1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет2/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 



 

Білім 

Образование 

 

Тазагуль Утарбаевна АБДИЕВА,  

«Ақтөбе қаласының №47 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ,  

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ақтөбе қаласы,  

Қазақстан Республикасы 

 

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ МҰҒАЛІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ 

РОЛІ 

 

Түйін 

Мақалада білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланыстылығы 

айтылады.  Мұғалімнің  басты  көрсеткіші  –  біліктіліктің  ғылыми  түсіндірмесін  беріп, 

оның нәтижесі туралы мәлімет беріледі. 

Мұғалімнің  сабақ  үстіндегі  шығармашылығын  4  деңгейге  бөліп  көрсетіп,  өз 

еңбегінің  нәтижесі  туралы  ой  қозғайды.  Шығармашыл  мұғалімнің  басты 

ерекшеліктеріне  тоқтала  отырып,жаңаша  оқытудың  педагогикалық  тәсілдерін  толық 

меңгеру  нәтижесінде  жететін  жетістіктері  атап  көрсетіледі.  Үлгерімі  жақсы  және  

орташа оқушымен жұмыс ерекшеліктеріне  бірдей назар аудару,жан – жақты дамыған, 

барлық  жағдайларға  тез  арада  шешім  қабылдай  алатын  ұрпақ  тәрбиелеп  шығару 

мүмкіндігін  арттыратынына  дәлелдер  келтіріліп,  креативті  мұғалімге  сипаттама 

берілген. 



 

Білім  сапасы  мұғалімдер  қызметінің  сапасына  тікелей  байланысты.  Мұғалім 

жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген:  ...  «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай 

болмақшы.  Яғни,  мұғалім  білімді  болса,  ол  мектептен  балалар  кобірек  білім  алып 

шықпақшы.  Солай  болған  соң,  ең  әуелі  мектепке  керегі  білімді,  педагогикадан, 

методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің 

негізгі  тетігі-ұстаз,  сондай-ақ  оның  теориялық  білімі  мен  кәсіби  шеберлігі, 

шығармашылық қызметі. 

Жаңа  ғасырдағы  мектеп  алдындағы  міндет-егеменді  еліміздің  жас  ұрпағын  жан-

жақты дамыта отырып тәрбиелеу.  «Елімізді  2030 жылы барысқа айналдыратын күш  – 

мектеп  партасындв  отырған  оқушылар  мен  15-20  жас  аралығындағы  жастар»  деп 

Елбасымыз  бекер  атқан  жок.  Ойткені  Қазақстанның  бүгіні  мен  ертеңі  жас  ұрпақтың 

еншісінде. Ал жас ұрпағын жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары 

етіп қалыптастырудың бірден бір жолы- оқушыға білімді терің игертідің тиімді әдіс  – 

тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі 

қажет. Біліктілік- бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, 

құндылықты бейнелейтін жалпы қабіліттілік.  

Біліктілік: 

1. Білімнің негізінде қалыптасатын үлкен еңбек, яғни: 

-жауапкершілікті сезіну; 

-белгілі бір мәселені шешуге қатысу; 

-білім беру технологияларын түсіну, меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту; 

-еңбекке дұрыс қарым-қатынас; 

-кәсібінде үнемі ізденіс таныту. 

2. Ақпараттық қажеттілікті сезіну. 

3. Көздеген максатқа жетуде әдіс –тәсілдерін бір – бірімен сай келуі. 

Біліктілік негізі:  

1. Оқып үйрену: 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 



 

-белгілі бір тәжірибені пайдалана білу; 

-өз білімін өзара байланыстыра ұйымдастыру; 

-өзінің жеке оқыту бағдарламаларын құра білу

-өзін дамытумен дербес айналысу. 

2. Іздеу: 

-әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіру; 

-ақпараттармен жұмыс; 

-құжаттармен жұмыс жасай білу және оларды топтай білу. 

3. Бейімделу: 

-технологиялар мен ақпараттарды қолдана білуге бейімделу; 

-өзгеріске икемділік таныту; 

-қиындыққа көне және жеңе білу; 

-жаңа шешімдер таба білу. 

4. Ынтымақтастықта болу:  

- еңбекте ынтымақтастықта болу; 

-келіспеушілік пен әр түрлі көзқарастылықта көрегендік таныту; 

-келісе білу; 

-шарт жасай білу және оны орындау; 

-тілектестік және ынтымақтастық таныту. 

5. Жұмысқа ниеттілік: 

- жобаға кірісу; 

-жауапкершілікті сезіну; 

-өз жұмысын ұйымдастыра білу; 

-өткенді жаңамен байланыстыруды ұйымдастыру; 

-қоғам дамуына сын көзбен карай білу; 

-қиындыққа және сенімсіздікке қарсы тұру; 

-өзінің жеке көзқарасын білдіре білу, т.б. 

Сапа  өздігінен  келмейді.  Оны  жоспарлау  керек.  Білім  мекемесіндегі  сапаға  жету 

жолдарын жоспарлауды мына үлгіде құруға болады. 

Жоспарлау кезеңі 

-білім сапасының көрсеткішіне жету және оның мәніне қол жеткізеді; 

-оқушылардың  сұраныстарына  және  қажеттілігіне  сай  жаңа  көзқарасты  идеяларды, 

педагогикалық міндеттерді жаңаша шешуді талап етеді. 



Күтілетін нәтиже – заманауи әдіс – тәсілді қолданады. 

Біздің тұтынушыларымыз көмдер? Олар бізден не күтеді? 

Олардың сұраныстарына біздер қалай жауап беруіміз керек? 

Мекемеден олар не талап етеді? Тұтынушының қажетін өтеу. 

2. Оқушы талаптары үшін біз қандай әдістерді қолданамыз? 

Кездесетін  қиыншылықтар  мен  кедергілерден  шығуда  неге  сүйенеміз?  Жетістікке 

жетуде қандай сыншыл факторлар болуы керек 

3.  Табысқа  жол  мүмкін?  Жетістікке  қалай  жетеміз?  Қандай  стандартты  жузеге 

асырамыз?  

4.  Сапаны  жүзеге  асыру  асырамыз?  Сапа  несімен  құнды?  Мамандар  қызметін  қалай 

ұйымдастырамыз? Кәсіптілік пен шығармашылықты дамыту жолдары қандай? 

5.  Мамандар  қызметі  Табыссыздық  пен  кезіккен  кемшіліктерді  жоюда  қандай  нақты 

әрекеттер болды? Нәтижелі жұмысты біз қалай не арқылы  

6. Үрдісті бағалау 

білеміз?  Нәтижені  бағалауды  қалай  жүргізсек  дұрыс  болмақ? 

Сапаға жетуде білім мекемесі жұмысының құндылығы  – бұл көзделген мақсатқа жету 

мен басты міндеттерді шешуде өз қызметін құру принципі. Ол: 

-оқушыларды бірінші орынға қою; 

-жоғары деңгейдегі кәсіптілікпен жұмыс істеу; 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

10 



 

-бірлікте еңбек ету; 

-тұрақты жақсартуға көмек жасау; 

-барлық тұлғалар үшін бірдей еңбек ету; 

-жоғары сапалы қызметпен қамту. 

Білім  сапасын  арттыруда  тұлғалар  қызметін  талап  деңгейінде  ұйымдастырудың  мәні 

зор. Ол қызметтің бағыттары мынандай болып келеді: 

Ұйымдастырушылық қызмет: 

-педагогтің қызметін ұйымдастыру; 

-мұғалімнің оқушы қызметін ұйымдастыруы; 

-оқушы қызметіне жағдайдың жасалуы; 

-мұғалім мен оқушының өзара байланыс қызметі; 

-оқушының өз қызметін ұйымдастыруы. 

Жобалаушылық қызмет: 

-педагогикалық үрдіске қатысушылардың мүмкін болатын нәтижелерін жобалай білу; 

- педагогикалық өзара әрекетті үлгілеу; 

-  педагогикалық  технологияны  жүзеге  асыру  үрдісінде  мұғалім  мен  оқушының  даму 

деңгейін болжау. 

Коммуникативтік кызмет: 

-  педагогикалық  үрдіске  қатысушылардың  (мұғалімдер,  оқушылар,  ата-аналар) 

арасындағы коммуникативтік кызмет. 

- мұғалім мен оқушылар арасындағы ақпараттық алмасу

- педагог пен тәрбиеленушілер арасындағы өзара түсіністік жағдайдың жасалуы. 

Ю.К.Бабанский мұғалімнің сабақ үстіндегі шығармашылығын 4 деңгейге бөледі: 

-мұғалімнің сыныппен өзара әрекеті, нәтижеге жетуге ұмтылуы; 

- мұғалімнің сабақтағы қазметі, яғни жоспардан бастап оқытудың мазмұны, соған орай 

әдіс-тәсілдердің таңдалуы; 

-оқушы шығармашылығын қалыптастыру, соны дамыту мүмкіндігін жасау; 

-оқушылармен  өзара  қарым  –  қатынаста  толық  дербестік  таныту,  оқыту  мен 

тәрбиелеуде  нақты  шағармашылықпен  жұмыс  жүргізу,  оқушыларды  өздігінен  оқуға 

жұмылдыру. 

Мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады: 

1. Алынған көрсеткіштерге талдау жасау; 

2. Кезіккен проблемаларды, ситуациаларды сезіну; 

3.Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құру; 

4.  Өз  қызметінде  бағдарланған  міндеттерді  шешуді  тұрақты  кері  байланыс  арқылы 

жүзеге  асыру.  Ал,  мұның  барлығы  мұғалімнің  кәсіптілігіне  байланысты  болмақ.  Ол 

біріншіден,  өзінің  еңбегінің  нәтижесін  өлшеу  біліктілігі  мен  қызметінде  сапалы 

көрсеткішке  жетуі.  Екіншіден, практикалық  қызметте  педагогтің  сапалық  көрсеткішін 

зерттеу  біліктілігі.  Әр  педагог  өз  жұмысына  талдау  жасауда:  Неге  жеттім?  Неге 

ұмтыламын?  Не  кедергі  жасайды?  сұрақтарын  басшылыққа  алуы  тиіс.  Н.В.  Кухарев 

бойынша педагогикалық шығармашылықты өлшеу. 

Критерилері төмендегіше: 

 



Жаңашылдығы және түпкіліктілігі; 

 



Ғылыми негізділігі; 

 



Әлеуметтік –педагогикалық ерекшелігі; 

 



Болашақтылығы; 

 



Өзара әрекеттің тиімділігі; 

 



Қанағаттанушылық; 

 



Нәтиженің тұраұтылығы; 

 



Бейімділігі; 

Педагогикалық шығармашылықты өлшеу критерийлері      



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

11 



 

Критерийлердің қызметте байқау түрлері 

Марериалды берудің түпкіліктілігі:  

 



білім беру мазмұнының түпкіліктілігі;   

 



пәнаралық байланыстардың түпкілікті негізі;  

 



жаңа әдістер, үлгілер, олардың түпкілікті байланысты;  

 



қолданылып 

жүрген 


әдістер, 

тәсілдер 

мен 

үлгілер 


дәрежесін                                         

өзгерту; 

 

жаңа авторлық әдістеме; 



1.Жаңашылдық және жаңа авторлық оқыту мен тәрбиелеу жүйесі; 

 Оның түпкіліктілігі педагогикалық ізденістегі бейімделу дәрежесі 

 Педагогикалық – психологиялық гылымдардың жетекші  идеяларына сүйену: 

 



өзінің шығармашылық ізденістерінен негізгі ойды ескеру; 

 



алдындағы қатарлы педагогикалық тәжірбиелерге сүйену; 

 



басқа салалардағы: медицина, акмеология, философия,  

2. Ғылыми дәлелділігі социология және т.б білімдерді пайдалану. 



Педагогтың өзі үшін ізденудің ерекшелігі: 

 



әріптестер үшін ерекшелігі; 

 



оқушылармен щығармашылықпен жұмыс жүргізу бағытын дәрежесі; 

 



әлеуметтік тапсырыстар, ата-аналар сұраныстарының дәрежесі; 

 



білім беру жүйесіндегі шығармашылық ізденіске дем  

3. Әлеуметтік- ерекшелігі  

берушінің әрекет дәрежесі; 

 



барлық аймақтың білім беру жүйелерін дамытудағы тәжірибелер ерекшелігі. 

Оқушылардың жұмысқа қабілеттілігін өсіру дәрежесі. 

 



педагогтар мен оқушылар қызметінің тиімділігі; 

 



педагогикалық  нәжижені  аймақтық  жағдайлар  мен  потенциалдық  мүмкіндіктеріне 

сай тұрақты жақсартуы; 

 

оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тұрақты күшейту; 



 

сыртқы себептерді азайту есебінен ішкі бағыттағы себептерді кеңейту; 



 

болашақ тенденцияларды ескергенде материалдық 



4. Болашақтылығы, 

шығын дәрежесі, қолайлылығы.                           Педагогтың 



оқушыға ықпал ету дәрежесінің өзгеруі: 

 



педагогикалық нәжиженің сапалық, сандық көрсеткіштерінің динамикасы

 



оқушылардың  психофизиологиялық  ерекшеліктеріне  педагогикалық  әрекеттердің 

сәйкестік икемділігінің дәрежесі; 

 

педагогтың өзінің оқушылардың ықпалын өзгерту дәрежесі; 



 

оқушыларды  жеке  тұлға  ретінде  инновациялық,  шығармашылық  тұрғыда 



қалыптастырудағы педагогтың  

5. Өзара әрекет тиімділігі 

жеке тұлға ретіндегі ерекшелігі; 

 



жаңа әдісьердің туындауы. 

Педагогтің шығармашылық қызмет үрдісіне: 

 



педагогтің өз қызметінің нәтижесіне; 

 



оқушылардың қызметінің әр кезеңде нәтижеге жетуі; 

 



оқушылардың еңбектестік үрдісіне; 

 



оқушылардың пелагог қызметін атқару үрдісіне 

 



сезімдік- адамгершілікті жетілдірудің өзара нәтижелері; 

 



ақыл-ойдың өсуінің нәтижелері; 

 



өзіндік даму және өзіндік жетілу жолын  

6.Қанағаттанушылық шығармашылықты қалыптастыру бағытына. 



Педагогтің қызметі бойынша көрсеткіші: 

 



пәнді оқыту көрсеткіші; 

 



басқа педагогтардың пән бойынша көрсеткішіне қатысы; 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

12 



 

 



туыстас пәндер педагогтарымен байланысы

7.Нәтиженің тұрақтылығы. 

 

білім беру жүйесіне қатысы. 



Өзіндік щығармашылыққа ынталандыруы: 

 



педагогикалық технологияны меңгерудегі шығармашылдығының мүмкіндігі; 

 



педагогтің жеке қасиетіне сай әдістер мен технологияларға бейімделу мүмкінділігі; 

 



туыстас пәндер педагогтарының қызметіне, педагогикалық  

8. Бейімділігі инновацияны пайдалану қызметіне бейімділігі, 

 

білім беру жүйесіндегі педагогтің қызметіне бейімділігі; 



 

әр түрлі жағдайға бейімділігі. 



Педагогтің  өз  еңбегіне,  сапалы  көрсеткішіне  зерттеу  және  талдау  жасау 

біліктілігіне қарай шығармашылық мынандай деңгейлерге бөлінеді: 

1.  Ақпараттық  –  өндірушілік:  педагог  басқаның  тәжірибесін  ескере  отырып, 

нәтижеге  жету  жолындағы  педагогикалық  міндеттерді  шешеді,  нақты  стуацияларды 

шешудің тиімділігін талдауды біледі. 

2.Бейімділік-болжаушылық:  педагог  өзіне  белгілі  ақпараттан  оқушылардың 

потенциялық мүмкіндіктері мен өзіндік жеке қасиеттерін ескере отырып, өзара әрекет 

әдістерін,  құралдарын,  тәсілдерін  іріктеп,  өзгертіп  пайдалана  біледі.  Бұл  деңгейде 

пәнаралық  байланыс,  саралап  оқыту,  білім,  білік  дағдыларын  меңгерту  жұмыстары 

жүреді. Бұл педагогикалық шығармашылықтың І деңгейі. 

3. Ұтымдылық: падагогтың құрастырушылық – болжаушылық қабілеті байқалады, 

яғни  жаңашылдық,  педагогикалық  үрдісті  мақсатты,  ұйымдастыру,  педагогикалық 

міндеттерді шешудің қалыптан тыс түрлерін қолдану, т.б. Бұл ІІ деңгейі. 

4.  Зерттеушілік:  педагог  өзінің  ізденісінің  тұжырымдамалық  негізін  анықтай 

біледі,  оларды  еркін  қисындырады.  Оның  нәтижесін  зерттеу  негізінде  өзінің  жүйесін 

дайындайды.  Бұл  педагог  өзінің  тәжірибесін  жинақтай  біледі.  Бұл  педагогикалық 

шығармашылықтың «жоғары» деңгейі. 

5. Креативтік. (шығармашылықты елестете білу) – болжаулышық: педагог жоғары 

міндеттерді  ұсыну  және  олардың  шешудің  әдістерін  негіздеу  қабілеттерін  көрсетеді. 

Мұндай  қызмет  нәтижесінде  өмірлік  шығармашыл  инновациялық  тұлға  қалыптасады. 

Бұл  деңгейде  педагог  қызметінде  өзара  әрекет  жасау  әдісі  орын  алады.  Принцип 

бойынша  бұл  әдістерді  оның  оқушылары  да  меңгереді.  Олар  тұрақты  жағдайда  өз 

мүмкіндіктері  бойынша  өзіне-  өзі  іштей  жарысқа  түсу  үрдісінде  нәтижеге  жетуге 

тырысады.  Алғашқы  екі  деңгейде  шығармашылықпен  жұмыс  істейтін  мұғалім  өзін 

іздейді,  яғни  ол  өзіне:  Мен  не  істей  аламын?  Қолымнан  не  келеді?  Деген  сұрақтарын 

қойса  ІІІ  деңгейде,  Қалай  жақсы  істеуге  болады?,  Қандай  әдіс-тәсілдер,  құралдар 

жоғары  нәтиже  береді?  Деген  сұрақтар  басшылыққа  алса,  ал  ІV,  V  деңгейде  өз  іс 

әрекетіне  шығармашыл-  педагог:  Мен  кімді  қалыптастырамын?  Менің  қызметімнің 

нәтижесі  не?  Сұрақтарын  басшылыққа  алады.  Мұғалім  сабағына  қатысу  және  талдау 

жасау,  бағыт  –  бағдар  беру  мектеп  басшыларының  қызметінің  негізгі  және  маңызды 

кезеңі болуы тиіс. В.А. Сухомлинский « Разговор с молодым дитектором школы» атты 

еңбегінде:  «Сабаққа  жиі  қатысып,  талдау  жасайтын  мектеп  директоры  мектепте  не 

болып  жатқынын  хабардар  болады,  ал  жиналыстар  өткізіп,  басқа  ұйымдастыру 

жұмыстарымен жүріп, оқушының, мұғалімнің еңбегімен тікелей таныспаған басшының 

қызметінің мәні болмады» деген оқыту сапасының негізгі критерийлері оқыту үрдісінің 

нәтижесі мен оқушылардың білім, білік дағдысының сапасы болып табылады. Өйткені 

сапалы,  білімді  шығармашыл  оқушы  (кіші  ғылым  академиясы  жанында 

ұйымдастырылатын  ғылыми  жұмысьар  жоба  жарыстары  жүлдегерлері  мен  пәндік 

олимпиада,  «Дарын»  бағдармасы  бойынша  өткізілетін  байқау,  жарыстарының 

жеңімпаздары  және  т.б.)  шығармашылықпен  жұмыс  жүргізетін  мұғалім  еңбегінің 

жемісі. 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

13 



 

Мұғалім – өте нәзік инструмент, ол барлық адами қызметтерді өзінде жинақтауға 

ұмтылады.  Ол  философ,  дирижер,  ұйымдастырушы,  оқумысты,  психолог,  артист. 

Сондықтан  оның  бойындағы  байқалатын  қызметтерге  сыйластықпен  қарай  отырып, 

оны  жетілдіруге  көмек  көрсету  және  бұл  инструменттің  ерекшеліктері  мен  дауысына 

үн  қосу  негізгі  міндеттердің  бірі.  Сондай  –  ақ  олардың  тұлғалық  қасиеттерін  аша 

отырып,  оқушыларға  сапалы  білім  беру  және  шығармашылдығын    қалыптастыруда 

жан- жақ жақты көмек ұйымдастыру сапалы еңбекке қол жеткізудің бірден  –бір жолы 

болмақ. 

Шығармашыл жұмыс істейтін мұғалім. 

Өз пәні бойынша терең, жан – жақты білімді. Білімін жоспарлы жоғарлата алатын, 

мамандығы бойынша методикасын, әр түрлі саладағы ғылыми – көпшілік әдебиеттерді 

еркін меңгереді. 

1.Өз пәні бойынша білімі  өз пәнін біледі, қызықтырып өтеді. 

2.Өз  пәніне  қатынасы  жаңа  көзқарасты  идеяларды,  педагогикалық  міндеттерді 

жаңаша шешуді талап ететін активтілігімен көзқарасы ерекшеленеді. 

3. Жұмыстағы жаңашылдыққа оқушылардың, сыныптың ерекшелігін ескереді.   

4.  Оқу  жұмысын  жоспарлауды  жүйесінің  формасы  мен  тәсілдерін  түрлендіре 

отырып, білу. Шығармашылықпен жоспарлау.  

5. Оқутыдың психологиялық, педагогикалық концепциясын еркін меңгереді және 

оны  педагогикалық  білім  негізі.  Оқушылармен  қарым  –  қатынас  жасау,  оларға  талап 

қоя білу, мөлшерін сақтай біледі. 

6. Педагогикалық тәсіл. Оқушы ерекшелігін жүйелі зерттеу, оқыту талаптарында 

жеке  қарым  –  қатынасты  қамтамасыз  ету,  яғни  тапсырманың  күрделілігі  мен  көлемін 

деңгейлеу, нашар үлгеретін                                                         оқушыларға үнемі 

тиянақты 

көмек 

көрсету, 



үй 

тапсырмасының                                                          

орындалуын үнемі бақылау.                     

7.  Оқыту  процесінде  оқушымен    нашар  оқушыларды  бір  мезгілде  көз                                                    

алдында  ұстай  білу.  Оқу  еңбегін  оқушыларда  дағдыға  айналдыру,  білім  –                                                                  

білік дағдысын мақсатты, тиянақты түрде бірдей қатынаста ұйымдастыру, білім алуда 

өзін – өзі бақылау, оқу еңбегін дұрыс қатынаста жоспарлау, оқыту. 

8.  Оқу  еңбегі  дағдысындағы  жазудың,  есептердің  міндетті  жеке  қарым-  қатынас 

оқушыларды дамыту жұмысын тудыру. Оқыту формасы мазмұны мен әдісінің активті 

дамуы  материалдарындағы  керектісін  бөліп  ала  белуіне  үйретеді  және  жеке  қарым  – 

қатынас жұмысы жасауға  жағдай туғызады.                         9. Ойлау  қабілетін дамыту 

оқушылардың  пәнге  қызығушылығын  арттыруда  негізгі  жұмыс  тәсілдерін 

пайдаланады, мазмұнның жаңашылдығын пайдалану;  

10.  Оқушылардың  пәнге  қызығушылықтарын  қалыптастыруға,  жеке  қарым  – 

қатынас  жасауға  жағдай  туғызады.  Бағалауды  практикада  қолдана  білу,  тек  қана 

білімін,  қызығушылығын  дамыту,  күнделікті  баға  қорының  жеткілікті  саны 

оқушылардың тоқсандық қортынды баға бөліп ала білуіне үйретеді және жеке қарым –  

қатынас жасауға жағдай туғызады.                                         Бағалау емес оның 

практикалық  –  эксперементалдық  білім  –  білік  дағдысын  бағалауға  дұрыс  жағдай 

туғызады.        

11.  Оқушылардың  білім-білік  дағдысын,  білім  сапасын  бағалай  білу.  Өз  елінің 

сауатты, сапалы азаматы жан  – жақты дамыған, барлық жағдайларда тез арада шешім 

қабылдай алатын. 

Креативті мұғалім 

Техниканы  білу  Интернет,  компьютер  қолдана  алатын  Мейірімді,  қамқоршы. 

Ақылшы  болуға  әрқашан  дайын  Болашақ  елімізді  шет  елдермен  байланыстыра  білу 

үшін тілдерді білу, меңгеру. 

 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

14 



 

Әдебиеттер: 

1.АваковаР.Ә.  Фразеология  теориясы.  –А.:  Қазақ  университеті,  2009.  -292б. 

2.А.Қабдолов,  Сөз  өнері.  Таңдамалы  шығармалар.  I  т,  А.,  1983.  

3.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. А.: Ғылым,   1989 

4.Қожахметова  Ф.  Тұрмағанбет  Ізтілеуов  тілдік  тұлғасының  диск урстық 

сипаты:  Филол.  ғыл.  канд.  дис….  автореф.  10.02.02.  5.А.Байтұрсынов 

атындағы Тіл білімі институты, – Алматы: 2004. – 32- б. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет