1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет3/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

Аннотация 

В  статье  говориться  о  тесной  взаимосвязи  качества  успеваемости  учащихся  и 

творческой деятельности учителя. 

Деятельность  учителя  заключается  в  получном  объяснении  и  достижении 

результатов. 

Это  применении  на  уроках  4  уровневых  заданий,  способствующих  развитию 

коммуникативных  творческих  способностей.  Индивидуальный  подход  к  каждой 

ученику разной мотивационной деятельность способствует раскрытию их внутреннему 

потенциалу,  всестороннему  развитию  личности,  воспитанном  в  духе  времени, 

умеющим  ориентироваться  в  любой  жизненной  ситуации  и  принимать  быстрые 

решения. 

В  этом  и  заключается,  по  мнению  автора  статьи,  деятельность  учителя  с 

креативным типом мышление. 

 

 



                          Сатыбалдиевна Гулбаршын АБИХАНОВА,  

 «№4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,  қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі, Маңғыстау облысы,   

Қазақстан Республикасы 

 

ТЕСТ  ӘДІСІ   АРҚЫЛЫ   ОҚУШЫЛАРДЫ   ҰБТ-ҒА  ДАЙЫНДАУДЫҢ   

ТИІМДІЛІГІ 

 

Түйін 

 

 Бұл    мақалада  тест    әдісінің    оқушы    білім      сапасын    анықтауда 



диагностикалаудың   тиімді  жолдары  айтылады. 

 

 



Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев  " Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –  бүгінгі 

мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол  деңгейде болады. 

Сондықтан   ұстазға жүктелетін  міндет ауыр" десе, Мектептің тірегі де тілеуі де оқыта 

білетін мұғалім" – деп , А. Байтұрсынов айтқандай, қазіргі   білім саласында  оқытудың  

жаңа    технологияларын  меңгермейінше,  жас  жеткіншекке  заман  талабына  сай    жан-

жақты  білім  беру мүмкін емес, себебі қазіргі білім саласындағы талаптарды орындауға 

дәстүрлі  технологиялардың  деңгейі  жетпейді.  Сондықтан  да  тестілеу  әдісін  қолдану  

тиімді,  пайдалы,  әрі  нақты  педагогикалық  өлшемнің  бірі  болып  тұр.  Педагогикалық 

тест тарихы осыдан  130 жыл бұрын пайда болған. Ресей  ғалымы, педагог-психолог В. 

А.  Петровский  "Тестік  жүйе  оқушының  жан-жақты  білімді  болуына  ықпал  етеді, 

сондықтан  ол  жүйе  тез  қолданысқа  ие  болып  отыр"  деген  болса,  көптеген  ғалым- 

педагогтер  "тест  жүйесі  оқушының  жан-жақты  дамуына  ықпалын  тигізеді,  өзін-өзі 

бақылауына мүмкіндік береді,  бақылау әдістемесін оқыту әдісіне айналдырады" дейді. 

Сондықтан    тест    әдісі  тек  бекіту  әдісі  ғана  емес,  қайталау  дамыту  және  бақылау 

әдісінің жиынтығы болып табылады.  

 

Оқушы  білімін  нақты  бағалаудың  әдісі    ретінде  тестілеу  жүйесін  енгізу  білім 



беру  саласының  жұмысын  нақты  бағалауға,  білім  беретін  мұғалімнің  кәсіби 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

15 



 

құзіреттілігін  анықтауға,  білім  сапасының  мониторингін  шығаруға  мүмкіндік  беретін 

әдіс болып отыр.  

 

Тесттік  технология-оқушыға  баға  қою  мақсатында  емес,  оқушының    қай 



тақырыпты    қалай    меңгерген  і  жайл  ы  мәлімет  беретін  дидактикалық  әдіс.  Мұғалім 

оқушыны бір сарынды жұмыспен жалықтырып алмау  үшін толықтыруды қажет ететін 

тестілер,  балама    жауабы    бар  тестілер,  таңдамалы    тест  ,сәйкестендіру  немесе 

салыстыру  тесті,  дұрыс  таңдау  немесе  ашық  тесті    сияқты      әр    түрлі  әдістері  

пайдаланған   жөн.  

 

Бұл тест түрлерін  әр сабақта үнемі ауыстырып  қолданып  отырса, жоғарғы  



нәтижеге қол жеткізуге болады. 

     


Тест оқушы жұмысын жеңілдетеді, тест кезінде оқушы аз жазады, көп  ойлануға  

мүмкіндік  алады,  өз  жұмысын  салыстыру  мен  қорытындылауға    дағдыланады.  Тест 

арқылы бақылау  барысында мені қызықтырғаны: білім  сапасын шұғыл білу, қателерді, 

ескертулерді    дереу    түзеу.  Тестілеудің  тағы  бір    тиімді  жағы-барлық  оқушылар  бір 

деңгейде жұмыс жасайды.  

    


Тест тапсырмасын  құру барысында  әртүрлі сала, әртүрлі бағдарлама,   әртүрлі  

тақырыптар  қамтылады.  Бұл  өз    тарапында    оқушының    білім  деңгейін  анықтай 

отырып, нақты тапсырмалар беруге көмегін тигізеді. Мысалы: әртүрлі ережелерді білу, 

әртүрлі  білім  саласы  бойынша  оқушылардың  деңгейін  анықтау,  бағдарламалық  

материалдарды    қамтуын    бақылау,  есте  сақтау  және  қолдану  барысын  бақылауға 

болады.  

 

Мұғалімге    тест    жұмысы        мониторингін    шығару,оқушының  білім    сапасын  



анықтау, оқушының  білімін  диагностикалауға   мүмкіндік береді. 

      


Біздің      мектебімізде    11-сыныптарды    оқушыларын      ҰБТ-ға  дайындау 

жұмыстарын  әр  пән  мұғалімдері  жүзеге  асырады.  Оқу  жылының  басында    мектепте  " 

ҰБТ-ға  дайындық    жұмыстарының    жоспары"  жасақталады.  Әр    мұғалім  өз  пәндері 

бойынша  "оқушылардың  білім  сапасының  даму  картасын"  жасайды.  11-  сынып    пән 

мұғалімдері  әр  тоқсан    басында  белгілі  бір  межеге  жету  көрсеткіштік  береді. 

Мұғалімнің сол межеге жеткізуді мектеп   әкімшілігі  

тарапынан    бақылауға      алынады,  кемшіліктер  мен  жетістіктер  талданып, 

кемшіліктермен  түзету  жұмыстары  жүргізіп  отырады.  Мысалы:  қазақ    тілі  сабағында 

оқу материалдарын  қазақ  тілінің  салаларының тарауы бойынша технологиялық карта 

толтырады.   

  

Үлгі "Фонетика" саласының меңгеруін тексерудің  технологиялық  картасы. 



       

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

16 



 

 

        Тарауды  тақырыптарды  оқушының  меңгерген, меңгермегенін  бағалау       



        шкаласы: 

«5»   -   толық меңгерген 

«4»   -   мүмкіндік  деңгейді  меңгерген 

«3»   -   міндетті  деңгейді  меңгерген 

«2»   -   міндетті  деңгей  меңгермеген 

   


Әр    оқушының    орташа    ұпай    көрсеткішінің      жиынтығын    шығару    үшін    әр  

тақырып    бойынша      алған    бағаларын    қосып,  тарауда    қамтылған    7    тақырыпқа  

бөлеміз. Жалпы  сыныптың  орта ұпай  көрсеткішін  шығару  үшін  барлық  оқушының   

орташа  ұпай  көрсеткішін  қосып,сол  сыныптағы  оқушы санына  бөлеміз.      

            Бағалау    шкаласы    негізінде      әр    оқушының    «Фонетика»  саласындағы  

тақырыптарды    қандай    деңгейде    білетіндігі  ,қандай    тақырыптар    бойынша      көмек  

қажет    ететіндігі    технологиялық    картада    анық      көрінеді.  Сол    нәтижеге    сәйкес  

оқушымен  жеке  жұмыс  жүргізіледі. Осындай  технологиялық  карта барлық  пәннен  

жүргізіледі. Жылда   Ұлттық  біріңғай  тестілеуден  мектебіміздің   алдыңғы  қатардан  

көрінуі   осындай  жүйелі  жұмыстың   жыл  бойы  жүргізілуінің   нәтижесі.    

     Қорыта    келгенде  ,  оқушылырды    бірыңғай    тестілеуге    дайындау  –  әр    мектептің  

үлкен    жауапкершілікпен    қарайтын      жұмысы.  Бұл-    мұғалім    алдындағы   

оқушылардың   білім  сапасын  арттыру ғана  емес, осы  заманға  сай  жан-жақты  білім  

нәрімен   сусындаған   тұлға  қалыптастыру. 

 

Әдебиеттер: 

1.

 



«Қазақстан  мектебі» Республикалық  ғылыми-педагогикалық журнал  №5    

       2012 ж. 

2.Н.Д. Хмель  Жалпы  білім  беретін  мектептегі  педагогикалық   процесс        

          Алматы 2002 ж. 



Аннотация 

 

 В  этом  статье  показанный  пути  эффективности  методов   диагностики  для  



определения   качества  образования  учащихся.  

 

 

 



 Журналдағы  тізім бойынша  оқушылардың   аты-жөні 

№ 

Мазмұны 









Сынып 

б/ша 


орташа 

ұпайы 


Дауысты 


дыбыстардың 

классификациялануы 









 

Дауыссыз 



 

дыбыстардың  

классификациялануы 







 



Буын.Буын  түрлері 







 



Тасымал 







 



Үндестік    заңы.Буын,дыбыс 

үндестігі 









 

Орфография  мен  орфоэфия 









 

Екпін.Екпін түрлері 



 







 

 



Орташа  ұпай  көрсеткішінің  

жиынтығы  

3,8 

4  


4,7 

3,6 


3,8  3,7  3,6  3,8  3,3   3,8 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

17 



 

Салтанат АЖИГУЛОВА,  

№6 орта мектебі ММ, бастауыш сынып мұғалімі,  

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы, Қазақстан Республикасы  

 

ДАРЫНДЫ БАЛА –ҰЛТ БОЛАШАҒЫ 

 

Түйін 

 

 

Мақалада  қабілетті  балалармен    жеке    жұмыстарды  ұйымдастырудың 

негізгі бағыттары жөнінде айтылады. 

 

 «Адам 


ұрпағымен 

мың 


жасайды» 

-дейді 


қазақ 

мәтелі.Иә,ұрпақ 

жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді.Ол сәт 

сайын  өзгеріп,  өрлей    дамыған  саналы  тірлік.  Қазіргі  жас  ұландар  болашақтағы 

еліміздің    тіректері,  еліміздің    болашақ  өкілдері  болып  табылады.Бүгінгі  таңда 

мектептер  алдында    еліміздің    интеллектуалды  және  шығармашылық  потенциалын 

өсіру  міндеті  тұр.  Қазақстан  Республикасының      білім  беру  саласы    барлық 

өркениетті  елдердегідей  білім  беру  мекемелеріндегі  ғылыми  -әдістемелік 

жұмыстарды  осы бағыттта жүргізуді ұсынуда.Осы мақсатта 1996 жылы 24 мамырда 

ҚР Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді қолдау  және дамыту» 

туралы № 3002 Жарлығы мен  осы Жарлықты орындау туралы ҚР Үкіметінің №1125 

16.09.96ж қаулысы шыққан болатын Содан бері  бұл бағытта  республикада біршама 

жұмыстар  атқарылып,  тәжірибелер  жинақталды.  Білім  беру  мекемелері    жергілікті 

«Дарын»  орталығымен    бірлесе    жұмыс  жасауда.  Мектептердің  педагогикалық 

ұжымы  алдында  дарынды  және  талантты  балаларды  айқындау  ,  олардың 

шығармашылық  жұмыстарына    барынша    қолдау  көрсету  және  қабілетін  дамыту 

бағытында орасан  жұмыстарды атқару міндеті тұр.Қоғам әрдайым жеке тұлғаларға 

мұқтаж, демек баланың қабілеті мен дарынын ашу маңызды іс. 

 

Ғылыми зерттеулерде  баланың жас ерекшелігіне  қарай қабілеті,белгілі бір іс 



әрекетке бейімділігі   жас кезінен  белгілі бола бастайтыны дәлелденген.Бейімділік- 

бұл  адамның  белгілі    бір  іс-әрекетпен    айналысуға  бетбұрысы  ,оянып  келе  жатқан 

қабілеттің  алғашқы    белгісі.Демек  бала  кезде    ерекше  көзге  түсетін  бейімділік 

келешектегі  қабілеттіліктің    көрсеткіші  бола  алады..Қабілетті,  дарынды  балалар 

әдетте  тез  ойлайтын  ,көп  көлемде  білім  меңгеретін,ұзақ  есте  сақтай  алатын  болып 

келеді.Қабілеттілік- оқушының жеке психологиялық ерекшелігі. Ол жалаң білім мен 

дағды  емес,  соны  тез  игеру  жолындағы    баланың  табандылығы  мен  ептілігі. 

Дарындылықты  анықтаудың    дайын  үлгісі  әдіс  тәсілі  жоқ.  Адамның  дарындылығы 

оның жоғары туа біткен жеке қасиеттерімен  тығыз байланысты. Адамға белгілі  бір 

қызметті  ойдағыдай  атқару  мүмкіншілігін    қамтамасыз  ететін  қабілеттердің    бірі  

талант  деп  атайды.  Талантты  адам  дегеніміз  –  жоғары  білікті  шығармашылықпен 

жұмыс  жасайтын  адам.Дарынды  балаларды  іздеу  ,  оларды  оқыту    мен  тәрбиелеу  

қоғам үшін бүгінгі күні  өте қажет, себебі дарынды бала басқа  оқушыға қарағанда   

игеру  шапшаңдығы  тез,ойлау  қабілеті  жоғары,тез  шешім  қабылдай  алатын    жеке 

тұлға.  Дарынды  баланы  анықтау  бірнеше  жылдарға  созылатын  және  шебер 

психологтар  мен  педагогтардың    бірлескен  үздіксіз  жұмысын  қажет  ететін  күрделі 

процесс. 

 

Белгілі  психолог  Н.С.Лейтес  дарынды  баланың  негізгі  қасиеттері  деп 



көрсетеді.: 

-

 



ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы,еңбек ету қабілетінің жоғарылығы: 

-

 



ақыл  –  ой,  логикалық    ойлауының    тездігі,кез-келген  жағдайды  талдап  салыстыра 

білуі; 


-

 

барлық күш жігерін  салып,тынымсыз жұмыс істеуі; 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

18 



 

-

 



жеке  жұмыс  жасап  ,  даралап  оқыту,  қиындығы  жоғары  және    көлемі    үлкен 

материалдарды өз бетінше меңгеруге болады; 

Осы  қағидаларды  басшылыққа    ала  отырып  кез  –келген    баланың    бойындағы  

қабілетті    үздіксіз  еңбек,  мұғалімнің    ерінбей  жалықпай    үлкен  ізденіспен  жұмыс 

жасауының  нәтижесін жүзеге асыруға болады. 

 

Қабілетті  балалармен    жеке    жұмыстарды  ұйымдастыру    тәжірибемізде  



төмендегідей негізгі бағыттарды қамтиды: 

-

 



баланың  бойындағы қандай да  бір дарынды бағалауда жоғары  санатты тәжірибелі  

мамандарды тарту (математиктер, филологтар,шахматистер, инженерлер т.б.) 

-

 

дамытуышлық  ықпал  бере  отырып,  баланың  психологиялық  «кедергілерін»  жоюға 



мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану; 

-

 



 баланың  қызығушылығы  мен    мен  бейімділігіне    барынша  сәйкес  келетін  қызмет 

аясында  баланың іс-әрекетіне  талдау жүргізу (арнайы  ұйымдастырылған  пәндік – 

ойындық  сабақтарға қатыстыру, сәйкесінше түрлі іс-шараларға қатыстыру); 

-

 



оқушыны    зерттеуге  кәсіптік    шеберлігі  жоғары    мамандарды  қатыстыру 

(психологтар мен педагогтар) 

-

 

баланың мінез-құлқын ұзақ уақыт зерттеп, бақылау; 



-

 

диагностикалық  жұмыстар  арқылы    жеке  қабілетін  анықтау,баланы  қосымша 



сабақтарға , үйірмелер мен секцияларға қатыстырып икемділігін байқау: 

-

 



Түрлі  ақпарат  алу  көздерін  пайдаланып,  бала  қабілеттерін    кең  көлемде    қамтуға 

мүмкіндік  беретін    баланың  мінез-құлқы  мен  іс-әрекетін  жан-жақты  бағалаудың  

кешендік сипаты: 

-

 



Жан-жақты 

зерттеу 


жұмыстарын 

жүргізу 


арқылы 

 

оқушылардың 



икемділігін,қабілеттілігін айқындау , оларды топтарға бөлу; 

-

 



 әр алуан мақсатта  жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру; 

-

 



Сапалы  жүргізілген  психометриалық  тесттер    көмегіне  сүйене    отырып,баламен  

жұмыс жасауға,  оның  қабілетін байқауға болады: 

-

 

Шығармашылдыққа 



және 

мамандыққа 

қызығушылығын 

өнер,әдебиет, 

техника,ғылым, салаларындағы олимпиадаларға ,конкурстарға қатыстыру: 

Дарындылықты  зерттеуде  ,дарынды  баланы    дұрыс  тани  білуде  біз    ең  алдымен  



психодиагностикаға сүйенеміз.  

 

Баланың  психодиагностикасы  оның  бойындағы  ерекше  қабілеттерді    ерте 



байқап,одан  әрі  дамуы  үшін  қолайлы  жағдайлар  туғызу  үшін  жүргізіледі.  Ерте 

жасалған  диагностика    негізінде  бала  бойындағы    қандай  да  бір  ерекшелікті  

байқауға болады. Дарындылық деп түрлі іс-әрекеттерде  жоғары жетістіктерге жете 

алатын  жеке  тұлғаның  танымдық  ,  мотивациялық(мотив-  ішкі  қайшылықтарға 

итермелеуші күш),ұйымдастырушылық қабілеттерін айтуға болады. 

 

Дарынды    балаларды  анықтаудың  біріншісі  дұрыс  жүргізілген  диагностика 



болса,  екіншісі  бала  қабілетін  дамыта  алатындай    -арнайы    оқу  бағдарлама  мен  

білікті  мамандардың    қатысуын  қажет  ететін    өте  күрделі  мәселе  және  дарынды  

балалармен жұмыс жасаудағы  қажетті кезең болып табылады. 

Дамытушы бағдарлама  

 оқушы 

бойындағы 



қабілеттілікті 

шығармашылықпен  арттырып  отыратындай  болуы  керек.    Мұндай  бағдарлама 

жалпы қолданып жүрген бағдарлама  шеңберінен шығып, әрбір  оқу материалы кең 

көлемде беріледі. Оқушыға берілетін материалдар  оның қабілетін үнемі дамытып,өз 

бетінше  ізденісте    болып,  белгілі    нәтижеге  жетуге    жағдай  жасайтындай  болуы 

шарт. 


Әр  мұғалім,  тәрбиешінің    аса  маңызды  міндеттерінің    бірі  әр  оқушының 

бойындағы  қабілетті  ,икемдікті    көре  білу  болып  табылады.  Кейбір  оқушылардың 

қабілеті  ерте  ашылған гүл сияқты жұрттың бәрін таңдандырып жарқырап көрінеді, 

ал  екіншілерінің  мінез  –құлқына,  темпераментке,  байланысты  көзге  көп  түсе 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

19 



 

бермейді.Ал мұғалімнің міндеті  көзге түсе бермейтін қабілетін көре білу және оны 

дамытуды жүзеге асыру. 

  Дарынды    балалармен  жұмыс  жасайтын  мұғалімдерге  төмендегідей  талаптар 

қойылады.: 

-

 



кең пейілді нақты болу; 

-

 



интеллектуалды дамуының жоғары болуы; 

-

 



іскерлігімен,қызықтыратын тақырып ауқымы кең болуы; 

-

 



белсенді, тынымсыз мінез –құлық икемі; 

-

 



әзілдесе білуі; 

-

 



өзін-өзі жетілдіру барысында көзқарасын өзгертуге әзір болуы; 

-

 



өзіндік  дүниетанымдық көзқарасы болу 

Дарынды оқушыны  тәлім –тәрбиеде табысқа жетелейтін ұстаздардың өзінде   өзіндік  



мінез-құлықтар  ерекше  болады.  Олардың  жеке  сезімдері  басым,өз  қадірін  білетін 

және  ерікті  адамдар,өзіне-өзі  сенімділер.Жоғары  ақыл  иелері.Тың  ой-  пікірлерге 

құштарлар.Интелектуалды    әдеби    және  мәдени    тақырыптарға  бейімділер,қайратты  

және талаптылар.Қабылдауы күшті ,сезімтал, терең түсінетіндер.Саналы іс-әрекетпен 

өзіне жауапкершілік жүктегендер. 

Мамандыққы  байланысты  бейімделу.Қыспақты  және  зорлықты  қаламайды.  Белгілі 

нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  қимылға  көп  назар    аударады.    Жаңашыл,  сынағыш,  

адамдардың  жеке  басын, сенімін құрметтейді. Мамандыққа байланысты  тәжірибенің 

пайда  болуы  және  осы  мерзім  ішінде  қалыптасқан  әсер  ,  қол  жеткізген  нәтижелер,  

дарынды  оқушыларды  тәрбиелейтін  ұстаздардың  таңдалуына  белгілі  бір  критерйй 

ретінде қабылданады. 



Ұстаздық 

іс-әрекеттер. 

Мейірімді 

,өзара 

түсіністікке 



негізделген 

орта 


қалыптастырады.  Жеке  адамдардың    ерекшеліктеріне  қарай  стратегиялық  жоспар 

жасайды. Шәкірттерді  шығармашылық бағыттағы  өздігімен жұмыстарды  орындауға 

баулу,  олардың  қабілеттерін  шыңдаудың,ең  сенімді  және  тиімді  жолы  болып 

табылады.  Шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар  қабілетті  шәкіртті    неғұрлым  

дамытуды  көздейді,  сондықтан  тапсырмалар  мазмұны    стандартты  тапсырмалардан 

өзгеше  болып  келеді.  Оқушылардың  дарындылығын  анықтаудың  бір  жолы  ғылыми 

жұмыстармен    айналысуы.Бұл  бағытта  мектепте    арнайы    оқушылардың  ғылыми 

қоғамы жұмыс істейді. 

 

Мектепішілік    пән  олимпиадасының    жүлдегерлері,  олимпиадаға  қатысқан 



үміткерлер арнайы сауалнама негізінде іріктеліп мұғалімдерге бекітіліп  берілді.Бұл 

оқушылармен  дайындық  барысы  ,жоспарланған  жұмыстың  орындау  сапасы  мектеп 

басшылары  тарапынан  апта  сайын    тексеріліп,қорытындыланып  отырады.Осындай 

жұмыстарды  жүйелі  жүргізудің    нәтижесінде  шәкірттеріміз  пән  олимпиадаларында 

жүлделі орындарға ие болып жүр. 

Дарындылық  –  қабілеттердің    жиынтығ,  қызметтің    бірнеше  түрінен  көрнекті 

нәтижеге жеткен, қоғамға пайдалы  ісімен көзге түсетін жеке адам . 

 

Дегенмен,қазіргі  уақытта  дарынды  және    қабілетті  оқушылармен  жұмыс 



жасауда  шешілмей  келе  жатқан  өзгеше  қиындығы  бар  мәселелер  де  жетерлік.Атап 

айтқанда: 

-

 

Жалпы  білім  беретін    мектептерде  психолог  маманның  жетпеушілігі,дарынды 



баланы зерттеу мен анықтауда  және дамытуда кедергі келтіруде. 

-

 



Мектептегі  оқу әдістемелік базасының  төмендігі; 

ХХІ ғасырдың жасаушыларын білімді ,қабілетті ,дербес азаматқа  тән асыл өнер мен 

имандылықты бойына жинаған жеке тұлға етіп қалыптастыру –білім беру жүйесінің 

басты    мақсаты.  Бұл  барлығымыздан    үлкен  жауапкершіліпен      ыждағаттылықты 

талап етеді. 

 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

20 



 

Әдебиеттер: 

1.Венгер Л.А. Венгер А.Л. Домашняя школа . М-1994г. 

2.Савенков А.И, Одаренный ребенок в массовой школе / М- сентябрь 2001г-208с/ 

3.Теплов Б.Н. , Способности и одаренность . –М-1985 

4. 12 жылдық білім беру журналы № 2,7,11 2007ж 

5.ҚР  жаңа  тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі 

6.Ресейлік «Завуч» журналы 2001-2007жж 

7.Тұрғынбаева Б.Ш. Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілетін анықтау. 

Алматы -1999ж 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет