5. ДӨШ алғашқы өңдеу, кептіру ережелері мен талаптары. Кептіру түрлері. ДӨШ жинаудың жалпы ережелері
1. Толық жетілген, шаң мен топырақтан тазартылған, ауруға шалдықпаған ДӨ жиналады;
2. Жинауды құрғақ, шуақты күні, таңғы шық кепкеннен кейін, 11 ден 17 дейінгі аралықта жүргізген тиімді.
Ылғал шикізатты жинау нәтижесінде:
- ДӨ қыздырылуы
- ферменттердің белсендірілуі
- және әсер етуші заттардың ыдырауы жүреді.
Құрамында эфир майлары бар шикізатты, таңертен ертерек жинайды, себебі жоғары температурада эфир майлары ұшыпкетеді;
Піскен жемістерді де таңертен жинайды, себебі жемістердің күнде қыздырылуы ондағы биохимиялық үрдістердің жылдамдауы мен жемістердің бұзылуына алып келеді;
Тезбөлінетінжемістер (легко осыпающиесяплоды)(зире жемістері) шық түскен кезде шикізатты жоғалтпау мақсатымен жинайды;
Улы өсімдіктерді арнайы дайындалған адамдар жинайды;
Шикізатты жинау мен кептіру арасындағы уақыт 2 сағаттан аспауы керек.
Енді ДӨШ бастапқы өңдеу кезін айтып кетсем:
Берілген шикізат түрін кептіруге дайындау алдында оның НҚ сәйкестігін тексереді.
Шикізатты зақымдалған және лас бөліктерден тазартып, сұрыптайды.
Жер асты мүшелерін жуады (кроме корней алтея, солодки и женьшеня)
Ірі тамырлары мен тамырсабақтарына көлденең және бойлай кесінділер жүргізіп бастырады.
Шырынды жемістерді 2-3 күн желдетілеген жерде қақтайды. Содан кейін алынған шикізаттарды кептіруге дайындалады.
Шикізатты алғашқы өңдеуден өткізіп болғаннан кейін кептіруге жібереді.Өсімдікті кептіру дегеніміз оларды сорғытып құрғату арқылы консервілейтін спецификалық әдіс.Жиналған дәрілік шикізаттың құрамы 70-90 %, ал кептірілен шикізаттың құрамы –10-15 (20) % ылғалдықтан тұрады.
Кептіру тәсілі мен тәртібін таңдауда ескеріледі:
1) шикізаттағы су көлемі;
2) шикізаттың морфологиялық – аналикалық құрылымы;
3) ферментативті жүйелер мен әсер етуші заттардың физико-химиялық қасиеттері.1) Құрамында эфир майлары бар шикізаттарды 30—35(40) « температурада кептіреді;
Эфир майларының ұшыртып алмау мақсатымен 10-15 см қалыңдықта ұзақ уақыт аралығында кептіру қажет, себебі сол уақытта биосинтез бен эфир майларының жинақталуы жүреді.2) Құрамында гликозидтері бар шикізаттарды 50—60 °С температурада кептіреді. 3) Құрамында жүрек гликозидтері бар шикізаттарды кептіруде, біріншілік кептіру t° - 60-70° С температурада жүргізіледі;
4) Егер шикізат – құрамында полисахариді бар жер асты мүшелері болса , онда жоғары температурады кептіруге тиым салынады, себебі беттік қабаттың карамелизациясы жүріп, ішкі қабатта ылғал қалуы нәтижесінде шіру басталуы мүмкін;
5 Құрамында алкалоидтары бар шикізаттарды 50 °С кептіреді;
6) Құрамында аскорбин қышқылы бар шикізаттарды 80-90 °С температурады кептіреді. Әрі қарай ферменттердің денатурациясын болдырмау мақсатымен температураны төмендетеді;
7) Бүршіктерді тек салқында кептіреді, себебі жылулы кептіруде олар бүршік жарады.
Жалпы өсімдіктерді кептірудің 4 әдісі бар:
1. Табиғи, бұл жағдайда шикізатты қағаздың немесе матаның бетіне жайып қойып жиі-жиі аударып тұрады.
2. Көлеңке кептіру, бұл жағдайда жақсы желденетін жабық ғимараттың ішінде кептіреді. Табиғи нақыштары сақталады.
3. Күн түскен жерде кептіру, бұл жағдайда өсімдіктер қабығы, тамырлары, тамырсабақтары, тұқымдары және жидектері кептіріледі.
4. Жылулықта кептіру (қолдан жылыту арқылы), бұл жағдайда температураны реттеп тұруға болады, шикізат тезірек кебеді.
6. Дәрілік өсімдіктерде биологиялық белсенді заттардың жиналуына әртүрлі факторлардың әсері. Медицинада дәрілік шөптерді пайдалану - олардың кұрамында биологиялық активті заттардың болуына негізделеді. Бұл заттар тірі организмде жүріп жатқан биологиялық процесстерге әсер етіп, дәрілік өсімдіктің негізгі терапевтикалық әсерін көрсетеді. Өсімдіктерден бөлініп алатын бірнеше биологиялық активті заттардың тобы белгілі: алколидтер, гликозидтер, эфир майлары, дубильді заттар, кумариндер, флавоноидтар, микроэлементтер, майлар және т.б.Бұл қосылыстар өсімдіктің әр-түрлі органдарында жиналады. Олардың мөлшері келесі факторларға тәуелді: климат, жергілікті экспозиция, өсімдіктің дамуының фазасы жане географиялық орны. Кейбір өсімдіктерде биологиялық белсенді заттар жерүсті бөліктерінде (бүршік, жапырақ, гүл, жеміс) жиналса, кейбіреуінде жер асты бойынша (тамыр) жиналуы мүмкін. Сол себепті, биологиялық активті заттарды бөліп алу үшін сол зат неғұрлым көп жиналған жерді алып, өңдеу қажет.
Дәрілік өсімдіктер белсенді әрекет етуші заттармен қатар организмге қосымша заттарды да алып келеді: ақуыз, пектин, көмірсу, шайыр, ферменттер, органикалық қышқылдар, микроэлементтер, гормондар және т. б. Бұл заттар фармокологиялық активтілік көрсетіп, организмге жақсы әсер етуі мүмкін. Қосымша әрекет етуші заттар организмге белсенді әрекет етуші заттардың сіңірілуі мен оның организмнен шығарылуына көмектеседі. Сонымен қатар организмдегі қан айналымын жақсартып, организмнің инфекцияларға қарсы тұруына көмектеседі.
7. Фармакогностикалық талдау - жалпы түсінік. Дәрілік өсімдік шикізатының шынайылығы мен сапалылығын анықтау әдістері. Фармакогностикалық талдау - ДӨШ шынайылығы мен сапалылығын анықтауға мүмкіндік беретін талдау әдістерінің кешені.
Ол мыналарды қамтиды: 1. Макроскопиялық 2. Микроскопиялық 3.Фитохимиялық(сапалық және сандық) 4. Тауарлық
Макроскопиялық талдау техникасы дәрілік шикізаттың сыртқы түрін қарусыз көзбен немсе лупаның көмегімен зерттеуге, оның жеке бөліктерін өлшеуге, органолептикалық сынамаға (түсін, иісін, дәмін анықтауға) және сендай-ақ сапалық химиалық реакцияларды жүргізуге арналған.
Микроскопиялық талдаудың фармакогнозиядағы мақсаты дәрілік өсімдік шикізатаның өзі екендігін анықтау болып табылады және әртүрлі мүшелер мен ұлпалардың жалпы анатомиалық құрылысында зерттелетін объектіні басқалардан айыруға болатын өзіндік диагностикалық белгілерді табудан тұрады.
Тауарлық талдау дұрыс араласқанын, ылғалдылығын, күлін, ББЗды анықтау үшін қолданылады. Фитохимиялық талдау сапалық және сандық анықтау үшін қолданылады.
Осы талдаулардың үшінде түпнұсқалылығын анықтау үшін қолданылатын : макро және микроскопиялық және сапалы фитохимиялық, Ал сапалылықты анықтау үшін тауарлық және сандық фитохимиялық әдістер қолданылады.
8. ҚР МФ сәйкес дәрілік өсімдік шикізатын макроскопиялық талдау техникасы. Макроскопиялық талдау бүтін ДӨШ-ң өзі екендігін морфологиялық көрсеткіштер бойынша: сыртқы түрі, түсі, иісі, дәмі және мөлшері бойынша анықтайды. Шикізатты зерттеу кезінде клеенкаға жайып өсімдік үлгісінің ДӨШ тән диагностикалық белгілерін табамыз. Макроскопиялық талдауға шикізаттың сыртқы түрін, олардың бөлек бөліктерін өлшеу, органолептикалық сынамаларды жүргізу кіреді. Олардың Өлшемдерін құрғақ шикізатта сызғыш немесе миллимертлі қағаз көмегімен анықтайды. ДӨШ сыртқы түрін күндізгі жарықпен құрғақ күйінде және ыстық суда жібіту күйінде анықтайды. Түсін құрғақ шикізатта анықтайды (жапырақтар үшін астыңғы және үстінгі жағын қарайды, жер асты органдары үшін - сыртқы бетін және жаңа сынықтарды қарайды). Иісін құрғақ шикізатта ДӨШ нәзік түрлерін ысқылау арқылы немесе қатты ДӨШ қарағай басында (ұнтағында) анықтайды. Дәмін улы емес құрғақ шикізат түрлерін шайнау арқылы анықтайды; кейбір жағдайларды шикізат дәмін қайнатпаларда және сулы тұндырмамен анықтау МФ рұқсат етіледі. Әрбір морфологиялық топтағы шикізатқа макроскопиялық талдауды толық жүргізу МФ жалпы мақалаларында жазылған.
9. Дәрілік өсімдіктің жер асты мүшелерін микроскопиялық талдау техникасы. Микроскопиялық зерттеу - өсімдіктердің әртүрлі морфологиялық мүшелерінің анатомиялық құрылысының жалпы суретінде микроскоппен өзіне тән анатомиялық және диагностикалық белгілер анықталатын зерттеу. Жер асты органдары. Микроскопиялық зерттеу үшін жер асты мүшелерін (тамырсабақтарды, тамырларды, түйіршіктерді және т.б.), көлденең және бойлық-тангенциалды кесінділерді, ұсақталған препараттар мен ұнтақ препараттарын қолданады. Талдау үшін жер асты органдарын жұмсарту үшін алдын ала спирт-глицерин қоспасында ұстайды. Механикалық элементтердің локализациясын анықтау үшін концентрацияланған тұз қышқылындағы флороглюцинол ерітіндісімен реакция жүргізіледі. Микропрепаратта жер асты органының түрі (тамыр немесе тамырсабақ) анатомиялық құрылымымен анықталады. Қоңыршықты элементтердің орналасу сипаты, тығынның құрылымы, кортикальды паренхиманың ерекшеліктері, резервтік қоректік заттардың кристалдық қосындылары мен қосындылары, эндогендік экскреторлық құрылымдар мен биологиялық белсенді заттарды жинақтайтын құрылымдардың диагностикалық маңызы бар. Жер асты мүшелерін микроскопиялық талдауда әртүрлі микрохимиялық реакциялар кеңінен қолданылады. Ұнтақтың микропрепараттарында жеке ыдыстар, механикалық талшықтар топтары, тасты жасушалар, жеке секреторлық түзілімдер немесе олардың фрагменттері, құрамында белгілі бір заттар бар жарқыраған люминесцентті паренхима жасушалары көрінеді. Флуоресцентті микроскоптағы микропрепараттар ультракүлгін сәуледе біріншілік (ішкі) люминесценцияны бақылай отырып зерттеледі.