1. Ғылымға берілген анықтамаларды салыстырып, басты қағидаттарды кластерге түсіріңіз. Қымбат


Теориялық материалдар мен эмпирикалық зерттеу материалдарының арасындағы айырмашылықты Т-кестеге салыңыз. Дариға



бет30/54
Дата21.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#142123
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54
40. Теориялық материалдар мен эмпирикалық зерттеу материалдарының арасындағы айырмашылықты Т-кестеге салыңыз. Дариға
Эмпирикалық зерттеу (эмпирикалық әдістер)- зерттелетін мәселе бойынша нақты материалды жинақтау және құбылысты тіркеу, оларды тізімдеу, сыртқы байланысын айқындау, қабылданған ұғым мен белгіленген деректерді қорыту үшін қызмет ететін эмпиристік таным мен құбылыс шындығын зерделеу амалдары, рәсімдері мен операциялары, ғылыми зерттеу міндеттерін шешу тәсілдері. Эмпирикалық әдістер тек қана тікелей ақпаратты (жинау) қабылдауды ғана емес, сондай-ақ қордалануды, жіктеуді және зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық теория құру үшін бастапқы материалды жинақтауды да қамтамасыз етеді. Олардың жалпы сипаты - нақтылықпен тікелей байланысты болғандығында.
Теориялық зерттеу – бұл эксперименталды емес зерттеу. Табиғат құбылыстары мен процестері формулалар мен сандар тілінде сипатталып, зерттеу мақсаты математикалық түрде жүзеге асады. Теориялық зерттеу ізденуден басталады – қандай пәндік сала, қандай концепция, теория біріктіре алады, барлық жинақталған эмпирикалық нәтижелерді немесе ең болмағанда олардың көпшілігін біріктіре алады. Өйткені, кейбір нәтижелер бір арнаға сәйкес келмейтіні және оларды тастауға тура келетіні жиі кездеседі. Сонымен қатар, кейде кейбір қажетті эмпирикалық нәтижелер жоқ болып шығады және зерттеудің эмпирикалық бөлігін жалғастыру керек.
Теориялық зерттеудің мақсаты – білімді синтездеу процесінде зерттелетін объект пен қоршаған орта арасындағы маңызды байланыстарды бөліп көрсету, эмпирикалық зерттеу нәтижелерін түсіндіру және жалпылау, жалпы заңдылықтарды анықтау және оларды формалдау.
зерттеу нәтижелерін жалпылау, тәжірибелік деректерді өңдеу және түсіндіру арқылы ортақ заңдылықтарды табу;
- зерттеудің барлық көлемін қайталамай зерттеу нәтижелерін ұқсас объектілер қатарына бөлу;
- тікелей зерттеуге қол жетпейтін объектіні зерттеу;
Теориялық әдістер (анализ және синтез, жалпылау, абстракциялау, нақтылау, модельдеу және т.б.) зерттелетін педагогикалық немесе басқа құбылыс немесе процестің мәніне ойша енумен, олардың идеалды күйлерінің үлгілерін құрумен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет