1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет9/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71

 

 

68 



 

территории Казахстана; 75% опрошенных хотели бы изучить в данном туре казахский язык и 

лишь 5% ответили отрицательно.  

Речь  идет  не  о  туристическом  визите.  Мы  предлагаем  «окунуться»  в  сельскую  и 

городскую  среду.  Что  это  означает?  В  летнее  время  на  протяжении  3-4  недель  участник 

проекта  проживает  в  семье.  Оказавшись  в  иной  языковой  среде,  школьники  ощущают 

полный  отрыв  от  привычной  жизни,  раскрывают  себя  и  узнают  с  другой  стороны,  а  также 

адаптируются к новым условиям. Знакомство с новой семьей происходит еще до приезда в 

ребенка, планируется культурная программа. 

В целях реализации опытно-экспериментальной части нашего проекта был произведен 

взаимообмен  учениками  села  Баймурза  Карагандинской  области и  СОШ№58  г.  Караганды. 

Нами были направлены двое учащихся школы в село Баймурза, а именно ученица 3б класса 

Жастлекова Аяна, ученик 8б класса Степаненко Андрей.  В Караганду из села приехали двое 

учащихся 7 класса – Мейрамбек Курмангазы и 8 класса – Болсұлы Байтілеу. Учащиеся были 

погружены в культурно-бытовую социальную сферу семей. В связи с тем, что такой обмен 

проводили как эксперимент, время пребывания в чужих семьях свели к минимуму – 4 дня. В 

рамках  данных  дней  учащимся  была  приготовлена  программа  по  посещению  музея, 

кинотеатра и других достопримечательностей  - в городе; посещение сельскохозяйственных 

угодий - в селе; обучение в школе. Учащиеся ежедневно вели дневник, в котором подробно 

отображали  всё  то,  что  происходило  за  день  (знакомство  с  семьей,  населенным  пунктом, 

школой,  изучение  языков  в  быту).  По  результатам  проведённого  эксперимента  нами  были 

сделаны выводы, что обучение в данном векторе очень продуктивно, потому что происходит 

соприкосновение  с  культурой  и  бытом  народа  посредством  прямого  погружения    в 

языковую, культурно-бытовую и социальную среду.  

Подобная  программа  обучения,  не  являясь  новой  в  мировом  масштабе,    направляет  к 

истокам, естеству, имеет ряд перспектив, а именно:  

 

повышение мотивации к изучению языков; 



 

развитие  полиязычия  через  погружение  в  культурную  и  социальную  среду  (в 



естественных условиях); 

 



раскрытие «скрытых» способностей личности

 



успешное освоение школьной программы; 

 



воспитание 

неподдельной 

толерантности, 

демократичности, 

настоящего 

казахстанского патриотизма. 

Современный мир открывает нам безграничные возможности для образования и развития 

личности, по сути, являясь открытым образовательным пространством. 



 

Түйін 

Оқытудың  жаңашыл    әдістерін    қолданғанда      мектеп  оқушыларының   

қызығушылығын    қалыптастыратын    нақты  жағдайда  отбасы  құндылықтарына,  яғни 

әлеуметтік-тұрмыстық,  мәдени  құндылықтарға,    тілдік  ортаға  бейімделуіне    көңіл  бөлген 

жөн.      Мақалада    жобаны  іске  асыру  тәжірибесі    ұсынылады.  Тәжірибеге  қатысушы  топ  

тілдік  ортада  болып,  жаңа  әлеуметтік  ортаға  бейімделе  отырып,  белсенді  түрде  демалуға 

мүмкіндік алды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

69 



 

Айнагул Нурсултановна БАРИМБЕКОВА, 

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы НЗМ қазақ тілі мен 

әдебиеті пәнінің мұғалімі, 

Талдықорған қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

Ирина Владимировна ЛИХ, 

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы НЗМ орыс тілі мен 

әдебиеті пәнінің мұғалімі, 

Талдықорған қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

КІРІКТІРІЛГЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 7-СЫНЫП 

ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ФУНКЦИОНАЛДЫ 

САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ 

 

Түйін 

Мақалада  мәтіндердің  кейбір  ерекшеліктеріне  талдау  жасалады,  сонымен  қатар  оқу 

дағдысын жақсарту үшін жұмыстар,   тәжірибеден өткізілген тапсырма нұсқалары беріледі. 

Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы  мәтінді түсінуге байланысты мәселелер бойынша іс-

әрекеттегі зерттеу нәтижелеріне сипаттау жасалған.   

Түйін  сөздер:  оқу  дағдылары,  функционалдық  сауаттылық,  Кіріктірілген  білім  беру 

бағдарламасы, мәтін оқу объектісі ретінде, зерттеу, тапсырмаларды құрастыру. 

 

Оқушылардың өзіндік білім алуында оқу тиімді әдістердің  бірі болып табылады. Егер 



оқушының  оқу  дағдысы  қалыптасқан  болса,  ол  өзіне  керек  ақпаратты  ешбір  қиындықсыз 

тауып алады, бұл 21 ғасыр дағдыларының маңыздысының бірі.  

Л.  Выготский  оқу  түсінігі  мен  оның  мағынасын  былай  ашады:  «Оқу  –  бұл  зияткерлік 

даму  технологиясы,  мәдениетті  қалыптастырудың  тәсілі, қарым-қатынастағы  көпір,  өмірлік 

проблемаларды шешудің құралы».[1, 1]  

Сондықтан  да  көптеген  дамыған  мемлекеттерде  оқуды  үздіксіз  өзін-өзі  жетілдіру  мен 

танудың  зияткерлік    құралы  ретінде  қабылдайды.  Қазіргі  кезде    ғаламтор  кеңінен  таралған 

уақытта  бұл  тәсіл  көп  қаражатты  талап  етпейді,  ақпараттар  ағымы  күннен  күнге  көбеюде, 

тәуліктің кезкелген уақытында классиктердің және заманауи жазушылардың шығармаларын 

электрондық нұсқада оқуға болады.  

Л.Выготскийдің көңіл аударған тағы бір ерекшелігі «мәтіннің мазмұны әрқашан да көп 

сатылы еркіндікке ие: түрлі адамдар бір мәтінді өздерінің жеке ерекшеліктеріне және өмірлік 

тәжірибелеріне байланысты өзінше түсінеді». [2, 1]  

Осы  ерекшелікті  оқушылардың  оқуға  деген  қажеттіліктерін  туындататын  маңызды 

құрылым  ретінде  қолдануға  болады.  Сабақта  немесе  түрлі  мәтіндер  мен    көркем 

шығармаларды  талқылауда  оқушыда    тек  көркем  талғам  қалыптаспайды,  сонымен  қатар 

қызығушылығы да  қолдау табады, оқушыларда түрлі пікірлер қалыптасқанда, олар мәтінді 

бірнеше рет қарап,  өздерінің пікірлеріне дәлелдер іздейді.  Осылай мәтін жан-жақты және 

тереңірек қарастырылады. Біз бұрындары мәтіндерді талдауды тек қазақ, орыс пен ағылшын 

тілдерінде  және  әдебиетте  ғана  қарастырсақ,  қазіргі  таңда  Кіріктірілген  білім  беру 

бағдарламасы негізінде мәтіндерді талдау барлық пәндердің қажетті бөлігі болып табылады.  

Осыған дейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тек көркем әдебиет стиліндегі мәтіндер 

ғана  қарастырылса,  бүгінде  оқушылар  сұранысқа  байланысты  түрлі  стильдегі,  жанрдағы 

мәтіндермен жұмыс істейді, бұл функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың маңызды 

бөлігі болып табылады.   

Оқылым  дағдысының  тағы  бір  ерекшелігі  –    біз  оны  тек  айтылым  мен  жазылым 

дағдылары  арқылы  ғана  тексере  аламыз.  Бұл  бізге  жұмыс  түрлерін  кіріктіруге  мүмкіндік 

береді, сондықтан мәтінді сабақтың мақсатына байланысты таңдау қажет.  



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

70 



 

КБББ (Кіріктірілген білім беру бағдарламасы) жұмыс істеген алғашқы күннен оқылым 

үшін түрлі мәтіндерді (шолу, ізденушілік және т.б.) қолдану қажет, олардың әрқайсысы түрлі 

дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.   

КБББ  функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыруға  бағытталған,  өйткені 

функционалдық оқу бірінші орынға қойылған, оқылым жазылым мен айтылым дағдыларын 

қалыптастырудың негізі болып есептеледі. 

 Әлбетте,  оқылым  дағдыларына  үйретуде  көбіне  екінші  және  үшінші  тілде  білім 

алатындарда  қиындық  туындайды.  Бұл  бірінші  кезекте,  мәтінді  түсінумен  байланысты,  ол 

сұрақтарды  дұрыс  құрастыру  мен  жауап  беруге,  жоспар  құруға,  тапсырмаға  байланысты 

мәтіндерге интерпретация жасауға кедергі келтіреді.  

Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ бір топ мұғалімдерімен бірінші және екінші тілде 

білім  алатын  7-9-сынып  оқушыларының  арасында  зерттеу  жұмыстары  жүргізілді.  Зерттеу 

барысында  оқушыларға  көркем  әдебиет    стиліндегі  (70%)    мәтіндер  түсінуге  жеңіл  екені 

анықталды, содан кейін публицистикалық және ғылыми стильдегі (10 пайыздан)  мәтіндер, 

келесі  кезекте  ауызекі  сөйлеу  стиліндегі  (6%)  мәтіндер,  соңғы  ретте  ресми  стильде  (4%)   

жазылған мәтіндер.  Бұны жалпы білім беру бағдарламасының негізінде тілдер мен әдебиетті 

оқығанда  көбіне  көркем  әдебиет  стиліндегі  мәтіндер  талдануының  негізінде  деген  түсінік 

беруге  болады.  Ғылыми  және  публицистикалық  стильдегі  мәтіндерді  оқушылар  көбіне 

ғаламтордан  сабаққа  дайындалған  уақытта  оқиды.  Бұл  мәтіндерді  түсіну  үшін  оқушыларға 

қосымша  дағдылар  қажет.  Мысалы:  белгілі  тапсырманы  орындау  үшін  оған  сәйкес  мәтінді 

табулары керек, тақырыбы сай болу қажет, нақты фактілер болу керек, т.б. Оқушылар белгілі 

коммуникативтік  міндеттерді  орындау  үшін  түрлі  ақпарат  көздерімен  жұмыс  жасауға 

үйренулері  шарт.  Ауызекі  сөйлеу  стиліндегі  мәтіндерді  оқушылар  сирек  кездестіреді,  ал 

ресми  стильдегі  мәтіндерді  тек  қана  құжаттардан  (мысалы,  оқушылар  үлгі  негізінде  өтініш 

жазады, оны оқиды) көреді, сондықтан да болар ресми түрде жазылған өтініштерді, заңдарды 

түсіну  қосымша уақытты талап етеді.  

Оқушылар ғаламтордан кездейсоқ немесе қызығушылығы бойынша тапқан мәтіндерін 

бір рет оқу жеткілікті екенін атап өтті, өйткені бұл ақпаратты  ешкім тексермейді.  Егер де 

мәтіндердің  типтері,  стильдері,  т.б  өзгеше  болса,  оқушылар  оны    1-ден  5  ретке  дейін 

оқитындарын  көрсетті.    Сонымен  қатар,  жарнамалық  мәтіндер  сатиралық  және  ауызекі 

тілінде берілген мәтіндердің  жеңіл оқылатынын да атап өтті. Ал саяси тақырыптағы, ресми 

стильдегі  мәтіндерді  3  немесе  4  рет  оқитындарын  көрсеткен.  Бірақ  бұндай  мәтіндерді 

оқушылар өздігінен оқымайды, оны тек мектеп пәндері  бағдарламасы негізінде ғана оқиды.  

Гуманитарлық  пәндері  мұғалімдердің  жүргізген  сауалнамасының  негізінде  7-сынып 

оқушылары  үшін  КБББ  бойынша  келесі  тапсырмаларды  орындау  қиынға  түскені  белгілі 

болды:   

1.

 



автор позициясын, автордың сезімін анықтау; 

2.

 



типін, стилін, жанрын анықтау; 

3.

