1. Философия білімнің ерекше түрі және рухани қызметтің ерекше түрі ретінде


Дене және руханият. Рух пен рухани іс-әрекеттің табиғаты



бет20/97
Дата26.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#143863
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97
20. Дене және руханият. Рух пен рухани іс-әрекеттің табиғаты.
Рух «әмір әлемінен»[1] келген саналы болмыс болғандықтан, материялық әлемдегі тіршілік иелеріне ұқсамайды. Енді осы екі әлемге біршама түсініктеме берейік:
Материалдық әлем – көзге көрінетін өзіміз тіршілік етіп жатқан әлем. Кейде ол – мүлік және шәһәдат әлемі деп те аталады. Аллаһ тағала бұл болмыстарға жан береді, өлтіреді, жаңа денелер жаратады. Жаратылған бұл денелер белгілі бір кейіпке енеді, сәнделіп безендіріледі. Өсімдіктер, жануарлар, адамдар – осы әлемнің өкілдері. Көзге көрінетін атом, жер шары, бүкіл аспан денелері – бәрі материялдық әлем деп аталатын осы әлемге жатады.
«Әмір» әлемі – біздің әлемімізге қатысты өлшемдермен өлшенбейтін, заңдылықтары өзгеше әлем. Бұл әлемнің негізі – материя емес, мағына. Мағынаны елестете алмағандықтан, біз тек қана ол әлемнің материялық әлеммен астасып жатқан ұшқындарын көре аламыз, солар арқылы ғана «әмір» әлемін пайымдауға тырысамыз.
Рухтың өзіне тән жамылғысы бар. Біз оны рухтың дене-бітімі десек те, оның бұдан басқа да: «нұрлы бейне», «жылжымалы нәзік дене», «салмақсыз дене», «фантом», «энергиялық дене», «көшірме дене» деген секілді т.б. атаулары да бар.
Барлық нәрсе жұп-жұбымен жаратылған десек, біздің кәдімгі денеміздің де сыңары болады. Міне, ол – «елес дене». Бұл елес дене – өте нәзік әрі сұйық. Ол – рухтың сыртқы қабығы не киімі секілді қызмет атқарады. Ол өлімнен кейін де рухты жалаңаш қалдырмайды, яғни денеден айырылғаннан кейін де рухпен бірге болады. Демек, рух кәдімгі денені тастап шықса да, өзінің жамылғысынан ажырамайды.
Бірқатар мұсылман ғалымдарының еңбектерінде, сондай-ақ көріпкелдердің дәйектерінде де айтылған-дай, адамның кемтар мүшесінің орнында рухтың жамылғысы байқалған.
«Возвращение к Богу в России» (авторлары Шейла Останде және Линн Шредер) атты кітапта осы мәселелерге байланысты ұзын-сонар қызықты мәліметтер бар. Мәселен, бір топ дәрігер: «Бүкіл тіршілік иелерінің атом мен молекулалардан тұратын физикалық денесімен қатар оның көшірмесі секілді энергиялық денелері бар», – дейді.
Французша «Ле монде ла вие» журналының 1963 жылғы наурыз айындағы нөмірінде – әрине, егер бұл христиандықты насихаттау мақсатында жарияланбаса, бір шіркеу қызметкерінің басынан өткен мынадай оқиға баяндалған.
Шіркеу қызметшісі бір топ баламен Швейцарияға Альпі тауларына серуендеуге сапарға шыққанда жолда көзі ілініп кетеді. Оянған сәтте өз денесінен өзінің бөлініп шыққанын әрі өзін-өзі тіпті басқара алмай жатқанын сезеді. Аз уақыт өткен соң бұл жағдайға денесі үйреніп, таулардың үстімен ұша бастайды. Балалар есіне түсіп, олардың қасына барғысы келеді де, оларға барады. Сосын жарын еске алуы сол-ақ екен оның да жанынан табыла кетеді. Осындай таң-тамаша саяхат барысында оны өзінен басқа ешкім көрмеген. Бір мезет аяқ астынан өзін ауыр сезіне бастайды да, өзінің кәдімгі денесіне қайта оралғанын көреді. Сөйтіп, тылсым саяхат барысында көрген-білгендерін бүге-шігесіне дейін адамдарға айтып бергенде олар бұған таң қалысқан. Бұл құбылыстың мән-жайы Англия-да арнайы зерттеліп, расында да дәл осы оқиғаның болғандығы анықталған.
Кеңес Одағы кезінде денеден тәуелсіз саяхаттай алатын йогалар туралы зерттеулер жүргізілген. Ес-түсінен айырылғанда, комада, медитациялық жағдайда және көп мөлшерде наркоз салынғанда, адам рухының өз денесінен рухани денесінің бөлініп шығатындығы анықталған.
Негізяінде, періштелер мен жындар да белгілі бір пішінге еніп, көріне алады. Түсте кейбір ақиқаттарды көре аламыз, қабір әлемінде істеген амалдарымыз бізге көрінеді. Рух та өзінің жамылғысы болған – елес денесімен көрінсе, өзінің кәдімгі денесіне ұқсағанын көрген болар едік. Сондықтан, біз түсімізде өзімізге таныс адамдарды көреміз. Біз ол адамның кәдімгі денесін көрген сияқты болсақ та, шындығында, бізге көрінетін оның рухы. Негізінде рух материалдық жамылғысы бар дене іспетті. Оның рухани жамылғысы елес дене тәрізді.
Рухтың елес денесі кәдімгі дененің бейнесіне ұқсайды. Әулие кісілер бір мезетте әр түрлі жерде осы елес денесімен көрінеді. Олар осы екінші денесімен бір мезетте бірнеше жерде көріне береді. Мәселен, олар түрмеде отырса да, таңғы намазда мешітте, әрі дәл бір мезгілде Қағбада да бола алады. Хазірет Абдулхамид[7] қажылыққа еш бармаған, бірақ оны қажылықта көргенін ант ете отырып айтқандар бар. Тіпті, «келіп, мына үйге түсті» дегендерді де көрдік. Ел арасында «Пәлен соғыста пәлен деген әулие кісі әскерлерге көмектесіпті» деген көптеген оқиғалар айтылады. Ұзаққа барудың қажеті жоқ. Кипр шайқасында бір әулие кісі ұшқыштың жанына отырып: «Балам, бомбаларды анда таста, мұнда таста», – деп жол көрсеткенін айтқандар бар. Олардың кәдуілгі денелері жерленген қалпында жатқанымен рухани болмысы әр жерде болу қабілетіне ие. Сондай-ақ, олар елес денелерімен бір-біріне қараған айнадағы бейнелер секілді, бірнеше жерде көріне алады. Мәселен, «Абдал» тобына жататын әулиелер қазір мешітте отыр десек, дәл сол сәтте Пайғамбарымыздың да жанында бола алады. Не болмаса Қағбада, не басқа бір жерде дінге қызмет етуде. Егер оларды танып, құшақтай қалсаңыз, қолыңыздың денесінен өтіп кеткенін көресіз. Өйткені, қолыңыздың тиген жері олардың кәдімгі денесі де, рухы да емес. Бәлкім, сынап секілді аға алатын елес денелері болуы мүмкін. Я болмаса, олардың сол денелерге еніп, бізге көрінген сәті болар. Күннің өзі материялық жаратылыс, алайда мыңдаған жерде бірдей көрінеді емес пе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет