілердің (кластар, топтар және тұлғалар) іс-әрекетімен 
байланысының мықтап орын алыуымен түсіндіруге болады, қоғамдағы субъектілердің 
қызметінің, тәжірибесінің, қабілетінің, ақпараттың, білімділігінің және іс-әрекеттің 
нәтижесінің алмаса қолданылуы; тұлғаның және дамуы мен қалыптасуы тікелей жалпы 
қоғамдағы керекті жағдаяттарға байланысты. Ауызша және жазба категориялары болмаса 
қарым-қатынас жүйесі толық іске аспайды. Осыған байланысты қарым-қатынас жүйесін 
екіге бөліп қарастыруға болады. Бірінші қарым-қатынас типі – контактілі, екіншісі – 
дистантілі. Бұл қарым-қатынас түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары 
бар. Айталық, контактілі қатынаста сөйлеушілер тікелей уақыт режімінде байланысады, 
сөйлеуші мен тыңдаушы өзара ым, ираша, интонация арқылы да түсінесе береді. Ал 
дистантілі қатынаста сөйлеушілер қатар тұрмайды, олардың арасында белгілі бір кеңістік 
болуы мүмкін. Мәселен, телефон арқылы байланыста адамдар бір уақытта сөйлескенімен, 
аралары алыс болуымен ерекшеленеді. Сол сияқты хат, түрлі мәтіндер арқылы байланысу 
да дистантілі қатынасқа жатады. Радиода, теледидарда, интернетте бұл қатынас жүйелері 
алмасып қолданылады. 
Коммуникация туралы қысқа мағынада түсiндiрсек, ол адамдардың бiрiккен iс-әрекет 
барысында өзара қызығушылықтарымен, ойлары, көңiлкүйi, сезiмдерiмен алмасу фактi 
ретiнде түсiндiрiледi. Мұның барлығын ақпарат ретiнде қарап, коммуникация процесiн 
ақпарат алмасу процесi ретiнде түсiнуiмiз мүмкiн. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет