89.Төмендегі мақала үзіндісіне 50-70 сөзден тұратын аңдатпа мен 3-4 сөзден тұратын кілт сөз жазыңыз.Дильназ
Эссе –философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.
Эссенің төмендегідей түрлері бар: 1. Сипаттамалық 2. Анықтамалық 3. Хабарламалық 4. Салыстырмалы немесе кереғар 5. Дәлелдеме 6. Аргументтік 7. Әдеби .
Жауабы
«Бұл мақалада эссе мәселесі қарастырылған.» «Мақалада эссенің құрылымына жан-жақты талдауы жасалынған.» Бұл мақаланы оқи отыра сіз эссенің артықшылықтарын біле аласыз. Эссе тақырыбына жан-жақты және егжей-тегжейлі талдау берілген.
Эссе жазудың нақты мақсаты қандай?
— Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;
— Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;
— Оқырмандарды ақпараттандыру;
— Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;
— Іс-әрекетке түрткі болу.
Қорытындылай келе, эссені жиі жиі жазу адамның логикалық ойлау қабілетін арттырады.Нақты дәлел келтіріп,аргумент арқылы жазуға дағдыландырады.Өзінің жеке көзқарасын нақтылауға машықтандырады.
77 сөз
Кілт сөз: әшекейлі композиция, рухани әлем, сыршыл сезім, таным көкжиегі, интеллектуалдық байлық