 



қиын сұрақтарды дұрыс құрастыру, тақырып пен идеяны тұжырымдау;  

4.

 



жоспар құру; 

5.

 



жоспардың пунктерін белгілеу; 

6.

 



мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау. 

Мәтіннің  мақсатын  анықтау  қиындық  туғызады  деп  оқушылардың  40%  көрсетсе,  ал 

тақырып  пен  идеяны  тұжырымдауды  30%  оқушылар  белгілеп  отыр.    Біздің  бақылауымыз 

бойынша  бұл проблемалар қажетті сөз таппағандықтан немесе ойын жеткізе алмағандықтан 

емес,  ол  мәтіннің  мағынасын    түсінумен  байланысты  деген  қорытынды  жасауға  әкелді. 

Қорытынды  оқушылардың  көпшілігі  ешбір  қиналыссыз  мәтіннен  түйін  сөздерді  табады, 

сонымен қатар негізгі ой берілген сөйлемдерді де көрсете алады деген негізде жасалып отыр. 

Бірақ  екінші  немесе  үшінші  тілде  білім  алатын  оқушылардың  сөздік  қорлары  ойын  дәл 

жеткізу үшін қажетті сөзді табуға ұдайы мүмкіндік бермейді.  


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

71 



 

Оқушылардың 56% мәтінді мұқият оқу дағдысы қалыптаспаған, олар үнемі тақырыпқа, 

авторға,  детальдарға  көңіл  аудара  бермейді  немесе  мәтінді  тапсырмамен  таныспай  оқи 

береді.  Сондықтан оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру үшін тапсырма түрлерін 

түрлендіріп, жетілдіріп отыру қажет. Мысалы: тапсырма құрастыру, содан кейін мәтінді оқу 

немесе алдымен мәтінді оқу, тапсырмаларды белгілі ретпен орындау, т.б.  

Оқушылардың  40%    мәтіннің  мағынасы  бойынша    болжауға  келмейтін        таныс  емес 

сөздер болса, мәтінді толықтай түсінуге қиын деп жауап берді, бұған көбіне ғылыми немесе 

ресми  стильдегі  мәтіндерді  жатқызуға  болады.    Оқушылар  мәтінді  толықтай  түсіну  үшін 

немесе    мәтінге  анализ  жасалатын  жағдайда    екінші  және  үшінші  тілде  білім  алатын 

оқушылармен алдын ала түрлі сөздік жұмыстарын жүргізу қажет.  

Жоспар құруда да  қиналатындар бар, оқушылардың 32% шағын тақырыптарды көрсете 

алмайтындарын  атап  өткен.  Бұл  оқушылардың  жиі  сөйлемдердің  бір-бірімен  қалай 

байланысқанына, жаңа тақырып қай сөйлемнен басталатына көңіл аудармайтындықтарынан.  

Оқушылардың  кез келген стильдегі мәтінді бөліктерге бөлу дағдысын қалыптастыру – ұзақ 

уақытты  талап  ететін  процесс.    Мұғалімдер  оқушылардың  әңгімелеу  типтегі    мәтіндерге 

жоспар құруда қиналмайтындықтарын көрсетті.  

Оқушылар жоспар құруда оның пункттерін белгілеулері керек, бұл оқушылардың 40% 

қиындық  туғызады,  сонымен  қатар  балалар  сұрақ  қою  арқылы  жоспардың  пункттерді 

көрсету  жеңілірек  екендігін  белгілеген.  Мұғалімдер  бақылау  кезінде  оқушылардың  сұрақ 

қоюда,  басты  оқиғаны  жанама  оқиғалармен  шатыстыратыны  белгілі  болды,  сұрақтың 

құрылымын дұрыс сақтамайды, ол сұрақтың мағынасын өзгертеді.  

Кейбір  мұғалімдер  мәтінге  сұрақ  қоюды  аса  маңызды  дағды  деп  есептемейді, 

сұрақтарды  дұрыс  құрастырып  және  автордың  мәтіндегі  тілді  қолдануының  мақсатына 

талдау  жасау,  т.б.  негізгі  жұмыс  түрлеріне  жатқызбайды.    Біздің  пікірімізше,  бұл  маңызды 

дағдылардың  біріне  жатады,  өйткені  түрлі  стильде  және  жанрда,  аргументі  бар  және 

талқылау эссесін  жазу барысында үлкен көмек көрсетеді.   

Оқушыны әрбір дағдыға сатылай оқытқан дұрыс. Оны 7-сыныптың «Оқылым» дағдысы 

бойынша  мәтіннің құрылымын және негізгі ойды анықтау  мақсаттары негізінде көрсетейік. 

7-сыныпта «Орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды  анықтау» деген 

мақсат берілген.  [7.О3.]  

Әр  оқушы  белгіленген  мақсатқа  жету  үшін  мұғалім    оқушылармен  кезең-кезеңмен 

жұмыс  түрлерін  өткізуі  керек.  Ең  алдымен  кілт  сөздерін,  содан  кейін  негізгі  ой  берілген 

сөйлемдерді  табуға  үйрету,    екінші  немесе  үшінші  тілде  білім  алатын  оқушыларға  мәтінді 

бөліктерге  бөлу  дағдыларын  қалыптастыру.  Оқушының  оқылым  дағдысын  қалыптасу  үшін 

әр  сабақта  бөліктерге  бөлу  немесе  негізгі  ойды  анықтау  бойынша  жұмыс  түрлерін  өткізіп 

отыру  қажет.    Негізгі  ойды  және  шағын  тақырыптарды  анықтау  бойынша  жұмыс  түрлерін 

тек  оқылым  дағдысында  ғана  емес  тыңдалым  бойынша  дағдыны  орындауда  да  қолдануға 

болады. Сондықтан алдымен, мәтінді тыңдап, содан кейін жазбаша түрде берілген  мәтінмен  

жұмыс  түрлерін  жүргізген  абзал.  Егер  мәтіндегі  сөйлемдер  мен  абзацтар  арасындағы 

байланысқа жиі көңіл аударатын болсақ, бұндай жұмыстар жедел өз жемістерін береді. 

Оқылым  дағдысын  қалыптастыруға  арналған  тапсырмалар    мәтіндерді  таңдау 

барысында  күрделендіріліп  отырылуы  қажет.  Мысалы,  ең  басында  қарапайым  тапсырма 

беру: «Мәтінге байланысты кілт сөздердің және сөз тіркестерінің астын сызыңдар немесе 



ұсынылған  сөздерден  кілт  сөздерді  немесе  сөз  тіркестерін  көрсетіңдер.  Берілген  кілт 

сөздерден мәтіннің негізгі ойын көрсететін сөздер мен сөз тіркестерін белгілеңдер»

«Берілген кілт сөздерден мәтіннің негізгі ойын көрсететін сөздер мен сөз тіркестерін 

белгілеңдер.  Мәтіннен  мысал  келтіре  отырып,  өз  пікірлеріңді  дәлелдеңдер»    деген 

тапсырманы орындау оқушыларға күрделірек болады.  

Келесі кезекте оқушыларға дағдыны тереңірек дамытатын тапсырмалар беруге болады: 

«Мәтінді  қалай  атауға  болады  және  негізгі  ойды  көрсетіңіз.    Жауабыңызды  мәтіннен 

аргументтер келтіріп дәлелдеңіз». 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

72 



 

Оқылым  дағдыларын  қалыптастыруда  жетістік  критерийлерінің  алатын  орны  үлкен. 

Жетістік  критерийі  оқушыға  түсінікті  қарапайым  сөздермен  жазылып,  жұмыстың  барлық 

кезеңдері  мен  бағытын  қамтуы  керек.    Мысалы,  «Берілген  кілт  сөздерден  мәтіннің  негізгі 



ойын көрсететін сөздер мен сөз тіркестерін белгілеңдер. Мәтіннен мысал келтіре отырып, 

өз пікірлеріңді дәлелдеңдер»  деген тапсырмаға мынандай критерийлер ұсынуға болады: 

- мәтіннің негізгі ойын көрсететін сөздерді таңдай алады;  

- өз ойын дәлелдей алады; 

- мәтіннен мысал келтіре алады. 

Гуманитарлық  пән  мұғалімдері  сабақта  жиі  көп  нүктенің  орнына  керекті  сөзді  қой 

деген  тапсырманы  қолданады.  Бірақ  осындай  тапсырмаларды  жасау  барысында    бірнеше 

талаптар  ескерілмей  қалады.  Мысалы,  жіберілген  сөздер  тапсырмаға    негізделіп,  белгілі 

міндеттерге  бағытталуы  керек.  Бірнеше  етістіктер    немесе  басқа  сөз  табының  сөздерін  көп 

нүктенің  орнына  қой  деген  дұрыс  емес,  оған  арнайы  тапсырмалар  көрсету  керек.  Көп 

жағдайда  мұғалімдер  оқушыларға  қоюға  жеңіл  болу  үшін  сөздерді  анықтама  ретінде 

ұсынады,  бұл  оқытудың  бірінші  кезеңінде  ғана  пайдалы.  Оқушы  көп  нүктенің  орнына 

ұсынылған  нұсқадан  емес,  өзі  мәтіннің  мазмұнына  байланысты  сөздер  қоятын  болса,    бұл 

оның  ары  қарай  тілді  меңгеруіне,  мәтінді  түсінуіне  жағымды  әсерін  тигізеді.  Бұндай 

жағдайда мәтінде  бірнеше ғана бос орын қалдыруға ұсынылады, мысалы 50-60 сөзге бір бос 

орын, бірақ бала үнемі неге бұл сөзді алғанын дәлелдеп отыруы керек.   

Үш  жыл  бойы  жүргізілген  зерттеу  жұмыстары  Кіріктірілген  оқу  бағдарламасы 

оқушылардың  коммуникативтік  дағдыларын  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретінін  көрсетті, 

мәтіндерді  оқу  мен  оларға  талдау  жасау  негізінде  оқушылардың  ауызша  және  жазбаша 

сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыруға  болады.    Бұдан  басқа,  оқушылар  мәтінді  толық 

түсінгенде  оны  өз  бетінше  қысқарта  алады,  коммуникативтік  міндеттерге  байланысты 

ақпаратты дұрыс қолдана алады, яғни функционалдық оқылым дағдысын қалыптастырады.  

Әдебиеттер: 

1.

 



http://multiurok.ru/volkovam/blog/razvitiie-navykov-funktsional-noi-ghramotnosti-

chtieniia-na-urokakh-ghieoghrafii.html

 

2.

 



http://multiurok.ru/volkovam/blog/razvitiie-navykov-funktsional-noi-ghramotnosti-

chtieniia-na-urokakh-ghieoghrafii.html 

3.

 

Кіріктірілген білім беру бағдарламасы. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша  



оқу бағдарламасы (екінші тіл ретінде – Т2). Негізгі мектеп 

4.

 



Учебная  программа  по  предмету  «Русский  язык»  (как  первый  язык  - Я1) 

Основная  школа  (7-10  классы)/Версия:1  АОО  «Назарбаев  Интеллектуальные  школы».- 

Астана, 2015. – с. 33 

Аннотация 

В  статье  анализируются  некоторые  особенности  текста,  а  также  работы  с  ним  для 

улучшения  навыков  чтения,  приводятся  варианты  заданий  из  опыта  работы.  Описаны 

результаты  исследований  среди  учащихся  и  учителей  по  проблемам,  связанным  с 

пониманием текста.  

 

Annotation 

The article analyses some of the features of the text, as well as the process of working with 

them  to  improve  reading  skills,  there  are  various  tasks  from  the  experience.  The  results  of  the 

research among students and teachers on issues related to text comprehension are described.   

 

 

 



 

 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

73 



 

Мамыр Абилевна БЕШЕМБАЕВА, 

«Ақсу қаласы Алғабас селолық округі Айнакөл ауылының орта мектебі» КММ, қазақ 

тілі мен әдебиеті мұғалімі 

Павлодар облысы, Қазақстан Республикасы 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ 



ТИІМДІЛІГІ 

 

Түйін 

 

Бұл мақалада қазақ тілі сабақтарында критериалды бағалаудың тиімділігі мен оларды 



қолданудың  тәсілдері  сөз  етіледі.  Сонымен  қатар  тыңдалым,  оқылым,  жазылым,  айтылым 

дағдыларына негізделген тапсырмаларға критерийлерді құрудың үлгілері берілді. 

 

 

Бүгінгі  таңда  білім  беру  жүйесінде  оқушылардың  өзіндік  дамуына  және 



функционалды сауатты болуына ерекше көңіл бөлінуде. Сол себепті мектеп қабырғасындағы 

әр  оқушыны  әлеуметтік  ортаға  бейімдеп,  өз  білімін  тәжірибеде  іске  асыруына  бар  жағдай 

жасауымыз  керек.  Сондықтан  кез-келген  тақырыпты  өтпес  бұрын,  біз  тақырыптарды  үнемі 

өмірмен  байланыстырып  отырғанымыз  жөн.  Тақырыпты  тек  ел  аумағында  ғана  емес, 

жаһандық  тұрғыдан  қарастырып,    әр  оқушы  кез-келген  тақырыпта  өз  ойын  еркін  білдіріп, 

оған  негіздеме  келтіріп  жүйелі  сөйлеуге  дағдыланған  жөн.  Осы  тұста  мектептерге  енгізіп 

жатқан  критериалды  бағалаудың  орны  ерекше  деп  санаймын.  Себебі  бұл  бағалау  арқылы 

оқушы  өз-өзіне,  сыныптастарына  баға  беруді  үйренеді.  Өз  білімі  мен  дағдаларының 

артықшылықтары  мен  кемшіліктерін  анық  көретін  болады,  болашақта  қай  бағытта  даму 

керектігін түсінеді. Бұл тұста оқушының сабақта жұмысты қалай жасағаны, қалай ойланғаны 

бағаланатын  болады.  Ол  үшін  критериалды  бағалауды  іске  асыру  үшін,  оқушылардың  осы 

кезеңге  дейін  нені  білетіндігін  және  алдағы  уақытта    не  істей  алатындығын  анықтап  алу 

қажет.  Жалпы,  сыныптағы  оқушыларды  критериалды  бағалау  кезінде  олар  қай  бағытта 

жұмыс жасайтынын, нені ескеру қажеттігін білетін болады, әрі бір-бірін критерийлер арқылы 

бағалау  кезінде әділ бағалайтын болады немесе толық айтылмаған жауаптың кемшіліктерін 

өзара талдап, негіздеме беріп айтуға дағдыланады.  

            Оқытудағы  жетістік  критерийлері  -    оқу  мақсаттарын  жүзеге  асыратын  өлшемдер, 

яғни,  сабақ  барысында  оқушылар  орындайтын  іс-әрекеттердің  тізбесі  болып  табылады.  

Сабақтың  барлық  кезеңінде   критерийлерді  пайдалану  міндет  емес,  тек  сабаққа  қойылатын 

мақсаттың негізінде орындалған жөн деп санаймын, себебі сабақтың мақсатына жеткенін, не 

жетпегенін критерийлер арқылы айқындауға болады. Сонымен қатар, критерийлерді сабаққа 

мұғалім  арнайы  дайындап  келгеннен  гөрі  сабақтың  басында  оқушылармен  бірге  құрған 

әлдеқайда  тиімді.  Дегенмен,  кез-келген  критерийлерді  құрған  кезде  ол  оқушыларға 

қолжетімді болу керек. Немесе смарт мақсаттарға сай нақты болған жөн.  

 

Қазақ  тілі  пәні  оқушылардың  төрт  дағдыларын  дамытуға  бағытталған.  Олар: 



тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым. Осы төрт дағдыға негізделген тапсырмалардың 

критерийлеріне тоқталғым келіп отыр. 

 

Тыңдалым  дағдысына  негізделген  сабақ  мақсаты:  "Бейнесюжеттегі  көтерілген  басты 



мәселені түсінеді". 

 Тапсырма: бейнесюжеттегі көтерілген мәселені SWOT әдісі бойынша топтастырыңдар.  

Бейнесюжетке сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=g-uPMpJG61s  

Критерийлер:  

S (мықты жақтары) 

W (әлсіз жақтары) 

  

O (мүмкіндіктері) 



T (қауіп) 

 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет