Москва, Бүкілодақтық халық шаруашылығы советінің бастығы
Куйбышев жолдасқа.
Жағдаймен таныстым, іске кірістім. Болжаудың бəрі расқа айналып барады. Жаңадан үш шахтаны бастадық. Көмірінің сапасын зерттеуге Донбасқа, Оралға жібердік. Үш жерден су қорын таптық. Жергілікті мүмкіндікті барынша пайдаланып жатырмыз. Бірақ, жетпей жатыр. Көмекті, алдымен темір жолды тез жеткізгенде ғана жұмыс қызады. Малшы қазақтар келе бастады. Оларды өндіріске үйретуге маман жұмысшылар керек. Көпшілік ұйымдарын құру керек. Төтенше шаралар қолдануды сұраймын.
13)Әзілхан Нұршайықов “Ақиқат пен аңыз” 457 бет 1978 жыл
Радио мен сол күнгі газеттерде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советінің «Əдебиет, өнер жəне архитектура саласындағы 1976 жылғы Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы» қаулысы жарияланды. Қаулыда əдебиет саласындағы Абай атындағы сыйлық «Ұшқан ұя» кітабы үшін жазушы Бауыржан Момышұлына берілгендігі көрсетілді.
14) Жүсіпбек Аймауытов “Ақбілек” 1927жылы, 135бет “Мен мағлұм қылушы сіздерден тіленемін: мені Әбен Матайұғлына білдірмесеңіз екен; Матайұғлының қаһары қатты еді. Мені сау қоймайды ғой.Дайу мағлүм бергуші.1920 жыл, 20 май.»Жылтыр арыз оқып болды да сұқ қолын ортан қолына тіреп, тырнағымен арызды бір шертіп қалды:— Міне, мынау 15 пакт, 15 статия көтіне тас байласа да, сүркілдетпей ме?! — деді.— Біз қайдан білейік, қара кісіміз ғой, — деп, Бекболат алақанын жайды. Өйткені мынау арыздан өзі де шошынайын деді.”
15)Сапарғали Бегалин “Бала Шоқан” 256-258беттер “Аса, құрметті Федор Михайлович!
Сізге осы хатты жазу үшін қолайлы сәтті пайдаланып қалуға асығып отырмын. Сіз жүріп кеткеннен кейін, Сіздің шаһарыңызда бір түнедім де, келесі күні таңертеңгісін жолға шықтым. Сол кеш мен үшін өте көңілсіз болды. Жаныммен сүйген және шапағатын көрген адамдармен айрылысу маған аса ауыр тиді.
Сізбен бірге Семейде өткізген азды-көпті күндердің көңіліме ізгі әсер қалдырғаны сондай, қайткенде Сізге таты да барып қайтсам деп армандап жүрмін. Мен біреуге бағышталған ықыласым мен сезімімді жазуға шорқақпын, оның керегі де болмас деп ойлаймын. Өйткені менің Сізге қандай “ықыласты екенімді және сізді қалай сүйетінімді езіңіз білесіз.
Көп ұзамай хатты толық және ұзақ етіп жазармын. Сіздің жауабыңызды күтемін. “Анна Андреевнаға Сіздің хатыңызды табыс еттім: оның өте разы болып қалған жайы бар.
Сіздің шын берілген қызметшіңіз Шоқан Уәлиханов».”