2)Сәкен Сейфуллин “Тар жол тайғақ кешу” 417 бет
1918 жылы 20 ноябрьде Семей уезінің Бес қарағай елінің қазақтары Әкбар, Бекбір Бәйтенұлдарынан, Ажыран, Диляфруз Бәйтен қатындарынан түскен арыз:
16 ноябрь күні Бәйтен Әлиұлының қыстауына соқыр қаласының (Корсускийдің) бес казак- орысы мен атаман Анненковтың әскеріне қараған бір отряд солдат келді. Отряд бастықтары екі офицер: біреуі орыс, біреуі қытай.
Орыс офицері Пасин Бәйтен Әлиұлын мылтықпен атып өлтірді. Барлық мал- мүлкін отряд талап кетті. Алған нәрселері ақшадай 20 мың сом, 65 384 сомдық әртүрлі нәрсе. Барлығы:
85 384 сомдық.
3)Ілияс Есенберлин Көшпенділер 3 “Қаһар” 95 бет
«Мәртебелі ұлуғ господин жанарал-губернатор хазратләріна 1
Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасым ұғылынан ғарызнама.
Сіздің ағзам хазрәтларыңызға мағлұм қыламыз, шунки менің тілегім екі патшалықтың халқы да тыныштықта өмір сүру еді, бірақ та сіздің адамдарыңызды өз жағыма шығарып алды деп сіз маған күмәнданатын көрінесіз. Менің айтып отырғаным мынау: біздің бабамыз хан Абылайға тиісті жерлерде сіз дуан салдырдыңыз және қазақ халқынан алым-салық аласыз, сөйтіп бізді қыспаққа салып отырсыз. Біз бұған риза емеспіз және алым-салық төлеп сіздің қарауыңызда тұра алмаймыз. Біздің басымызға туған күн Ресейдің басына туса сендер қандай күйде болар едіңдер? Сондықтан біздің жай-күйімізбен санасуларың керек.
әрине, мен Баянауыл, Қарқаралы һәм Ақмола қазақтарын өзіме қосып алдым, әлі де болса халқымды өз жағыма қоса берем деген ниетім бар; алайда қазақ халқы бұрынғыша өз алдына ел болып өмір сүрсе тіпті жақсы болар еді, сонда ғана сіз де, біз де тыныш өмір сүре алар едік.
Менің естуімше, сіздер бізді Қоқан һәм Бұқар хандығынан айыруды көздейтін көрінесіздер. Бірақ олар мұсылман заңы бойынша бізді қорғауға міндетті.
Екі ел тыныш, бейбіт өмір сүрсе бәрінен де сол жақсы болар еді. Бірақ дуанбасылары ел аралаған кезінде сиязға деп сылтауратып қазақтың жақсы ат, жақсы киім-кешектерін алатын көрінеді. Біздің мүлкімізді талан-таражға салуға тыйым болсын деген патша ағзамның заңы бола тұрса да, дуанбасылары қазақтардың айтқан арызын құлағына да ілмейді. Жуырда ғана Төртуыл болысының қазағы Азнабай мырзаның әйелін, екі келінін, қызын һәм бір жесір әйелді жаулап алып кетті. Бұлардың қайда екені әлі белгісіз.
Сізбен әрқашанда достық қатынаста тұруды көздеп мен мына төмендегілерді талап етемін:
1) Ақтау қорғанысы жойылсын;
2) Ақмола дуаны жойылсын;
3) Біздің жерімізге салынған сондай мекеме орындары тегіс жойылсын;
4) Қамауға алынған біздің адамдар һәм Қоңырқұлжа сұлтанға жіберілген екі адам босатылсын.
ёшпуны иландырмає Їшін мен сμлтан Кенесары јасым μ¬лы мЈрімді бастым».
Достарыңызбен бөлісу: |