1 Ғылыми-педагогикалық журнал Қазіргі мектеп – современная школа журнал ай сайын шығады Құрылтайшысы: «Қазіргі мектеп»



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата15.03.2017
өлшемі0,75 Mb.
#9319
1   2   3   4

14

Нравственное воспитание средствами музыки условно можно определить как единство трех 

блоков:

1. Содержание искусства - оценочное осознание жизненных явлений. Искусство как культура 



отношений, опыт поколений в образах, в осознании добра и зла;

2. Язык искусства — художественный образ. Зависимость восприятия содержания от знания 

языка искусства;

3.  Творческая  потенция.  Развитое  ассоциативное  мышление  как  основа  творческой 

способности.

Необходима  любовь  самого  учителя  к  музыкальному  искусству,  профессиональное 

владение инструментом и голосом, знание теории, истории музыки, методики музыкального 

воспитания, владение художественной речью, жестом, мимикой, а также творческой интуицией 

и исследовательской направленностью деятельности.

В  системе  музыкально-эстетического  образования,  воспитания  и  развития  школьников  в 

современном  мире  присущи  такие  основные  черты,  как  социокультурная  обусловленность. 

Обострилось  внимание  к  человеческой  личности  и  стремление  к  ее  разностороннему 

развитию.  Музыкально-эстетическое  развитие  оказалось  универсальным  средством 

преодоления  социокультурных  проблем  и  противоречий  XX  века,  позволяющим  достичь 

внутреннего  духовного  равновесия  человеческой  личности.  Воспитательный  потенциал 

музыкального искусства, будучи направленным, на личность, обеспечивает формирование ее 

нового типа, которому свойственна художественно-эстетическая активность, в свою очередь 

стимулирующая его социальную активность. Формирование социально определенного типа 

приобретает все более углубляющийся общечеловеческий характер. Эта тенденция отражает 

фундаментальные преобразования в социокультурном развитии общества. 

Нравственное воспитание является средством активизации духовного потенциала личности, 

компенсирующим недостаток его проявления в других областях социально - духовной жизни; 

это универсальное средство духовного развития человеческой личности, в определенной мере 

способствующее гармонизации ее общественного бытия.

Практические рекомендации для наиболее успешного нравственного воспитания учащихся 

средствами музыки:

1. Использовать на уроках музыки художественное творчество, сочинение стихотворений 

или рассказов на ту или иную музыку; 

2. Проводить музыкальные спектакли, праздники.

3.  Регулярно  заниматься  музыкальной  ритмикой,  игрой  на  музыкальных  инструментах, 

хоровым пением.

4. Проводить музыкальные  игры..

5. Регулярно слушать казахские  народные песни, классические музыкальные произведения.

Музыка  занимает  особое  место  в  воспитании  нравственности  учащихся,  благодаря  ее 

непосредственному комплексному воздействию. 

Вокальная и инструментальная музыка, ее связь со словом помогает осознать нравственную 

идею  произведения.  Перед  детьми  возникают  воплощенные  в  мелодии  и  непосредственно 

переживаемые чувства. Воздействие инструментальной музыки обыкновенно связывается с 

переживанием  нравственной  стороны  ее  содержания,  которая  конкретизируется  названием 

произведения, особенностями истории создания и бытования, созвучностью идей настоящему 

времени. Такое понимание опирается на утверждение, что любое музыкальное сочинение —

дает возможность одной-двумя фразами указать на связь с тем или иным чувством или мыслью 

человека, с тем или иным жизненным (современным или историческим) фактом. Чем больше 

различных жизненных связей музыки будет на уроке обнаружено, тем более прочно музыка 

будет входить в сознание ребят.

Принцип  нравственного  воспитания  посредством  музыкальных  средств  призван 

способствовать повышению эффективности воздействия музыки на нравственное воспитания 

учащихся. 

 


15

ЗЕЙІН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БАЛА ЗЕЙІНІН ДАМЫТУДЫҢ 

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ  ТУРАЛЫ

АЛШЫНБАЕВА К.Е.,

 Қарағанды облысы, Жаңа-Арқа ауданы

«Балдырған» балабақшасының  психологы

Бүгінгі таңда  зейінінде ауытқулары бар балалармен психологиялық түзету жұмыстарын 

жүргізу маңызды шаралардың бірі болып отыр. 

Зейін жеке өзі маңызды танымдық процес болып табылмайды, ол  кез келген танымдық 

процеске  тән  (қабылдау,  ойлау,  есте  сақтау)  және    осы  процестерді  ұйымдастыруға  қабілет 

ретінде орындалады.

Зейіннің  жеке және ерекше өзіне тән  өнімі жоқ.  Өзі ілесіп жүрген қандай да бір әрекетті 

жақсарту -  оның нәтижесі  болып  табылады.

 6-7 жастағы   балалар зейіннің еріктілігіне қабілетті, бірақта оның тұрақтылығы білім беруді 

ұйымдастыру жағдайына  және жеке даралық қасиетіне қабілеттілігіне байланысты. Бұл бір 

ізді іс-әрекетке жататындығын атап өту керек.  Мысалы,  бала  оқумен (жазу, әңгімелесу) тек  

10-12 минутқа дейін белсенді араласады. Сондықтан мұғалім сабақта әт-түрлі  іс-әрекетпен 

ұйымдастыруды ескеруі қажет. Бұдан басқа да  ең негізгілерді есте сақтау керек, балалар зейінін 

тез және жиі бір нысаннан келесі бір нысанға ауыстыруға қабілетсіз (бір сабақ бойында бала 

үш түрлі іс-әрекетке ауыса алады) .

Баланың зейінін ұйымдастыруға көмектесуге болады. Үлкендер сөзбен айту арқылы баланың 

назарын белгілі  бір  нәрсеге  бұырып, ұйымдастыра алады. Ол оған тапсырманы орындаудың  

қажет екендігін түсіндіреді  және  оны  қалай  жасау керектігінің  әдісін де айтады. («Балалар, 

дәперлеріңді  ашыңдар.  Қызыл  қарындашты  алыңдар  да  қағаздың  сол  жақтағы  бұрышына, 

міне, мына жерге дөңгелек сызыңдар және т.б.»).  

Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала 

көңілі  тез  ауады.  Егер  6  жасар  бала  ойынмен  айналысқан  болса,  ол  алаңдамай  2,  тіпті  3 

сағат  ойнай  береді.  Алайда,  бұлай  зейінді  шоғырландыру  –  баланың  айналысқан  нәрсесіне 

қызығушылығынан  туындайды.  Балаға  зейінін  тәрбиелеуде  көмектесу  қажет.  Үлкендер  сөз 

нұсқаулары  арқылы  баланың  зейінін  ұйымдастыра  алады.  Оларға  біркелкі  жалықтыратын 

және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда 

ойын  элементтерін  енгізуге  және  іс-әрекет  түрлерін  жеткілікті  ауыстырып  отыруға  негізгі 

себеп болып табылады [2].

Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты 

айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп 

алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу[5] . 

Зейін  ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді [5]. 

Сыртқы  дүниенің  кез  келген  объектілері  кейде  ырықсыз-ақ  біздің  назарымызды  өзіне 

тартады.  Мәселен,  көшемен  кетіп  бара  жатқан  адамның  бояулы  афишаға  көзі  түссе,  оған 

мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т. б.  Адам өмірінде ырықсыз 

зейін  елеулі  орын  алады.  Зейіннің  бұл  түрі  әсіресе  мектеп  жасына  дейінгі    балаларда  жиі 

кездеседі.  Өйткені  балалық  дәуірде  адамның  күрделі  іс-әрекеттері  (оқу,  еңбек  т.б.)  белгілі 

жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге 

берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген 

қорытынды  жасамау  қажет.  Адам  өмірінің  барлық  кезеңдерінде  ырықсыз  зейін  қажетінше  

орын алып отырады. Қызығу — ырықсыз зейіннің көрінісі. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез 

ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу - 

ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де 


16

жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам өз ісінен шығатын   нәтижеге қызығады, 

оны орындау үшін күш жұмсайды, өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды.

 Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі 

болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында 

үлкен рөл атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. 

Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады [5]:

а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, 

мұрын  жаратын  иіс  т.  б.),  заттар  мен  құбылыстардың  жаңалығы  мен  қозғалысы  (мәселен, 

адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т. б.);

ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, 

көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.

Адамның  ырықты  зейіні  әрекетті  саналы  түрде  белгілі  ерік  күшін  жұмсау  арқылы 

орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып 

отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. 

Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады:

1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке 

тікелей кірісу қажет.

2)   Үйреншікті  жұмыс  жағдайын жасап  алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан 

жөн.


3)    Орындалатын  істің  мәнісін,  маңызын  түсіну  үшін  білімге  шын  ықыласпен  берілген 

дұрыс.


4)    Түрлі  қолайсыз  жағдайларда  да    жұмыс    істеуге  машықтану.    Мәселен,  көңілді 

алаңдататын  бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей 

жұмыс істей беру.  Бұл зейінді шынықтырудың,  оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің 

ең жақсы жолы болып табылады.

5)  Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп 

іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.

Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады.  Ырықты зейін ырықсызға, 

ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін 

жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін 

аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға 

да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола 

бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны.

Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп 

кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның 

тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да 

үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің 

де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. 

Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа 

өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей 

беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен 

жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін 

қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.

Балаларда  тілдің  шығуына  байланысты  ырықты  зейіннің  саңылауы  байқала  бастайды. 

Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай 

дамып  отырады  (тазалық  сақтау,  ойыншықтарын,  киім-кешектерін  жинастыру,  үлкендердің 

айтқанын тыңдай білуге баулу т. б.).

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын 


17

алады.  Ойын  арқылы  бала  түрлі  объектілерді  көреді,  естиді,  байқай  алады,  фактілер  мен 

құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар аудара бастайды. Балаларда зейіннің түрлі 

қасиеттері (көлемі, бөлінуі, тұрақтылығы т.б.) жақсы байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің 

басшылығымен жетіледі.

Мектеп — оқушылардың зейінін оқу-тәрбие процесінің талаптарына байланысты жүйелі 

түрде  қалыптастырып  дамытатын  негізгі  орын  болса,  ал  мұғалім  —  балалардың  зейінін 

тәрбиелейтін  негізгі  тұлға.  Бұрын  ойыннан  басқаға  көңіл  бөлмей  келген  бала  оқуға  бірден 

беріліп кетпейді, сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың 

алғашқы кезде сабақтың аяқталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз 

зейіннің басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне де байланысты. Мәселен, бірінші сынып 

оқушылары түрлі нәрселерді санағанда,  көбінесе олардың сыртқы формасына, бояуына көңіл 

аударады да, ең негізгі міндеті — есеп шығаруды ұмытып кетеді. Бұл жастағы балалардың 

зейініндегі екінші бір ерекшелік зейін көлемінің өте тар келетіндігі. Мұғалім осы жағдайды 

есінде  қатты  ұстағаны  дұрыс.  Ол  сабақты  бала  ұғымына  түсінікті,  тіл  жағынан  жеңіл  етіп 

берсе, көрнекі құралдарды тиісінше пайдаланса, бала зейіні бір объектіге тұрақтала түседі де, 

зейіннің бөлінуі кемитін болады. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың 

әрбір  минуты  бала  зейінін  билеп  алмайынша,    мұғалімнің  сөзі  оның  көкейіне  қонбайды, 

қиялын толғандырмайды. Бір сөзбен айтқанда, зейінсіз өткен сабақ өзінің мақсатына жете де 

алмайды[6]. . 

Оқушылардың  зейінін  дұрыс  қалыптастыруға  мұғалімнің  жеке  басының  үлгі-өнегесінің 

де маңызы зор. Егер мұғалімнің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып 

тұрған сабағына, біресе сыныптағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен 

шығарса, ондай мұғалім оқушылардың зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды.

Мұғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дұрыстап аудара алмаса, іске ынтасыз, ұқыпсыз 

кіріссе,  берген  сабағынан  да  жөнді  нәтиже  шығара  алмайтын  болады.  Мұғалім:  «Кейбір 

оқушылар сабаққа зейін қоймағандықтан үлгермейді» дейтін болса, бұл алдымен оның сабақты 

дұрыс  ұйымдастыра  алмауының  нәтижесі,  өз  жұмысындағы  кемшілігі  болып  табылады.  

Ы.Алтынсарин: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға 

тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» - деп өте дұрыс айтқан. 



Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар: 

Құлақ-мұрын

Балалар  шеңбермен  тұрады.  Жүргізуші:  құлақ  –  деп  мұрнын  ұстайды.  Ал  балалар 

айтылған  мүшені  дұрыс  көрсетулері  тиіс.  Жүргізуші  балалардың  зейіні  мен  қабылдауын 

тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.



Өз орныңды тап

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші 

белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет 

қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.



18

Дайын бол

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен 

көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.

Зейінді бол

Балалар  шеңберде  тұрады.  Жүргізуші  әр  түрлі  қимыл-қозғалысты  көрсетеді.  Балалар 

қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын 

қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.  Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы- 1991. 26-34б.

2.  Дәулетбекова Ж. Т. Оқушылардың оқу мотивтері – сапалы білім    негізі . Алматы , 2001. 170 бет.

3.  Сейталиев Қ. Педагогиканың жалпы негіздері. Алматы – 2009 110-112б

4.  Сангилбаев  О.С. Оқу іс-әрекетіндегі зейін түрлерінің ерекшеліктері (интернет қорынан)

5.  Жарықбаев Қ. Психология. Алматы- 1993.  84- 94б.

6.  Баимбетова Л.Р, Аринова Г.К.,. Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту. Әдістемелік 

құрал - Астана, 2010  



ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ - БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ  

БІРДЕН-БІР ЖОЛЫ

Б. ОМАРОВА,

әл-Фараби атындағы 

Қазақ Ұлттық университетінің 

аға оқытушысы

Білім  беру  сан  салалы,  күрделі  қоғам  өрлеуінің  жетекші  факторы  және  мемлекет 

дамуының  стратегиялық  ресурсы  ретінде  жаңа  міндеттерді  орындауы  тиіс.  Бүгінгі  таңда 

осы жаңа міндеттерді нәтижеге бағытталған білім беру үлгісі арқылы жүзеге асыру жолдары 

қарастырылуда. Бұл парадигма әрекет етуші білім беру жүйесіндегі алғы шарттарды ескеріп 

және білім беру саласындағы халықаралық міндеттерге назар аудара отырып жалпы орта білім 

берудің мазмұнды және процессуалды негіздерін жаңартуды көздейді. Нәтижеге бағытталған 

білім беру моделі - үздіксіз білім беру жүйесінің бөлігі ретінде, мектеп түлектерінің пәндік 

білім, білік, дағдыларының санымен емес, өз бетінше шешім қабылдауға, өз бетінше еңбек 

етуге, саналы түрде өмірлік таңдау жасауға дайындығымен өлшенетін жаңа сапаны қамтамасыз 

етуді көздейді. 

Шығармашылық - тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып 

табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана 

іс-әрекетке тұрақты шығармашылықтың нәтижесінде танылып, болашақта кездесетін әртүрлі 

жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық жеке 

тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік құндылығы 

ретінде танылуының маңызы зор.

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында,  ҚР  стратегиялық  дамуының 

«Қазақстан  -  2030»  бағдарламасында,  ҚР  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  мемлекеттік  саясаттың  басты  принциптері  ретінде 

жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру 

мәселелерінде басты міндеттердің бірі болып табылады.



19

Адамзат  баласының  алға  қарай  сатылап  өркениетке  жетуі  әр  адамның  іс-әрекеттегі 

жаңашылдығына,  жаңаны  ойлап  табуына,  шығармашылық  болмысына  байланысты. 

Ал  шығармашылық  іс-әрекет,  жаңашылдыққа  бағыттылық  тек  қана  шығармашылық 

қызығушылықтан  бастау  алады.  Демек,  шығармашылық  –  бұл  адамның  өмір  шындығында 

өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі десе де болады. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой 

түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы 

қабілеттерін дамытып, олардың жойылуына жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден 

өз орнын табуға көмектеседі. Бұл үлкен жауапкершілік, күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең 

алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілді жетілдіріліп, олар әрбір тұлғаның  жеке 

басының  қасиеттерін,  қабілеттерін  дамытып,  шығармашылығын,  шеберлігін  ұштайтындай 

етіп ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз 

бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын тұлға тәрбиеленіп шығатыны сөзсіз.

Білім  алушыны  шығармашыл  ойлауға,  қалыптан  тыс  шешімдер  қабылдай  алуға, 

практикалық  әрекеттерге  дайын  болуға  әкелудің  жолдарын  бастауыш  сыныптардан  бастау 

алуы  керек.  Себебі  бастауыш  саты  –  білім,  дағды,  іскерліктің  қалыптасуының  бастамасы 

болып  табылады.  Әр  ұрпақ  өзіне  дейінгі  ұрпақтың  қол  жеткен  жетістіктерін  меңгеріп  қана 

қоймай,  өз  өмірінде  сол  жетістіктерді  жаңа  жағдайға  бейімдеп,  жетілдіре  отырып,  барлық 

салада табыстарға қол жеткізеді

Ал бүгінгі таңда күрделі әлеуметтік - экономикалық даму 



тұсында  шығармашылық  қабілеттер  басты  нысана  болып  табылады,  сондықтанда  білім 

алушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема десе де болады. Себебі өмірдегі 

сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келеді. Тек 

шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, 

сезінуге мүмкіндік береді.

  «Шығармашылық»  сөзінің  этимологиясы  «шығару»,  «ойлап  табу»  дегенді  білдіреді. 

Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу шығармашылықтың табысы.

  Шығармашылық  өнімін  жасау  барысында  байқалған  шығармашылық  белсенділік 

даралықты танытады.

Шығармашыл дара тұлға – бұл өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін дамытып, кеңінен 

жүзеге асыра алатын тұлға.

Адам қаншалықты өзбетінше іс-әрекетінің мақсатын анықтап, оны жүзеге асырудың және 

баға берудің әдіс-тәсілдерін таба білсе, соншалықты оны шығармашылықты даралық иесі деп 

сипаттауға болады.

Ұзақ  жылдар  бойы  шығармашылық  барлық  адамның  қолынан  келе  бермейді  деп 

қарастырылып  келсе,  қазіргі  ғылым  жетістіктері  қабілеттің  мұндай  дәрежесіне  белгілі  бір 

шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы дәлелденуде. 

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының 

мәнін  терең  түсініп  алуды  қажет  етеді.  Философияда  «қабілеттерді»  тұлғаның  белгілі  бір 

әрекеті  орындауға  жағдай  жасайтын  жеке  еркешеліктері  дей  келе,  олар  қоғамдық  -  тарихи 

іс-әрекеттердің  нәтижесінде  қалыптасып,  әрі  қарай  дамып  отыратындығын  атап  көрсеткен. 

Ендеше, білім алушылардың тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін 

дамытудың мәні зор.

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді

– Репродуктивті – іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

– Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Шығармашыл  қабылдаудың,  ойлаудың,  іс-әрекеттің  үйреншікті  стереотиптерінен  бас 

тартуға дайын екендігін білдіретін жаңа көзқарасты, жаңа қатынасты, жаңа шешімді көздейді. 

Осыған орай, білім алушының шығармашылық таныта білуі – бұл өзінің қайталанбас даралығын 

таныта білуі. Мұндай дарлықты таныта білулері басқалардың өз қайталанбас даралықтарын 


20

көрсетулеріне  кесірін  тигізбейтін  әлеуметтік  тиімді  әдіс-тәсілдер  арқылы  жүзеге  асырылуы 

қажет.

Шығармашылық әрекет жасаудың психологиялық негізіне ақыл, жүйелілік пен бірізділік, 



болжам  жасай  алу  және  оларды  тексере  білу  т.б.  қажет.  Сондықтан  адамға  проблемаларды 

шешуге мүмкіндік беріп қана қоймай, жаңа жағдаяттарда бағыт ала біліп, айналасын, өз өмірі 

мен болашағын белсенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін оқушылардың шығармашылығын 

дамыту бүгінгі күнде оқыту проблемаларының маңыздыларының қатарында тұр.

Шығармашыл  тұлғаны  қалыптастыру  екі  бағыттың  бірігуі  арқылы  іске  асырылады, 

олар:  оқушылар  үшін  өз  бетінше  түсініктерді,  заңдылықтарды,  теорияларды  ашу 

жағдаяттардан  қалыпты  жағдай  жасайтын  ғалымның  зертханасына  енгізу  және  оларды  оқу 

әрекетінің  жағдаяттарына  тарту.  Оқу  әрекетін  осы  ретте  ұйымдастыру  оқушының  бойында 

шығармашылық  қасиеттердің  құрамына  енетін  қасиеттер  мен  қабілеттер  кешенін  дамытуға 

ықпал етеді. Мұндай қасиет – қабілеттерге:

– проблеманың шешімін табуда дәстүрлі әдістерден бас тарта білу; 

– бір сәтте бірнеше тұрғыдан құбылысқа баға бере білу; 

– шығармашылық ойлаудың болуы;

– айналасындағылардың байқағанынан әлде-қайда көпті байқау;

– тез арада зейінін басқаға аудара білу;

– жақсы жады мен өз бетінше ойлана білу жатады.

Мектеп  жоғарыда  аталған  шығармашылық  қабілеттердің  бірін  ғана    дамытумен 

шектелмеуі тиіс, ол кез келген баланың бойында болатындығын ескере отырып шығармашылық 

мүмкіндіктерді  дамытуы  керек.  Шығармашылық  қабілеттердің  көрінуі  адамның  азаматтық 

белсенділігінің  деңгейін,  оның  тұлғасының  қоғамдық  бағытын  танытатын  шығармашыл 

тұлғаны қалыптастыруды көздеуі тиіс

 

Осыған орай, оқушының шығармашылық әрекетін дамыту мұғалімнің кәсіби даярлығына 



байланысты  екенін  де  ескеру  қажет.  Сондықтан  мұғалім  дидактикалық  даярлығының 

мазмұнында төмендегілерді ескеруі қажет:

–  шығармашылық  әрекеттің  дамуы  танымдық  процесстерді  дамытуға  тікелей 

байланысты екенін;

–  оқу процесіндегі өзара қатынастар шығармашылықты дамытудың жайлы жағдайын 

жасауға мүмкіндік беретінін;

–  ұжымдық  танымдық  әрекет  ынтымақтастық  технологиясы  ретінде  оқушының 

әрекеттері өзгеге ұқсамайтын нәтижеге жетуіне ықпал етеді;

–  оқушылардың  шығармашылық  әрекеті  кезең-кезеңмен  дамиды  репродуктивіктен 

ізденушілікке және шығармашылық әрекетке дейін дамиды.

Сондықтанда, барлық пәндердедің білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерін 

дамыту  басты  нысана  болуы  тиіс,  оқулықтарда  берілген  тапсырмалардан  басқа  өздігінен 

бақылау  жүргізу,  қарапайым  тәжірибе,  эксперимент  қою,  мәтінмен,  сызбамен,  суретпен, 

диаграммамен  жұмыс  істеу,  жекеден  жалпыны  шығару,  жалпыны  жекелей  қолдану  т.б. 

сияқты  оқушыны  іскерлікке,  дербестікке  баулитын,  ойына  түрткі  болып,  шығармашылыққа 

жетелейтін,  өздігінен  ізденіске  салатын,  айналадағы  дүниемен  қарым-қатынысқа  түсіретін, 

«жаңалық  ашып»,  оның  нәтижесінің  «қызығына»  бөлейтін  әдіс-тәсілдер  мен  мазмұндық 

ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені 

нәтижелі  етеді.

 

Сондықтан  да  шығармашылық  тапсырмалар  әр  сабақта  ұйымдастырылуы 



қажет. Адам қаншалықты өзбетінше іс-әрекетінің мақсатын анықтап, оны жүзеге асырудың 

және  баға  берудің  әдіс-тәсілдерін  таба  білсе,  соншалықты  оны  шығармашылықты  даралық 

иесі деп сипаттауға болады.

Бір сөзбен айтқанда, шығармашылық білім беру саласында өз дәрежесінде, мақсатты түрде 

ұйымдастырылса,  онда  жоғарыда  аталған  жетістіктерге  жетудің  бірден  -  бір  жолы  болып 

табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет