1. Ферменттерді бейорганикалық катализаторлармен салыстыра отырып,сипаттаңыз Ферменттер энзимдер



бет32/54
Дата06.01.2022
өлшемі1,29 Mb.
#11921
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54
Байланысты:
enzim-2019

Ары қарай ферменттерді тазалау үшін ион алмастырушы хроматография, молекулярлы тор, электрофорез және әсіресе изоэлекрофокустау әдісі қолданылады. Адсорбционды әдіс модификациясының бірі-аффинді хроматография, мұнда фермент таңдамалы түрде өзара әрекет ететін зат адсорбен қызметін атқарады. Нәтижесінде тек осы бір фермент адсорбентпен бағанада ұсталынып қалады, ал қалған қосымша ақуыздар ерітіндіде қалады. Сосын оқшауланған фермент бағанадан бөліп алынады. Бұл технология трипсин, химотрипсин, рибонуклеаза, гиалуронидаза, тималин, цитохром С, панкреатин және де тағы басқа жануар табиғатының ферменттерін бөліп алғанда пайдаланылады
Өсімдік жасушаларынан ферментті кешенді бөліп алу технологиясы
Басында өсімдік тінінің гомогенді биомассасынан экстракция, центрифугалау, гель-фильтрация жолымен ферменті бар тұрақты ақуызды кешенді бөліп алады. Экстракцияны сулы-спиртті ерітіндімен, артынан белсенді фракцияларды таңдай отырып, алкогольсіз экстрактты гельфильтрациялаумен өткізеді. Сосын ферменттердің еритін фракцияларын алып, қалдық ақуыздар ажыратылады, артынан фракциялардың сефадекстегі хроматографиясы мен элюциясы. Алынған фракциялар біріктіріліп, лиофилизирленеді. Лиофилизирленген ферментті препараттыбиологиялық белсенділігі, ақуыз құрамы мен иммунды токсикалылығы жөнінен бағаланады.
Жаңа ферменттер алу әдістері:
- олардың белсенділігін жоғарылату мақсатында жеке ферменттердің қасиеттерін модификациялау;

Модификацияның химиялық, физико-химиялық, биологиялық әдістері бар.
Биологиялық әдістердің арасында ферменттердің аминқышқылды реттілігі, үш өлшемді құрылымы мен каталитикалық белсенділігі арсындағы тәуелділікті білуге негізделген ақуызды инженерия әдісінен күтетіні көп. Бұл әдістер фермент молекуласының құрылысындағы белгілі бір аминқышқылдарды ауыстыру, табиғи ферменттердің аминқышқылды ретіне өзгерту енгізу (рандомизация), содан соң, субстратты талғамдылығына өзгеріс әкелетін in vitro селекциялау жолымен ферменттерді сәтті түрде модифицирлеуге мүмкіндік береді. Ферменттердің протеолизге тұрақтылығын жоғарылату - домендер құрылымынан протеазаларды
тану сайттарын жою, не О- не N- гликозирлену сайттары қызметін атқаратын аминқышқылдарды енгізу арқылы гликозирлеу деңгейін жоғарылату арқылы жүзеге асырылады; - берілген қасиеттерге қарап жаңа рекомбинантты ферменттер алу:
1) Рибозим- ферментті мРНҚ дисплей әдісі арқылы in vitro алады: кДНҚ кітапханасы құрылады, олардан сәйкес мРНҚ молекулалары транскрипцияланады, сосын мРНҚ -ақуызды гибридті молекулалары түзілу арқылы трансляцияланады; ақуыздар каталиттік белсенділігінің болуына тексеріледі. Осылайша РНҚ-ферменттер немесе рибозимдер (Ribonucleic acid- enzyme, ribozyme) алынады.
2) Абзимдер (abzyme,antibody және enzyme) немесе каталиттік антиденелерді тәжірибелік жануарлардан иммунды селекция жолымен in vitro алады. Таза генетикалық қайта құру нәтижесінде көп мөлшерде бастапқы каталитикалық антиденелердің нұсқалары құрылады. Абзимдер субстрат молекуласымен, оның ауыспалы жағдай құрылымына ұқсас (кинетикадағы фермент-субстратты өзара әрекеттің ауыспалы кезеңі) кеңістікті құрылысымен
байланысып,сәйкес ферменттік реакцияны катализдеуі мүмкін. Абзимдер химиялық реакция жылдамдығын 104-106 есе жоғарылата алады, бірақ табиғи ферменттер үшін бұл аз көрсеткіш;
- ферменттерді пайдалана отырып, медициналық нанотехнологияларды жасау;
- фермент продуценттері - жаңа микроорганизмдердің скринингі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет