1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет26/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71

 

 

170 



 

картографиялық  өнімдермен  қамтамасыз  ету  –  картографияның  міндеті  болып 

табылады.  Ежелгі  Египетте,  антикалық  Грекияда  және  Римде  басқа  да  өркениет 

ошақтарында  карталар  бойынша  арақашықтар  мен  елдерді  табудың  қарапайым 

тәсілдері  қолданыла  бастады.  Алғашқы  адамдар  өздерінің  жүріп  өткен  жолында  мол 

азық  қорлары  бар  аймақтарды  байқаса,  келесі  жолы  осы  орынды  адаспай  табу 

мақсатында  ағаштардың  қабықтарына  әртүрлі  таңбалармен  шартты  белгілер  тастап 

отырған.  Алғашқы  қолданысы  жол  бағдарлаудан  басталған.  Карта  тарихы  орта 

ғасырда, әсіресе ұлы географиялық ашылулар кезеңінде жиһанкез – саяхатшылар үшін 

жаңа  жерлер  мен  байлықтарды  игеруде  таптырмас  құрал  болды.  Жер  бетінің  белгілі 

бір масштаб пен кішірейтіліп ойылған кескін карта [2]. 

 

Картаның  көмегімен  оқушының  ой-өрісін  дамытып,  білімін  одан  әрі  дамыта 



аламыз. Картамен жұмыс-арқылы қалыптасатын дағды, жас балаларға картаны үйрету, 

оларды картамен жұмыс істеуге дағдыландыру оңай жұмыс емес. Бұл үшін оқытушыға 

көптеген  нақты  жұмыстар  істеуге  тура  келеді.  Оқушылар  кескін  картамен  сыныпта 

жаңа  сабақты  өткенде,  бекіту  мен  сарамандық  жұмыстар  арқылы  білім  тексергенде 

және  үй  тапсырмасын  орындағанда  жұмыс  жасайды.  Көп  кезеңдерде  бұл  жұмысты 

оқушылар  атласпен  салыстыра  отырып,  кескін  картада  қажетті  нысандардың  орнын 

тауып,  оларды  белгілеп  жазады.  Кескін  картада  жер  бедері,  жер  беті  сулары,  елді 

мекендер  және  пайдалы  қазба  кен  орындарына  байланысты  географиялық  атауларды 

есте  сақтауға  үлкен  көмегін  тигізеді.Кескін  картамен  жұмыс  жасағанда  бірнеше 

қағидаларды  есте  сақтау  қажет.  Мәселен,  өзеннің  аты  ағыс  бағытымен,  көлдің  аты 

кескініне  қарай,  тау  жотасы  созылу  бағытына  қарай,  қала  параллельге  бағыттас 

жазылу керек. 

 

5-сынып  «Жаратылыстануда»  картадағы  түстер  нені  білдіретінін  сұраймыз. 



Мәселен: 1.Физикалық картада жер бедері қалай көрсетіледі? 2.Теңіздер мен мұхиттар 

қандай түске боялған? 3.Сары мен жасыл түстер нені білдіреді? 4. Карта биік таулар 

қандай түспен белгіленеді? Жарты шарлар картасын кескін картаға түсіру. 6 материк 

пен 4 мұхитты анықтау. 

6  –сыныпта  «Жердің  пішіні  мен  көлемі»,  Географиялық  карталар,  олардың  маңызы» 

тақырыптарын  өткен  соң,  кескін  картаға  нольдік  параллель,  нольдік  меридиан,  алты 

құрлық  пен  төрт  мұхитты  салу  беріледі.  Кескін  картаға  мына  тапсырмаларды 

орындату.  1.Экватор  сызығын  сызу.  Экватор  қандай  материктерді  кесіп  өтеді? 

2.Бастапқы  меридиан  қандай  мұхиттарды  кесіп  өтеді?  3.  Алты  құрлықты  ата  және 

көрсет. Қандай материктен тек оңтүстік бағытқа қозғала аласың? 4. Қандай мұхиттар 

солтүстіктен оңтүстікке дейін созылып жатыр? 5. Көп бөлігі шығыс жарты шарда, ал 

аз бөлігі батыс жарты шарда болатын материктерді көрсет. 6.Солтүстік және оңтүстік 

полюстегі мұхитты ата. Таулар, жазықтар, өзендер мен көлдерді кескін картаға түсіру. 

Мұхит ағыстары тақырыбындағы ағыстарды кескін картаға түсіру. 

 

7-сыныпта  Ұлы  географиялық  ашылулар  кезеңіндегі  зерттеушілердің  саяхат 



жолдарын  кескін  картаға  түсіру.  «Климат  қалыптастырушы  факторлар  ,  жер 

шарындағы  климаттық  белдеулер»  тақырыбында  атлас  пен  кескін  картаны 

пайдаланып,  дүние  жүзінің  климат  белдеулерін  түсіру  беріледі.  Материктерге  жеке-

жеке  тоқталғанда,  олардың  шеткі  нүктелерін,  таулар  мен  жазықтарын,  өзендері  мен 

көлдері және оған енетін теңіздерді атластың көмегімен кескін картаға түсіру. 

 

8-сыныпта  «Қазақстанның  географиялық  орны  мен  шекаралары»  тақырыбын 



өткенде  әкімшілік  -  теориялық  құрылымын  кескін  картаға  түсіру  тапсырылды. 

Қазақстанның жер бедері картасына, таулар мен жазықтар, ойпаттары мен қыраттарын 

кескін  картаға  түсіру.  Климаттық  картасынан,  Қазақстан  аумағындағы  ауа 

температурасын және жауын-шашынның таралын анықтау. 

 

9-сыныпта  Қазақстанның  пайдалы  қазбаларын  шартты  белгілері  арқылы 



картаға түсіріп, картадан анықтап көрсету. 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

171 



 

 

10-сыныпта  «Дүние  жүзінің  саяси  картасы»  тақырыбын  өтер  алдында 



оқушыларға  жеке  материктер  бойынша  елдер  мен  олардың  астаналарын  жаттау 

тапсырылды. Тексеру кезінде мынадай пысықтау сұрақтары берілді. Африка құрлығы 

бойынша: 1. Экватор бойындағы мемлекет. 2. Жерорта теңізі жағалауында орналасқан 

мемлекеттерді  көрсет.  3.  Атына  сәйкес  түбекте  орналасқан  мемлекет.  4.  Қайсысы 

солтүстікке  қарай  орналасқан  Алжир  ме,  әлде  Чад  па?  5.  Гвинея  шығанағы 

жағалауында  орналасқан  мемлекеттер.  6.  Қызыл  теңіз  жағалауында  орналасқан 

мемлекеттер.  7.  Аралда  орналасқан  мемлекеттер.  8.Ніл  өзені  бойында  қандай 

мемлекеттер  орналасқан?  Мұндай  сұрақтарға  оқушылар  қызығушылықпен  жауап 

береді, есте сақтау қабілеті артады [3]. 

 

Кескін  картада  географиялық  нысандардың  аттары  және  олардың  картадағы 



орналасуы  оқушылардың  географиялық  нысандардың  дұрыс  жазылуымен  аталуын 

меңгеруіне  әсерін  тигізеді.  Кескін  картамен  жұмыс  жасағанда  қарындашты 

пайдаланған  жөн.  Картадағы  кескіндер  карындашпен  түсіріледі:  шекаралар  қызыл 

түспен,  теңіздер  мен  өзендер  -  көк  түспен,  қалалардың  пунсондары  боялмайды.  Тау 

жоталары қоңыр түспен немесе немесе сызық түрінде қара карандашпен, ал қырат пен 

таулы  үстірт-тұйық  түрінде  түсіріледі.  Шартты  белгілермен  кескін  картаны  бояған 

бояу түстері барлығы қолданылатын түстердің барлығы қолданылатын түстер болғаны 

жақсы, ол оқушының картаны оқып, үйренуі  үшін маңызды. Ал легендасы картаның 

шетіне  жазылады.  Жазулар  карта  бетіне  барынша  ұсақ,  бірақ  түсінікті,  баспа 

әріптермен түсіріледі.Оларды дәл оқу картасындағыдай етіп жазылады [4]. 

 

Картаны  пайдаланғанда  ойындарды  пайдалану  өте  тиімді.  Ол  оқушының 



картамен жұмыс жасауға және пәнге қызығушылығын арттырады. 

 

Мәселен,  «Фигуралы  елдер»  ойыны.  Африка  материгінде  әртүрлі  фигуралы 



елдер  көп.  Алжир,  Египет,  Мавритания,  Мали  елдерінің  қиындысын  жасырып, 

формасына қарап өз орнына орналастыру керек. 

«Бәйге»  ойыны.  Тақтаға  екі  оқушы  шығады.  Бірінші  оқушы  көлдің  атын  атаса,  ал 

екінші оқушы соған құятын өзендерді атайды. Керісінше, оқушы өзенді атаса, екінші 

оқушы  өзеннің  құяр  көлін  атайды.  Әр  дұрыс  жауапта  алға  қарай  жылжып  отырады. 

Кімде-кім  белгіленген  мәреге  бірінші  жетсе  сол  жеңіске  жетеді.  1.Арал-Сырдария, 

Амудария. 2. Балқаш-Іле, Қаратал, Ақсу. 

 

«Ойлан тап» ойыны Пайдалы қазбаларға байланысты, шартты белгілерді алып, 



оны қай елде өндіретінін табу керек. 

«Карта бойынша саяхат» ОПЕК ұйымына кіретін елдер, дамыған елдер, артта қалған 

елдерді атап картадан көрсетеді. 

 

«Картаны жина»  ойыны Материк немесе бір  елдің картасын бөлшектеп, оның 



кескін картасын топ болып тез арада құрастыру керек [1]. 

 

«Кім жылдам» ойыны. Тақтаға екі оқушы шығады, бір оқушы елді атаса, екінші 



оқушы  сол  елдің  астанасын  атап,  картадан  көрсетеді.  Керісінше  екінші  оқушы 

астанасын  атаса,  бірінші  оқушы  ол  қай  елдің  астанасын  екенін  атап,  картадан 

көрсетеді. 

 

«Географиялық  есептер  шешу»  Сандық  масштаб  1:  8000  000  болса,  қағаз 



бетіндегі 1600 км жол неше см болады? Жауабы: Атау масштаб бойынша 1см = 80 км 

1600:80= 20 см 

 

Тапқырлар  «Координата  табу»  66˚25΄  с.е.  94˚15΄  ш.б.  ,  49˚29΄  с.е.  30˚50΄  ш.б., 



53˚31΄  с.е.  28˚46΄  ш.б.  Мына  берілген  географиялық  координаталар  бойынша 

объектілерді анықта? 

 

«Карта  сызу»  Әр  топқа  жеке  тапсырма  беріледі.  Мәселен,  Азия,  Еуропа, 



Оңтүстік  Америка,  Африка  материктерін  сызуды  тапсырамын.Олар  картаны 

пайдаланбай  өздері  картаны  сызады,  сызып  болғаннан  соң,  картамен  салыстырып, 

қателерін түзейді. Араларында ең үздік деген картаны анықтайды. 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

172 



 

 

Картаны  жақсы  меңгеру  үшін  алдымен  номенклатураны  жақсы  білу  керек. 



Номенклатуралық  сабақ  түрі-географиялық  атауларды  үйретеді.Физикалық  және 

әлеуметтік–экономикалық  атластарға  пайдаланып,  керекті  объектілерді  табуға 

географиялық номенклатураны қалай оқу керектігіне түсініктеме береді. 1.Африканың 

физикалық және экономикалық объектілерін 2. Аустралияның мұхиттық аралдарының 

физикалық  және  экономикалық  обьектілерін.  3.  Солтүстік  Америка  және  Оңтүстік 

Америка.  4.  Еуропа  және  Азия.  5.  ТМД  елдерін  физикалық  және  экономикалық 

объектілерді  жаттап,  оны  картадан  көрсету.  6.Қазақстанның  физикалық  және 

экономикалық  аудандарының  объектілеріне  толық  мазмұнды  түсініктер  беріледі. 

Номенклатура-сіздерге  жаңа  тексті  түсінуге  қажет,  өткен  физикалық  және 

экономикалық сабақтарға және басқа пәндер бойынша өтілген материалдарды түсінуге 

көмектеседі.  Физикалық  географияның  номенклатураның  мәні.  Адамзат  тау-тасты, 

орманды мекендерде, ұшы-қиыры жоқ кең байтақ далада да, суық тундра мен аптапты 

–шөлді құмда да тұрып, еңбектеніп көзге түседі. География сонымен бірге табиғаттың 

жұтамауы  ормандардың  жойылып  кетпеуі,  топырақ  құнарлығының  кемімеуі, 

өзендердің  тартылмауы  үшін,  оның  байлықтарын  қайткенде  тиімді  пайдалануға, 

табиғатты  адамзат  мүддесіне  сай  қалпына  келтіріп,  түлету  жолдары  қандай  деген 

сұраққа жауап беруі керек. 

 

Номенклатуралық  сабақ  түрі  өте  қызықты  атауларды  да,  өз  оқырмандарына 



тарту етеді.Сіздер үшін көптеген қызғылықты анықтамалар беріледі. 

 

Географиялық  картадан  номенклатураны  қалай  оқу  керек?  Мұғалімнің  негізгі 



мақсаты-оқушының географиялық картадан номенклатуралық объектілерді дұрыс таба 

білуіне  бағыт-бағдар  бере  отырып,  есінде  жақсы  сақтауға  ұғынған  ойларын 

ұмытпауға,  картадағы  кездескен  атаулардың  шартты  белгілерін  ажырата  біліп 

неғұрлым тұжырымды абстрактылы ойды дамытуға көмектеседі. Егер оқушылар осы 

атауларды жақсы меңгеріп, объектілерді дұрыс таба білсе, міне сол кезде жақсы білім 

алады. Әрбір географиялық атауларды дұрыс таба білу, өз оқушысының білім деңгейін 

жоғары  көтереді.  Номенклатуаны  терең  меңгерту-картамен  жұмысты  ұйымдастыра 

білудің  негізгі  кепілі,  біріншіден,  ойға  түйіп  алудың  немесе  есте  сақтау,  қозғалыс 

кезіндегі  картадан көрсеткенді  ұмытпау, сөзбе-сөз айтқанда ұғыну т.б картадан жаңа 

тың  объектілерді  көрсеткенде  ,  сол  объектінің  картадағы  орналасқан  жерін  көрсетіп, 

оған  қысқаша  түсініктер  беріпотыру  керек.  Номенклатуралық  объектілерді 

көрсеткенде  қолға  нұсқаушы  таяқшаны  түбінен  ұстап  картаны  көрсетпей  қоюдан 

оқушыны  сақтандыру  керек,  себебі  оның  дұрыс  немесе  бұрыс  көрсеткендігін 

қадағалап  отыру  керек.  Оқушы  объектіні  нақты  дұрыс  көрсете  ала  ма?  Егер  дұрыс 

көрсетсе  картадағы  жазуды  емес,  ал  қала  болса  пунсонмен  дөңгелек  белгіні  көрсету 

керек. Егер өзенді көрсететін болса, бастауынан бастап қайдан келіп қосылатындығын 

және  теңізге  немесе  ішкі  алаптарға  құйылып  жатқан  жеріне  дейінгі  аралықтарды 

көрсету  керек.  Географиялық  номенклатураны  осылай  оқып  үйренсе,  ол  шәкірттен 

немесе оқушыдан сауатты географ шығады деп сенуге болады [6]. 

 

Сонымен,  географиялық  карталар  еліміздің  аумағын  қамтып  табиғатын  қайта 



түлетіп,  шаруашылықты  дамытуға  қажетті  ақпараттар  сақтаған  қуатты  құрал  болып 

табылады.  Географиялық  картада  адамның  өмірі  мен  қызметіне  байланысты 

әлеуметтік, жер бетіне жақын орналасқан барлық құбылыстар картографиялық үлгіде 

үйлестірілген  картадан  кез  келген  нысанның  географиялық  орнын  алып  жатқан 

ауданын анықтауға болады [2]. 

 

Мұғалім  сыныпта  жаңа  номенклатуралық  сабақты  түсіндіріп  жатқан  кезде, 



оқушылар түгел зер салып ықыластарын сол сабаққа аудару керек, жаңа объектілерді 

мұғаліммен  бірге  дембіл-дембіл  қайталап  ойға  түйген  дұрыс.  Мұғалім  тақтадағы 

картадан  көрсетіп  отырады,  оқушылар  алдындағы  картадан  объектілерді  қайталап 

қарап отыру керек. Оқушыға берілген тапсырманы үнемі қадағалап, қателескен жерін 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

173 



 

белгілеп,  қатесін  өзі  өзідігінен  анықтайтындай  жағдай  туғызу  керек.  Мұғалім 

оқушының  сабаққа  деген  ынтасын  арттыру  үшін  түрлі  тәсілдермен  өтуі  қажет. 

Сабақты  теория  жүзінде  сұрап,  оны  картамен  және  кескін  картамен  байланыстырып 

отырған да жақсы септігін тигізеді. 

 

Географиялық карталармен жұмыста географиялық координаталарды анықтау, 



қашықтықты  өлшеп,  есептеп  шығару,  шарты  белгілер  арқылы  жергілікті  жердің 

планын  оқи  білу,  карта  бойынша  саяхат  жасау  сияқты  жұмыстар  жасаудың 

мүмкіншілігі зор. 

 

Мұғалім  картамен  жұмысты  бірте-бірте  күрделендіріп  отырса,  оқушының 



материалды  толық  игеруіне,  стандарт  талаптарын  орындауға  мүмкіндігі  мол  болары 

сөзсіз.  Кескін  картамен  жұмыс  жасап,  номенклатура  жаттатып,  әрі  түрлі  ойындар 

арқылы  білімін  кеңейтуге  болады.  Сонда  оқушының  оқуға  деген  ынтасы  артып  қана 

қоймай,  ізденімпаздық  қабілеті  де  артады.  Сонымен  бірге  жаңа  әдіс-тәсілдерді 

қолданып, жеке, жұптық және топтық жұмыс жасаған да өте тиімді. 

Оқушылардың  алған  білімдерін  өмірде,  кез-келген  жағдайда,  әлеуметтік  ортада 

қолдана  алуға,  әлеуметтік  талаптарына  сай  келу  үшін  оқушының  ақпараттық 

технологияларды  қолдану  және  проблемалардың  шешімін  таба  алуға,  оқушылардың 

өзгермелі  өмірге  бейімделуіне  үйрету  керек. Функционалды  сауатты  адам  қоғамның 

құндылықтарына  сәйкес,  қоғамдық  ақуалдың  қалыптасқан  мүдделеріне  қарай  әрекет 

етеді.  Бүгінгі  күнге  қажетті  мамандықты  таңдап  дұрыс  шешім  қабылдап,  заманауи 

ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. 

 

Оқушылар  өз  бетімен  кез  келген  географиялық  нысандарды  кескін  картаға 



түсіре  алады.  Кескін  карта  түсіру  арқылы  әрбір  географиялық  нысандардың 

орналасуын, олардың аттарының дұрыс жазылуын есте сақтап қалады. Географиялық 

координаталарды  табу  арқылы  математикалық  білім  мен  іскерлікті  көрсетеді. 

Теориялық білімді практикалық жұмыста бекітеді. 

 

Жеке тұлғаның басты функционалдық сапасы белсенділік, шығармашылық пен 



ойлауға  қабілеттілік  және  стандартты  емес  шешімдер  қабылдай  алуы,  өзін-өзі 

дамытуға, өздігінен оқуға, өз білгенін іске асыру болып табылады. 

 

Әдебиеттер: 

1. Е.Қаженбаев Ойын түрлері Атырау 2003 

2. «География және табиғат» журналы №3, 2012ж 

3. «География және табиғат» журналы №1, 2013ж. 26 бет 

4. «География және табиғат» журналы №1, 2004 жыл 

5. «География және табиғат» журналы №6, 2002 жыл 

6. Т.Досжанов Жалпы география курсында номенклатураны оқыту әдістері      

    Шымкент 2001ж 



Аннотация 

 

В  статье  рассмотрена  актуальность  формирование  функциональной 



грамотности  учеников  -  применение  навыков  и  знании  не  только  теоретически  но  и 

практически  является  ответственностью  перед  подрастающим  поколением.  Это 

обусловливается с тем что, важностью правильно преподовать естественные науки.  

 

 



 

 

 



 

 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

174 



 

Гульнур Мейрамовна ИСКАКОВА, 

«№58 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, оқу-тәрбие жұмысы жөнінде 

директор орынбасары, математика пәнінің мұғалімі

Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы  

 

МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ 



ОҚЫТУДЫҢ  БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 

 

Түйін 

Мақалада  математика  пәнін  оқытуда  білім  сапасын  арттырудағы  оқытудың 

белсенді  әдіс-тәсілдерді  қолданудың    тиімділігі  көрсетілген.  Белсенді  оқыту 

әдістерінің түрлері туралы сөз болады. Мақала авторы кубизм стратегиясын, елшілер, 

бағдаршам әдістерін қолданылу ерекшеліктерін нақты мысалдар арқылы көрсетеді. 

 

Егеменді  еліміздің  аяққа  тұрып,  өз-өзіне  келген  уақытында  білім  саласында 



елеулі өзгерістер болып жатыр. Осы қолға алынған өзгерістерді жүзеге асыру үшін аса 

бай мұраларды қолға алу арқылы білім берудің тиімді әдістерін қолдану кажет. 

Сан  жылдар  бойы  қолданып  келген  дәстүрлі  сабақ  оқушыларымызды  бұл 

көздеп  отырған  талабымызға  жеткізбейді.  Сондықтан  қазіргі  уакытта  талап  та, 

кажеттілікте және сол қажетілікке жеткізуші әдіс-тәсілдерде өзгерген. 

Ұлы  кемеңгер,  казақ  тілі  білімінің  атасы  Ахмет  Байтұрсынұлының:  «Басқадан 

кем болмас үшін, біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. 

Күшті  болуға  бірлік  керек.      Осы  керектің  жолында  жұмыс  істеу  керек»  деген  сөзі, 

мемлекет  басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев барша қазақстандықтарға арнаған 

сөзіне  сәйкес  келгендей:  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортак 

Еңбек  Қоғамына  карай  20  кадам»  атты  бағдарламалык  тұжырымдамасында  қазіргі 

коғамда  көрініс  беретін  кемшіліктерді  саралап,  өз  сөзінде  «Сондықтан  да,  бүкіл 

жаңғырту  үдерісінің  табысқа  жетуінің  түйінді  факторы  ұлттык  білім  беру  жүйесін 

жаңартудың  табысты  өтуі  болып  табылады.  Оңтайландыру  аясында  білім  берудің 

үздіксіз  көлбеуін  нығайту  қажет.  «Жасқа  қарайғы»  білім  берудің  тұтас  лифт  сияқты 

мектепке  дейінгі,  бастауыш,  орта,  кәсіптік,  жоғары  және  ЖОО-дан  кейінгі  барлық 

түрлерінің  өзара  қисынды  байланысын  келтіру  маңызды»  екендігін  қадап  айтты. 

Елбасымыз  Жолдауында  да  атап  өткен  осы  заманғы  білім  беру  жүйесі  болашақ 

ұрпақты  жан-жақты  жетілдіретін,  бәсекеге  төтеп  беруге  қабілетті,  сапалы  адам  етіп 

тәрбиелейтін білім беру жүйесі екені даусыз. 

Білім  берудің  негізгі  мақсаты  білім  мазмұнын  жаңартумен  қатар,  оқытудың 

әдіс-тәсілдері мен әртүрлі кұралдарды колданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. 

Бүгінгі  таңның  мұғалімі  өз  білімін  қолданумен  қатар,  шәкірттерінде  зерттеушілік, 

ізденушілік  әрекеттерді  ұйымдастырудың  әдіс-тәсілдерін  меңгеруі  керек.  Жаңа 

технологияларды  жүзеге  асыруда  мұғалімнің  өзгеруге  бейімділігі,  белсенді  әрекеті, 

ізденімпаздығы, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, шәкірттерін жеке тұлға ретінде 

бағалауы ерекше орын алады. 

Себебі  біз  жан-жақты  дамыған,  жаңа  ортаға  бейім,  бәсекеге  қабілетті  тұлғаны 

дайындауымыз қажет. Ең бастысы балалар сабақта тыңдаушы, бұйрықты орындаушы 

емес белсенді түрде өз ойымен бөлісуші болып, дайын білімді  кабылдаушы кейпінен 

өз бетімен өзіне қажетті білімді игеруші тұлға дәрежесіне ауысуы қажет. 

Бүгінде кең етек жайып келе жаткан технология - белсенді оқыту. 

Белсенді оқыту әдісі: 

-

 



оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырады; 

-

 



оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынасын арттырады; 

-

 



оқушылардың әлеуметтік-мәдени тұрғыда дамытады; 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

175 



 

-

 



оқушылардың білім, білік, дағдыларын калыптастырады

-

 



оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытады; 

-

 



оқушылардың өзгермелі өмірге бейімдейді. 

