1. Фармакогнозия негіздері туралы жалпы түсінік, фармакогнозия негіздерінің оқу пәні ретінде фармациядағы маңызы. Фармакогнозия – дәрілік өсімдіктерді, өсімдік және жануарлар (кейбір топтар) тектес дәрілік шикізатты, өсімдіктер мен жануарларды алғашқы өңдеудің кейбір өнімдерін зерттейтін фармацевтикалық ғылымдардың бірі.
Медицина үшін фармакогнозияның мәні, ең алдымен, дәрілік заттардың қазіргі заманғы каталогында шөптік препараттардың 40% -ға дейін болуымен анықталады. Тыныштандыратын, іш жүргізетін және қақырық түсіретін дәрілердің арасында, сондай-ақ көптеген басқа да препараттар топтарында шөптен жасалған дәрілер көп. Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы кейбір заттар емдік мақсатта тікелей пайдаланылмайды, бірақ тиімді дәрілік заттарды синтездеу үшін бастапқы материал ретінде қызмет етеді. Дәрілік өсімдіктер парфюмерия, косметика, тамақ және алкогольдік сусындар өнеркәсібінде де кеңінен қолданылады.
Фармакогнозия басқа фармацевтикалық пәндермен бірге фармацевттехнологтың кәсіби білімін қалыптастырады. Фармакогнозия деректеріне табиғи қосылыстардың химиясы және оларды талдау, сондай-ақ жеке және жиынтық өсімдік тектес препараттарды өндіру технологиясы негізделеді. Бұл пән бойынша студенттер өсімдіктердің морфологиялық топтары бойынша макро - және микроскопиялық талдау, дәрілік өсімдік шикізатын дайындау мәселелері, шикізат сапасын бақылау үшін сынама алу ережелері және "Табиғи дәрілік заттардың химиясы мен технологиясы" негізгі пәнін одан әрі оқуға қажетті дәрілік өсімдіктер мен дәрілік өсімдік шикізатын стандарттау негіздері сияқты бөлімдерді оқимыз.
2. Фармакогнозияда қолданылатын негізгі ұғымдар , терминдер мен анықтамалар. Фармакогнозия (грек. рharmakon - дәрі, у және gnosis - зерттеу, танып-білу) - дәрілік өсімдіктерді, дәрілік өсімдік шикізатын және алғашқы қайта өңдеуден өткен өсімдік шикізатын және алғашқы қайта өңдеуден өткен өсімдік және жануар текті кейбір өнімдерді зертейтін фармацевтикалық ғылымдардың бірі. Дәрілік өсімдік шикізаты деп дәрілік заттарды дайындау үшін шикізат болып саналатын кептірілген немесе жаңа жиналған өсімдіктер немесе олардың бөліктері мен мүшелерін түсінеді. Алғашқы қайта өңдеуден өткен өсімдіктер деп олардан алынған эфир және құнарлы майлар, қарамай (смола), шайырлар және т. б. айтады. Осы заманғы фармакогнозияда жануар текті объектілер бірлі-жарым (кейбір жануар тектімайлар, жылан уы, балл арасы тіршілігінің өнімдері).