5)Шерхан Мұртаза “Ай мен Айша” 134 бет
− Оқу қайда? Оқисың, ба өзің? − Оқимын.
− Қай класта?
− Биыл төртінші.
− Онда неғып мектепке бармадың?
− Бастық мұғалімнен сұрап алды.
− Тфу! − деді военком. Орысшалап тағы да бірдеңе айтты.
Одан соң бас-аяғымды тағы шолып тұрып:
− Неге жалаңаяқсың? Күн суық қой, − деді.
Жалаңаяқ екенім енді есіме түсіп, бәшпайларымды бурыл
тайдың қолтығына жасырмақ боп, қыса түстім. Бурыл тайдың жүні жып-жылы.
− Бәтеңкем бар. Үйде.
− Неге кимейсің?
− Әлден кисем тозып қалады. Қар түскенде киемін.
− Әкең бар ма?
− Жоқ.
− Шешең қайда?
− Жұмыста.
6)Ғабиден Мұстафин “Миллионер” 70 бет
— Жəй ма, қарғам, жəй ма?
— Жəй, апа. Ештеме жоқ. Неге сасып отырсың? — К,айдан білейін...
Ырысжанның жүрегі орныққан кезде Жанат жəй ғана сөзін бастады: — Осы мен бойжеттім бе, апа?
— Е, қарғам, құдай қойса...
— Бойжеткеннің белгісі не болушы еді?
— Өзім бойжеткенде əкеңе берді. Одан құдай сені берді. Сонан кейінгі сиқым осы.
Жанат шешесіне мейірлене қарап жымия бір күліп қойды.
— Бұл белгілер əр бойжеткеннен табылады. Мен, жынысым əйел болса да, ісім еркек болсын деп жүрмін. Сол белгі менде жоқ па. əлде көрмейсіздер ме?
— Неге көрмейік, қарғам. Тек тірі бол. Алтын айдарым емеспісің. — Алтын айдарға балшық жақса не болады?
— Кім жағыпты! Айтшы кім болса да.
7)Ілияс Есенберлин “Ғашықтар” 17 бет
Ғажап!Ұлбосынның бүгінгі көзқарасы — өзгеше көзқарас,өз қызығыма беріліп бағанадан бері аңғармаппын,көзінде соңғы кезде пайда болған мұңғана емес,бүгін зорқайғы бар екен.Ол менің сұрағыма асықпай жауап берді:
—Мен аурумын,Жантас.
—Қандай ауру?
—Әйел ауруы.Тездетіп үлкен хирургке көрінуім керек.
—Шерубайға неге көрінбейсің? Бұл сөздің аузымнан қалай шыққанын білмей қалдым.Жақсы хирург деп
жұрт мақтағансоң,шын көңіліммен айтқан едім.
Ол мысқылдай езу тарты.
—Менің ауруыма себеп болған солғой.
—Қалайша?.
Ұлбосынның көзіне кенетк екұшқыны пайда болды.Ол енді түрегеліп,
терезе алдына барды.
— Менің ауруыма да себеп болған,менің жас өмірімді де қор еткен сол!—
деді ол енді дірілдей сөйлеп,есіңде барма,алғашқы түні мен саган содан екі қабат болып қалған соң жұртан,әке-шешемнен ұялып безіп Қарағандыға келдім деп айтып едімғой.
—Ие.
Достарыңызбен бөлісу: |