Белсенді  оқытудың  бірегейі  -  американдык-педагог  ғалымдар  Чарльз  Темпл, 

Куртис  Мередит,  Джинни  Стилл  ұсынған  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұргысынан 

ойлауды дамыту» бағдарламасы. 

Сыни  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  ең  басты  өлшем  бірлігі  -  оның 

тиімділігі,  нәтижелілігі,  жаңашылдығы.  Бұл  шыңдалған  ойлау  үлгісі.  Бұл  технология 

оқушы  белсенділігін  арттырып,  құзірезтілігін  дамытуда  маңызы  зор  екендігі 

дәлелдеген. 

Белсенді  оқыту  стратегияларының  бірі  «ББҮ»  әдісі:Білемін.  Білгім  келеді. 

Үйрендім.  Бұл  стратегияны  1984  жылы  Чикаго  университетінің  профессоры  Донна 

Огл  шығарған.  Оның  максаты  -  таным  үрдісінде  рефлексивтілікті  дамыту.  Ол  үшін 

төмендегі  кестені  толтыру  керек.  Топтың  мүшелерін  дамыту  мақсатында  уақытты 

үнемдеу аркылы оқушылардың барлығын тындауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру 

барысында  ұсыныстар  және  жаңа  ойлар  қосуға  болады.  Бірінші  баған  сабақтың 

басында  толтырылады,  соңғы  екі  баған  сабақты  қорытындылау  кезеңінде 

толтырылады. Соңғы бағандағы оқушы пікірі мұғалімнін келесі сабағының мақсатын 

айкындауға мүмкіндік береді. 

Мысалы:  

Білемін: қысқаша көбейту формулаларын; 

Білгім келеді: күрделі теңдеулерді түрлендіру; 

Үйрендім: мәтінді есептерді теңдеу құру арқылы шығару. 

Кубизм стратегиясы.Балалар, мына қолымдағы кубиктің алты жағы бар, қазір 

мен  үш  қатардың  біреуінің  жанына  барып    иіремін.  Қай  жағы  түссе,  сол  жақтың 

сұрағына жауап бересіңдер. 

 



Суреттеңіз. Квадрат теңдеу дегеніміз не? 

 



Салыстырыңыз.  Толық  квадрат  теңдеумен  толымсыз  квадрат  теңдеуді 

салыстырыңыз. 

 

Зерттеңіз.  Квадрат теңдеудің қанша түбірі болатынын қалай анықтауға болады. 



 

Болжаңыз.  Кез  келген  квадрат  теңдеудің  түбірлерін  табу  үшін 



??????

1,2


=

−??????±√??????

2

−4????????????



2??????

 формуласын қолдануға бола ма? 

 

Қолданыңыз.  Толық  квадрат  теңдеуден  келтірілген  квадрат  теңдеуді  қалай 



алуға болады? 

 



Талдаңыз. Келтірілген квадрат теңдеу түбірлері формуласының жалпы түрдегі 

квадрат теңдеу түбірлерінің формуласынан қандай айырмашылығы бар?  



  

«ЕЛШІЛЕР»  әдісі.  Мақсаты:  белсенді  тыңдау,  шешендік  өнер  және  сөйлеу 

мәнері, бөлу және өзара байланыс кұру. 

Бөлмеге  3-4  адамнан  тұратын  топтарға  арналған  контейнерлер  қойылады. 

Топтар  тапсырмаларды  орындап  болғаннан  кейін  топтың  бір  адамы  «елші»  болып 

сайланады  да,  зерделенген  материалды  түсіндіру  және  жинақтау,  бұл  туралы  жаңа 

топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа 

барады. Бұдан кейін елші  өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл  - 

шаршататын  және  бір  сарынды  «баяндама  жасалатын»,  мезі  кылатын  сабақтардан 

кұтылуға  мүмкіндік  беретін  тамаша  әдіс.  Сондай-ақ  бұл  әдіс  елшінің  тілді  қолдану 

шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.     



«Бағдаршам»  әдісі.  Мұғалім  оқушылардан  өз  жұмыстарының  нәтижелері 

бойынша  оқу  мақсатына  қаңшалықты  жеткендігін  және  өзінің  білімдеріне 

қаншалықты сенімді екендігін көрсетуді сұрайды. 

-

 



Жасыл - мақсатқа қол жеткізілді, сенімді алға жүреді. 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет