1 Ғылыми-педагогикалық журнал Қазіргі мектеп – современная школа журнал ай сайын шығады Құрылтайшысы: «Қазіргі мектеп»



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата15.03.2017
өлшемі0,75 Mb.
#9319
1   2   3   4

21

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  Бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім. Негізгі ережелер 2.003. – 2010

Долдина С.А., Ақышова Б.Т., Мусина Н.Н. және т.б.. Бастауыш сынып оқушыларының 

шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары, http://www.petropavl.kz/skoipkppk/pp2008-2/7.shtml

2.  Омарова  Р.С.  Білім  берудің  жаңа  парадигмасы  жағдайында  оқушылардың  шығармашылық 

қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері.-Автореферат 

3.  Тұрғынбаева Б.А. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. - Алматы, 1999. 

АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ  

ТІЛІН  ДАМЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕСІ

ЖАКСЫЛЫКОВА Б.К.

Бастауыш сынып мұғалімі

№54 мектеп-лицей

Астана қаласы

Бүгінгі таңда  қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі-өзгермелі әлеуметтік және экономикалық 

жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын 

байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру 

болып  табылады.  Осыған  байланысты  жеке  тұлғаға  қойылатын  талаптар  да  төмендегідей 

ерекшеленеді:    белсенділік,  әлеуметтік  жауапкершілік,  ой-өрісінің  кеңдігі,  танымдық 

әрекетке қызығушылығының сауаттылығы.  Осы талаптардың   орындалуы мемлекеттің көп 

ұлтты  жағдайында  тілдерді  жетік  меңеру  ғылым  мен  техниканың  жетістіктерін  меңгеруге, 

отандық және әлемдік мәдениетті үйренуге кең жол ашады. Ал, адам мәдениетіндегі күрделі 

көрсеткіштердің бірі - оның тілі болып табылады.

Адам мәдениетіндегі күрделі көрсеткіштердің бірі - оның тілі болып табылады.

Тіл  –  адам      мен  адамды,  ұлт  пен  ұлтты  жақындастыратын  өзгеше  қатынас  құралы. 

Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек 

адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Тілді үйрету әдісі үнемі заман 

талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. 

 

 



 

 

 



 

1-сурет. Тілдік қатынастың түрлері      

Тілдік қатынас

Ауызша тілдік қатынас                                     

Жазбаша тілдік қатынас

Таңбалық қатынас

Дыбыстық қатынас

Оқу

Жазу


Тыңдау

Айту


Тыңдау

22

     Бастауыш білім беру деңгейіндегі оқушының жалпы танымдық  білімін қалыптастыратын, 

тіл байлығын, сөздік қорын молайтатын, оқуға үйрететін,  оқырмандық мәдениетін дамытатын 

пәндердің  бір  – «Ана тілі» пәні. Ж. Аймауытов:  «Оқытатын  пәндердің  бәрін бірдей керекті, 

бәрін қаусырып,  орап алатын пән – ана тілі  екені даусыз. Ана тілін  жақсы  меңгеріп алмай, өзге 

пәндерді түсіну  мүмкін емес. Ана тілін үйрену – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгерту 

заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілінің  сансыз көп ұғымдарын,  ойларын, 

сезімдерін,  сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді», - дей отырып,  ана тілі 

пәнінің маңызына үлкен мән берген. 

Ана тілі пәнінің басты міндеттерінің бірі  - білім алушылардың тіл байлығын арттыру, 

сөздік қорын молайту болып табылады. Білім алушылардың  күнделікті өмірден алған әсерін, 

үйренген  сөзін  аңықтап  отыру,  жаңа  сөз  үйрету,  үйренгенін  тиянақтау  жұмыстары  барлық 

сабақта және сабақтан тыс уақытта да іске асырылады.

Сөздік қорды молайту ісі баланың айналадағы өмірден алған әсеріне тікелей байланысты. 

Сондықтан, сөздік қорды молайтуда өмірді, адамның еңбек процесін, табиғат құбылыстарын 

бақылау,  саяхат    сабақтар  өткізу  нәтижелі  болады.  Бұл  сабақтарда  білім  алушылар    жаңа 

нысандармен    танысады,  үйренген  білім-дағдыларын,  ой-өрісін    кеңейтеді.  Сөздік  қорды 

молайту ісінің нәтижелігі төмендегілерді  ескерумен тікелей байланысты:

- бұрын білетін сөздерінің қаншалықты түсінетіндігін байқау;

- сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру;

- сөздерді орынды, дұрыс қолдана білу;

- өз ойларын еркін түрде жеткізе білу.

Білім  алушылардың  сөздік  қорының  жетілуі,    тіл  байлығының    артуына    септігін 

тигізеді. Ал,  тіл байлығының артуы байланыстырып сөйлеумен тікелей байланысты.  Білім 

алушыларды  байланыстырып сөйлеуге үйретудің бір жолы - сөйлемді дұрыс құрауға бейімдеу 

болып  табылады. Сөйлемді    құрап  сөйлеуге  үйрету  ісі  күнделікті  сабақ  кезінде  әңгімелесу, 

сұраққа жауап беру, тірек сөздер арқылы сөйлем құрату нәтижесінде іске асады. 

 

Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселері М. Жұбанова, С. Рахметова, 



К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімов, Г. Уәйісов т.б. ғылыми-әдістемелік 

еңбектерінде арнайы зерттелді. 

«Тілі байдың-ойы бай» демекші білім алушы  байланыстырып сөйлеу тәсілдерін үйренсе, 

сөздерді әртүрлі түрде едәуір еркін қолданатын болады.

Тіл байыту жумыстары оқылған шығарма туралы әңгімелесу, шығарма мазмұнын  талдау, 

мәтінмен    жұмыс  жүргізу  (ауызша)  барысында  іске  асады.  Мысалы,  «Құлақ»  ертегісіндегі: 

Құлақ туралы не айтар едің (ақылды, саққұлақ, қайырымды) «Түйе іздеген кедей» ертегісіндегі: 

Түйесін жоғалтқан кедей туралы не дер едіңдер? Жолаушы туралы не айтуға болады? (тапқыр, 

зерек, ізшіл т.б.) деп сұрау арқылы баланы ойланып және мәтіндегі көркем сөздерді пайдаланып 

жауап беруге үйретуге болады.

Осы  ретпен  алынған  тапсырмалар  арқылы  білім  алушылардың    сөздік  қорын  көркем 

сөздермен молайтуы  іске асады. 

Өздігінен  оқу  дағдысы  жоқ  білім  алушылардың    сөздік  қорын  молайту,      айналадағы 

дүниені  көрсетіп  талдау,  көрген-білгенін  айқындай  түсерлік  шығарма  мазмұнына  сай  сурет 

көрсетіп әңгімелесу, ойын ойнап отырып, әртүрлі жатттығу жұмыстарын жүргізу арқылы іске 

асыруға болады.

Оқу мен оқыған мәтінін  әңгімелеп  беру  білім алушының   тіл  дамуының шарты ретінде 

ғана көрінеді. Тіл мәдениеті деген ұғымға әңгімені құрайтын сөздерді көп мөлшерде пайдалану 

ғана  емес,  сондай-ақ  бұл  сөздердің  қалай  айтылуы  да,  дауыс  ырғағы  да,  сөздің  қатты-жай 

естілуі мен тілдің баяу-жылдам қолданылуы да кіреді. Мұғалім бала тілінің осы жақтарына 

айрықша назар аударуы тиіс. Бұл  ретте бастауыш білім алушылары  өте еліктегіш келетінін де 

естен шығаруға болмайды. Егер мұғалім сөзді анық айтып, дауыс ырғағын құбылта білсе және 



23

мүдірмей сөйлей алса, онда балалар ұстазына еліктей отырып, оның мәнерлі сөз ерекшеліктерін 

меңгеріп алары сөзсіз. Сондықтан да мұғалімнің білім алушыға   дұрыс бағыт-бағдар беру 

үшін шығарманы, мәтінді оқу, таныстыру барысында әр сөзді анық, түсінікті, дауыс ырғағын 

орынды пайдалана білуі қажет. 

Мұғалім үшін баланың сөздік қоры және оның мәтіндік тілді құра білуі қаншалықты 

маңызды болса, оның өз ойын қалай, қалайша айтып жеткізе алуы да соншалықты маңызды 

болуға тиісті. Себебі, тілдің эмоционалдық мәдениетінінің адам өміріндегі маңызы зор. Тіл 

жатық және мәнерлі айтылуы мүмкін. Сонымен бірге оның кейде аса жылдам немесе баяу, 

жабырқау түрде мүлде сылбыр да ақырын айтылуы ғажап емес. Баланың қалай сөйлегеніне, 

тілінің қалай дамығанына қарап, оны қалыптастыратын ортаға баға бере аламыз. 

 

Бастауыш  сынып    білім  алушының    жалпы    танымдық    білімін    қалыптастыратын, 



оқуға  үйрететін, тіл байлығын арттыратын, сөздік қорын  дамытатын бірден бір пән «Ана 

тілі» болғандықтан,  бұл пәнді ұйымдастыруда бастауыш білім беру деңгейінің мұғалімдерінен 

үлкен жауапкершілікті талап етеді.  Сондықтан ана тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту 

жұмыстары басты назарда болуы қажет. 

Қазіргі уақыт талабы – білім алушылардың  білімінің нақтылығы,  тереңдігі. Терең білімге  

күнделікті  сапалы  жұмыстың    нәтижесінде  ғана  жетуге  болады.  Сапала  жұмыс  –  сабақты 

сапалы ұйымдастырудан бастау алды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.  Жумабекова Ф.Н. Жуматаева А.Д. Баланыз мектепке дайын ба? - Алматы,1999

2.  Игенбаева Б.К. Мен-Адаммын.- Алматы, 2000

3.  Ахмет Жүнісов. Бабалар дәстүр.  - Алматы, 1992

4.  Тіл дамыту және ұстарту.// Халық тәлімі, № 11-12, 1998 жыл.

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ТІЛ ДАМЫТУ 

САПАСЫН АРТТЫРУ АРҚЫЛЫ ТІЛДІК КОММУНИКАТИВТІК 

ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ

МАНАСОВА Ж.С.,

Физика–математика 

бағытындағы 

Назарбаев зияткерлік мектебі

Туған тіл сөзі – ақыл-ой дамуының 

негізі және барша білімдердің 

қазынасы.     

                       К.Д.Ушинский

 

Тіл  – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге 



еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол  атадан балаға мирас 

болып  қалып  отыратын  баға  жетпес  мұра.  Демек,  әр  адам  ана  тілін  көзінің  қарашығындай 

қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.

     Қай кезде болмасын, ана тілі мәселесі – сол тілде сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, 

ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде, 

мемлекет  тілінің,  ұлт  рухының  көтерілген  биігімен  өлшенеді.  Иә,  тіл  қашанда  болмасын, 

мемле кеттің ең асыл қасиеті, табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл де жанды нәрсе сияқты, 


24

қалыптасады, дамиды, өркендейді, өседі немесе құлдырайды, кемиді, өшеді, жойылады.

        Тіл  –  ұлттың  тірегі.  Ол  –  жан  дүниең ді  ашып  көрсететін  мөлдір  айнаң.  Осы  айна 

бетіндегі тоталитарлық жүйе түсірген дақты кетіріп, дидарымызды анық көруге ұмтылғалы 

да біраз жыл болды Бүгінгі таңда  қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі-өзгермелі әлеуметтік 

және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге 

белсенді  қатынасын  байқатып,  оны  жақсартуға  ықпал  ете  алатын,  бәсекеге  қабілетті  жеке 

тұлғаны  қалыптастыру  болып  табылады.  Осыған  байланысты  жеке  тұлғаға  қойылатын 

талаптар да төмендегідей ерекшеленеді:  белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің 

кеңдігі, танымдық әрекетке қызығушылығының сауаттылығы.  Осы талаптардың   орындалуы 

мемлекеттің көп ұлтты жағдайында тілдерді жетік меңеру ғылым мен техниканың жетістіктерін 

меңгеруге, отандық және әлемдік мәдениетті үйренуге кең жол ашады. Ал, адам мәдениетіндегі 

күрделі көрсеткіштердің бірі - оның тілі болып табылады.

Тіл  –  адам      мен  адамды,  ұлт  пен  ұлтты  жақындастыратын  өзгеше  қатынас  құралы. 

Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек 

адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Тілді үйрету әдісі үнемі заман 

талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. 

Тілді  үйрену  технологиясында  коммуникативтік  құзіреттілікті  дамыту  оқу-тәрбие 

міндеттерін нәтижелі  шешуге, тілді жетік меңгерген  тұлға қалыптастыруда нәтижелі. 

Коммуникативтік технология деп оқуға қатысушылардың барлығын және мүмкін болған 

құрал-жабдықтар  мен  ақпараттардың  барлығын  қатыстыра  отырып  өзара  белсенді  тілдік 

қатынас әрекетіне ену негізінде оқу үрдісін құруды айтады. Оның жетекші әдісі- тілдік өзара 

қарым-қатынас болып табылады.

Коммуникациялық бағыт адам өмірінің түрлі саласына байланысатын сөйлеуді үйретуге 

бағындырылады.  Сөйлеу  мақсатына  тиісті  грамматикалық  формалар  мен  синтаксистік 

құрылымдардың  сөйлеуге  қатысуы  шарт  және  ол  көбіне  дайындықсыз  сөйлеуге,  бұрынғы 

меңгерген  грамматикалық  формаларды,  лексикалық  біліктерді  автоматты  түрде  қолдануға 

жетуі керек. [4].

  Коммуникативтік  сөйлеу  әрекетінің  қай  түрі  болса  да    лексикалық  -  граматикалық 

дайындық деңгейіне сүйенеді. Оқушының тиісті лексикалық қоры, сондай-ақ грамматикалық 

білімі болуымен бірге, ол бұларды сөйлеу әрекетін орындау барысында,  талдау кезінде меңгере 

түседі.  Сөйлеу  әрекеттері,  негізінен,  белгілі  бір  мақсаттығы  жағдаяттар,  жүйелі  модульдер, 

ауызекі жауаптасу, сұрақ-жауап жағдайларында жүзеге асады.

            Коммуникативтік әдіс

1.  Жұптық

2.  Топтық

3.  Ұжымдық

            Коммуникативтік әдістердің принциптері

1.  тілдік бағыттар

2.  функционалдық

3.  оқиғалық

4.  жаңашылдық

5.  қарым-қатынастық дербестік бағыттар

  Коммуникация сөзінің негізгі мағынасы  жалпы  қарым-қатынас, араласу, хабарласу, 

байланыс  деген  сияқты  мағына  білдіре  келіп,  адамдардың  арасындағы  өзара  түсінушілікті,  

қарым-қатынасты  көрсетеді. Осыдан барып «коммуникабельдік»,  түсінушілік деген сөздер 

мен  ұғымдар  пайда  бола  бастады.  Бір  сөзбен  айтқанда  коммуникация  дегеніміз  -  қарым-

қатынас, өзара байланыс деген ұғымды білдіреді. 

 

Тілдік коммуникативтік білім беру  оқушылардың тіл дамыту сапасын арттыру арқылы  



25

іске асады.  Тіл дамыту сапасын арттыру  жұмысы - күрделі де шығармашылық процесс болып 

табылады. Тілді  дамыту ең бірінші кезекте білім алушының  өмірден туатын қажеттілігінен, 

өз  сұранысын  айтуға  талпынуынан  туады.  Тіл  байлығынның  мол  болуы  бір  жағынан  білім 

алушыда  жаңа құбылыс, көрініс, ұғымдар мен түсініктердің көбеюіне, ал екінші жағынан, 

тілді жан-жақты меңгеруіне байланысты.  Тілдің жақсы дамуының құралы тілдік қор болып 

табылады  Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштері:

• 

өз ойын жүйелі түрде еркін жеткізе білу;



• 

қазақ әдеби тіл нормасына сай  сөйлей білу;

• 

байланыстырып бейнелі сөйлей білу;



• 

мазмұндылығы; анықтығы, мәнерлілігі;

• 

грамматикалық, орфографиялық қатесіздігі болып табылады.



Тіл  дамытудың  негізгі  көрсеткіштерін  жүзеге  асыру  үшін,  оқудың  алғашқы  күнінен 

бастап төмендегі  мәселелерді анықтап алу қажет:   

• 

сыныптағы әрбір білім алушының жалпы сөздік қоры;



• 

сөйлеу мәдениетінің меңгеру дәрежесі;

• 

байланыстырып сөйлеу дәрежесі.



Осы  жоғарыда  аталғандарды      анықтау    тілді    дамытуға    байланысты    атқарылатын  

жұмыстардың  нәтижелігін бермек. 

Тіл  дамытуға  байланыста  атқарылатын  шаралар  психолыгпен    бірлесе    жүзеге  асады. 

Психологпен  бірге білім алушылардың  тілдерінің дамуы, сөйлеу мәдениеті,  байланыстырып 

сөйлей білу дағдылары, зейін, қабылдау, фонематикалық есту, ойлау, есте сақтауларына  зерттеу  

жүргізіледі.  Зерттеу  нәтижесінде  бағдарлама талаптарына сәйкес білім алушылардың  білім 

деңгейі, сапасы, дағды дейгейі, танымдық-еріктілік белсенділіктері қарастырылады. 

-  Жоғары деңгей - балалар жоспарды ескеріп байланыстыра сөйлейді, тілі сауатты.      

-  Орта деңгей - жоспарлы сөйлемейді, күрделі сөйлемдер құрауда қателіктер жібереді. 

-  Төменгі  деңгей  -  сипаттау  орнына  сұрақтарға  қысқа  жауап  береді,  тілі  сараң, 

байланыссыз.

Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында төмендегідей жағдайлар жиі кездеседі:

              - Сөздік қоры тапшы білім алушы сөйлегенде көңілінде сайрап тұрған ойын дәл 

білдіруге қажетті сөз таба алмай, сасқалақтап қиналып қалады. Білім алушының  сөздік қоры 

біршама мол болғанымен, ол актив емес пассив болып есептеледі, яғни бала көптеген сөзді 

біліп, ұғына тұра, оны дер кезінде пайдаланып, үнемі қажетіне жарата алмайды.

-   Ойларын шашыратып, байланыссыз айту.

-  Сөзді  қабылдауда  мұғалімнің  нені  істеу  керек  екені  жайлы  айтқанын  аяғына  дейін 

тыңдамай, қолма-қол іске кірісетіні жиі кездеседі.

Сөйлем құрату-білім алушыларды  дұрыс та нақты сөйлеуге дағдыландырудың ең тиімді жолы. 

«Сөз ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр» деп В.Г.Белинский айтқандай, тіл - ойдың 

сыртқы көрінісі. Ой дамыту – тіл дамытумен ұштасады. Тіл дамытудың тиімді құралдарының 

бірі- шығарма жазу, өз ойын қағаз бетіне түсіру, жаңылпаш, жұмбақ айтқызып,  оның шешімін 

табу болып табылады. Себебі,  бұлар білім алушының сөздік қорын молайтуда, дүниетанымын, 

түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды 

рөл атқарады. Білім алушының  тілін шыңдай түсіп, сөздік қорын молайтуға,  асықпай, жатық 

еркін  сөйлеуіне  көмектеседі.    Шығарма  жазу  арқылы  білім  алушы,  өзінің  сөздік  қорының  

деңгейін сараптайды.  Ал, жаңылтпаштар затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді  

және      жаңылтпаштар  сөзді  дұрыс  сөйлеуге  әдеттендіреді.  Жұмбақтарда  аталған    нәрсенің 

сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Оқушыларды тез ойлауға, шапшаң 

жауап беруге, тапқырлығын шыңдай түседі. Қолданатын жұмбақтар мен жаңылтпаштар білім 

алушылардың  жас  ерекшелігіне  сай  іріктеледі.  Нәтижесінде  білім  алушының  сөздік  қоры 

молаяды, тілі, ойлау қабілеті дамиды,  ой салумен қатар, оларды көркем және образды сөйлеуге 


26

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ ОШАҒЫ

ТӨЛЕКОВА М.,

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік

колледж мұғалімі

Қазақстан дамуының басты бағытының бірі – білім беру. Қазіргі кезде оқу орнына түсіп, 

белгілі мамандық алу мәселесі әрбір 9 және 11 сынып оқушысы мен олардың ата-аналарын 

ерекше толғандырары сөзсіз. Себебі XXI ғасыр – білім мен ғылым ғасыры, тек сапалы білім мен 

саналы тәрбие алған жас маман болашақта егеменді ел ертеңі атанбақ. Әр ата-ана баласының 

болашағы үшін, заман талабына сай білім алуына жағдай жасауы қажет.

         Елбасының халыққа жолдауында «білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқу үрдісіне 

қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды еңгізу керектігін және педагогтер құрамының 

сапасын арттырудың маңызы зор» екенін атап өтті. Жаңа әдістер мен технологиялық жетістіктері 

сапалы білім беріп, талантты түлектер ұшырып отырған, елбасының бағдарламаларына қарай 

жоспарлы жұмыс атқарып жатқан үлгілі оқу орындарының бірі алаштың арыстай ұл-қыздарын 

дүниеге  әкелген,  Шәкәрім  атындағы  Семей  мемлекеттік  университеті  жанынан  2000  жылы 

ашылған колледж. Оқу орнының қабырғасындағы қызған жұмысты тізбектеп жеткізу мүмкін 

емес. Аптаның дүйсенбісі мен сенбі аралығындағы уақыттың қас қағым сәтте өте шығуы қызығы 

мен  шуағы  мол  тіршілікпен  астасып  жатады.  Қарбалас  жұмыстың  басы-қасында  жүретін 

ұстаздар мен ұжым басшыларының білікті бастамалары кімді болса да таң қалдырарлықтай. 

Аты аталған университеттің ректоры ӘМІРБЕКОВ Шәріпбек Ағабайұлы колледжді көзінен 

таса  қылмай,  жүріп  жатқан  іс-шаралардың  мазмұнына  қанып,  үлкен  тапсырмаларын  беріп 

тұрады.  Ректордың  жүйелі  жұмысын  ары  қарай  жалғастырушы  басшымыз,  ұлағатты  ұстаз, 

білікті маман, ТҰРЛЫБЕКОВ Нұржан Қадырұлы ұжымды терең білімімен басқарып келеді. 

Егеменді еліміздің тәуелсіз ұрпақтарын тәрбиелеуде үлкен қызмет атқарып келе жатқан ұжым 

басшының қызметі тек шәкірттер мен ұстаздарға ғана емес, өзге оқу орындарына тұтасымен үлгі 

етерліктей. Колледж қабырғасында өтетін әр сабақ бір мереке іспетті. Сабаққа пайдаланатын 

әдістемелік құралдар мен заманауи технологиялар оқушы ынтасын оятып, білімнің тереңіне 

бойлата алады. Ұйымдастырылатын сабақ пен түрлі іс-шаралар сан рет тексеріліп, астарына 

терең үңілеміз. Бұл жұмыстардың барлығы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.А. 

Тоқтаубаеваның, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар А.М. Сейфжанованың және колледж әдіскері 

А.А. Юсуповалардың кеңес беруімен әрі қолдауымен өтетіні сөзсіз. Әр мамандықтың өз қыры 

мен  сыры  ұшан  теңіз.  Аты  аталған  орынбасарлар  мен  әдіскердің  тамшыдай  берген  ақыл-

жаттықтырады, сөз байлығын, сөздік қорын дамыта түседі және  сөйлеу мәдениетін дамытады.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.  Абдурахманова Г. Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері.   

«Қазақстан мектебі», Алматы,2006 , №3.

2.  Құлмағабетова Б. Қазақ тілінің дамытушылық функциясы- Алматы, 1998жыл.

3.  Тіл дамыту және ұстарту.// Халық тәлімі, № 11-12, 1998 жыл.

4.  Түндебаева Н. Орыс тілді аудиторияларда қазақ тілін коммуникативтік оқыту  

5.  технологиясы //Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі мен әдебиеті. 2007. №10. 

      Б. 3-5

6.   Смагулова А.С.  Қазақ тілі сабақтарында  М. М. Жанпейісованың  модульдік технологиясын 

қолдану арқылы тілдік  коммуникатитік құзіреттілікті дамыту\   интернет қоры



27

кеңестері  ойымызды  жалғастырып,  жетпегенімізді  толықтырып  отырады.  Берілген  кеңес 

шәкірт алдындағы ұстазға азық екені түсінікті, сондықтан ұжым арасындағы ауызбіршілік пен 

өзара түсіністік бір-бірімізді тығыз байланыстырады. 

Б.Д.  Кенжина  меңгерушілік  атқаратын  сырттай  оқу  бөлімі  де  оқу  орнында  жұмыс  істеп 

келеді. Оқуға келген тыңдаушылар басшының шебер ұйымдастырған сабақ кестесі мен сапалы 

білімімен сусындап кететіні анық. 

Колледжде циклдік пәндер мұғалімдерінің еңбектері де лайықты атауға тұрарлықтай. Олар 

әртүрлі  пәндік  бөлімдер  мен  циклдердің  жетекшілері:  Ч.К.  Кузембаева,  А.Р.  Оқасов,  А.Қ. 

Олжаева, Т.А. Ахметғалым, П.К. Кузембаева, Д.А. Есмағамбетовалар. 

Осындай ұлағатты ұстаздардан білім алған колледж түлектері мемлекеттік үлгідегі диплом 

алып, университеттің мамандығына сай факультеттерінде екінші курсқа жеңілдетілген шартпен, 

сонымен қатар республикамыздың басқа да жоғарғы оқу орындарында білімін жалғастыруға 

мүмкіндік алады. Біздің түлектеріміз бүгінде жақын және алыс шетелдерде қызмет атқарып, 

халық  шаруашылығының  барлық салаларында табысты еңбек етуде.

Ғылымның  дамуына,  заман  талабының  сұранысына  сай  Курчатов  қаласындағы  Ұлттық 

ядролық орталықпен келісім жасалып, ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар, 

электроэнергетика,  изотоптарды  бөлу  технологиясы,  механоөңдеу,  өлшеуіш-бақылау 

құрылғылары және т.б мамандықтар бойынша лицензия алып, оқуға қабылдануда.          

Колледжде  терең  біліммен  қатар,  салауатты  өмір  салтын  сақтауға,  дене  шынықтырумен 

айналысуға да ерекше көңіл бөлінеді. Жеңіл атлетика, күрес, волейбол, футбол, суға жүзу т.б. 

спорт секциялары тұрақты жұмыс істейді. Аталған спорт түрлерінен оқытушылар, оқушылар 

түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Демалыс сәттері де өте 

қызықты ұйымдастырылады. Жазда әсем табиғат аясында дем алса, қыста шаңғы базасына 

барып,  спортпен  шұғылданады.  Оқушыларымыз  сабақтан  тыс  уақыттарында  әскери-

патриоттық  шараларға  қатысып,  рухани  тағылым  алу  үшін  тарихи  жерлерге,  Жидебайға 

саяхат жасап, қаладағы мұражайларды  аралап тұрады. Университет жатақханасынан мұқтаж 

оқушыларға орын беріледі.

Жаһандық  дағдарыс  кезінде  оқушыларымызды  әлеуметтік  жағынан  қолдау  білім  беру 

үрдісіндегі  маңызды  қадам  болып  табылады.  Бүгінде  колледжде  оқитын  білімге  құштар 

жастарға  оқу  үлгерімі  жақсы,  тәртіпті,  әртүрлі  сайыстарда,  конференцияларда,  спорттық 

жарыстарда  оқу  орнының  намысын  қорғап  жүргендерге,  әлеуметтік  жағдайлары  төмен 

оқушыларға жеңілдіктер беру жұмыстары жалғасуда. 


28

МҰҒАЛІМДЕР МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА

ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ 

АРНАЛҒАН МӘЛІМЕТТЕР

Сабаққа қойылатын талаптар:

1.Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын дұрыс 

анықтау;

2.Сабақтың түрін анықтау,жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру;

3.Оқушының білімін бекіту,қайталау,бақылау жүйесін ойластыру;

4.Үй тапсырмасының көлемін,түсініктілігін,баланың мүмкіндіктерін қадағалау;



Сабаққа дайындалу және ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

1.Сабақ материалы оқушының денсаулығына зиян келтірмейтіндей көлемде белгіленуі               

  қажет;

2.Әр сабаққа дайындықты берілген тақырып бойынша жоспарлаудан бастау қажет;

3.Әр сабаққа демонстрациялық,дидактикалық материалдарды,техникалық құралдарды дайындау;

Сабақ мазмұнына және оқу процесіне қойылатын талаптар:

1.Сабақтың тәрбиелік мәні болуы керек.Оқыту барысында оқушылар өздерін қоғамның жеке 

тұлғасы ретінде сезінуі қажет;

2.Сабақ мазмұны оқушы өмірімен тікелей байланыста болған жөн;

3.Әр сабақта оқушы шығармашылық ізденісте болуы қажет;

Сабақты өткізу әдісіне қойылатын талаптар:

1.Сабақ көңілді, тартымды өтуі керек;

2.Оқушыны сабақта білімнің керек екенін сезінуге тәрбиелеу қажет;

3.Сабақтың ырғағы мен қарқыны тиісті дәрежеде болуы керек;ол тездік пен сылбырлықты 

көтермейді.Сабақтың барысы дұрыс ұйымдастырылғанда оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті 

нәтижелі болады;

4.Мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара түсінушілік,педагогикалық такт сақталғаны жөн /

оқушылардың намысына тура немесе жанамалы түрде тиіп,жәбірлеу дұрыс емес/;

5.Оқушылар арасына өзара өзара түсінушілік жағдай туғызу және шығармашылық еңбек 

белсенділігін арттыру,өте қажет;

6.Сабақты әр түрлі оқу әдістерін қолданып,түрлендіріп өткізу керек.

Бағалау нормалары:

«5» деген баға:ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;

«4» деген баға:емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;

«3» деген баға:емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгі 

қатесі болса;

«2» деген баға:емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін;



ЕСКЕРТУ:

Бағалау кезінде қатерлердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылды.Егер бір қате бір 

сөздіңқұрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге 

жататын қателер біртекті  болып есептеледі.Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі 



осындай қателер дербес есптеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет