тиімді, яғни қойылған мақсатқа жетуді және зерттеу дәлдігінің қажетті дәрежесін қамтамасыз ету;
үнемді, яғни зерттеушінің уақытын, күшін және ақшасын үнемдеуге мүмкіндік беру. қарапайым, яғни тиісті біліктілігі бар зерттеушіге қол жетімді;
адамның денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз;
моральдық-құқықтық тұрғыдан қолайлы;
ғылыми, яғни мықты ғылыми негізге ие.
24. Ғылыми әдебиеттерді зерттеу ДИЛЬНАЗ
Ғылыми ізденіс барысында әрбір ізденушінің алдынан шығатын үлкен мәселенің бірі – ол әдебиеттермен жұмыс істеу. Кез келген жұмысты тексерген кезде тексерушілердің қарайтын бөлігі қолданылған әдебиеттер тізімі мен әдебиеттерге шолу бөлігі. Осы екеуіне қарап, сіздің қалай ізденіс жүргізгеніңіз туралы баға беруге болады. Егер қолданылған әдебиеттер тізімі дұрыс ұйымдастырылмаған болса, жұмысыңыз оң баға алмайды. ы. Әдебиеттерді басқару дегеніміз соларды жүйелі түрде реттеу дегенді білдіреді. Біздің қуанышымызға орай, қазір бұрынғыдай сансыз көп кітаптарды жинап, саны жетпейтін көшірмелерде сақтаудың қажеті шамалы. Өйткені көп материалдарды электронды түрде табуға болады. Бұның тағы бір артықшылығы олармен жұмыс істеуді әлдеқайда жеңіл етеді.
Сонымен, әдебиеттермен жұмыс істегенде сізге ұнаған әдебиеттің өзектілігін бағалай алуыңыз қажет.
Келесі бір стратегия әдебиеттің сапасын бағалау.
Келесі бір талап – жүйелі болу.
Келесі жұмыс аннотацияланған сілтемелер
Аннотацияланған сілтемелер дегеніміз тек сілтемені түртіп алып қоймай, ол туралы кішігірім ақпарат жазып қою. Бір қарағанда, бұл уақыттың бәрін алып кететін іс сияқты болып көрінгенімен, кейін оның жемісін көресіз. Ерінсеңіз де, осыны әдетке айналдыруға тырысыңыз. Керек әдебиеттің қажет бөлігін жазып алу арқылы дерекөзді басқарып, аннотация жасауға болады. Оған цитата жазып алу, автор мен аудиторияның бағытын ескеру, қысқаша түйіндеме, сыни пікір және зерттеудің өзектілігі жайлы жазба кіреді, оның бәрі материалдың маңызын, дәлдігі мен сапасын еске салып отырады.