12. Ойлау мәдениеті. Философия даналыққа деген сүйіспеншілік ретінде. Педагогика және психология түсіндірме сөздігінде: Ойлау - ақиқат дүниенің мида
жанама түрде ұғымдар арқылы барлық қасиет, байланыс, қатынастармен бейнеленуі. Ойлау
адамның сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдей отырып, адамның сезім
дүниесінен тыс құбылыстарды танып-білуіне мүмкіндік жасайды. Ойлаудың дамуы
әрекетпен байланысты.
Ойлау - обьективті дүниені ұғым, пікір және теория формасында бейнелеудің белсенді
процесі; бұл прцесс белгілі бір мәселелерді шешумен шындықты жанама бейнелендіру
тәсілдерімен және оларды жалпылаумен байланысты жүзеге асады; айрықша түрде
ұйымдасқан материя - мидың жоғары жемісі. Ұғымдар және олардың жүйелері адамзаттың
тәжірибесін (жалпылап) бейнелейді, адамдардың жинақталған білімі және шындықты одан
әрі танып білуге негіз болып табылады.
Ойлау мәдениеті - адамның ақыл-ой қызметінің әдіс-амалдарын, нормалары мен
ережелерін меңгеру дәрежесі; міндеттерді дәлме-дәл тұжырымдап, оларды орындаудың
оңтайлы жолдарын таба білуінен, негізді қорытындылар шығарып, оларды іс-әректте дұрыс
қолдана алудан көрінеді. Кез келген іс-әрекеттің мақсаткерлігін, ұйымшылдығын,
нәтижелілігін арттырады.
Философия даналыққа құштарлық
Философия ұғымы грек тілінен даналыққа деген сүйіспеншілдікті білдіреді екен.
Философия адам мен дүние жүйесіндегі ортақ заңдылықтар мен қатынастарды зерттейді.
Бұл ғұлама сөзді ежелгі грек ғалымы Пифагор қолданысқа енгізіп әкелген болатын. Яғни
бұл сөздің қолданысқа келуі сонау б.д.д. V ғ бастау алған екен. Сол уақыттар аралығында яғни
Грекияда мәдениеті жоғары, бай әдемі гүлденген аймақта өздерін даналармыз деп
санайтын және солай атайтын адамдар болған . Олар тек қана ойлапта ғана емес сонымен
қатар басқаларын даналыққа оқытып , және оған қоса сұраныстарын да жеткілікті арттырған
деседі. Даналыққа оқытудың басқа кәсіптік оқуға қараған айырмашылығы жермен көктей еді.
Мысалы кәсіптік оқуда ол жерде адам бірдеңе үйренеді ма жоқпа тексеруге көруге болатын.
Ал мына даналық оқытуда нәтижесін іспен көрсету онайға соқпайтынын айту керек. Бұл оку
үшін ешқандай ақша қаражат төлемейтін . Осы уақытта адамдардың аңқаулығын
пайдаланып өздерін даналармыз деп санайтын адамдардың алдамыштарыдаз болған жоқ.
Нәтижесінде осы алдамыш адамдар мазаққа қалған болатын. Нағыз дана адамдар ешқандай
ақшасыз оқытқан болатын. Ол адамдар өздерін сыпайы әрі нақты түрде философпын деп
атап , өздері тек қана даналықты сүйетінін айтқан. Осындай философтардың бірі Сократ
болған. Сократ: біз данамыз деп атайтындарды кекетіп: «Мен ештеңе білмейтіндігімді
білемін» деп жиі айтқан екен. Платонның айтуынша Сократ «философия» терминін
даналыққа құштарлықты пайдаланған. Олай болса, философия өзінің даналығына деген оған
сүйіспеншілікпен ұмтылудан басталады. Философия сөзі ақиқатқа талпыныс деп түсінілді.
Платонның ойынша философ әруақытта білім мен білімсіздіктің ортасында болады, ол аз
жетілген білімнен жетілгендікке, білімсіздіктен білімге шығуға талпынады деп айтқан
болатын . Оның ойынша табиғаттың және адам өмірінің құпияларын ашатын, өмірдің
талабына сай әрекет етуге , табиғатпен жарастықта өмір сүруге үйрететін адамдарды
философ дейді екен.