30. ХХ ғасыр философиясындағы лингвистикалық бұрылыс, тіл философиясы. Аналитикалық философия.
Тіл философиясы (ағылш. Philosophy of language) — аналитикалық философияда тілдің табиғатын, тіларалық, тіл мен қолданушының және тіл мен ғаламның байланысын зерттейді.[1] Зерттеу көбінесе мағынаның табиғаты, интенционалдық, референт, сөйлем құрылымы, ұғымдар, үйрену және ойлану қатарлылар туралы ізденістерден тұрады.
Лингвистикалық бетбұрыс (ағылш. linguistic turn) — ХХ ғ басында батыстық тіл философиясында болған ірі "бағытталу" құбылысы болып, ол философия мен басқа гуманитарлық ғылымдардың тіл мәселесіне қарай ойысып, тіл ұғымына, тіл шындығына, тілдік байланысқа, тілді қолданушыларға және тіл мен ғаламның қарым-қатынасына шоғырлануымен ерекшеленеді.[1]
Лингвистикалық бетбұрыс әртүрлі интеллектуалды қозғалыстармен байланысты болды, бірақ аталған терминнің өзі Ричард Рортидің "Лингвистикалық бұрылыс" антологиясы (ағылш. Linguistic turn: Recent Essays in Philosophical Method, яғни "Лингвистикалық бетбұрыс: философиялық әдіс туралы таяудағы эсселер", 1967 ж) арқылы танымал болды деп есептеледі, онда Рорти лингвистикалық философияға бет бұруды талқылады. Кейін лингвистикалық философиядан да, жалпы аналитикалық философиядан да алшақтаған Рорти "лингвистикалық бетбұрыс" сөз тіркесін философ Густав Бергманнан алғанын айтты.[2][3]
Дәстүрлі мағынада, лингвистикалық бетбұрыс аналитикалық философияның пайда болғанын білдіреді.[4] Аналитикалық философия ағымы бойынша заманауи Формальды_логиканы басшылыққа алып, "мәселеге жінтікті талдау жасау"(анализ) — философиялық зерттеуді іске асыратын өзекті міндет саналды Лингвистикалық бетбұрыс нәтижелерінің бірі тілдің логикасы мен философиясына шоғырланудың артуы, идеал тіл философиясы мен қарапайым тіл философиясына бөліну болды.
Фреге
Майкл Дамметтің айтуынша, лингвистикалық бетбұрыс тарихын Готлоб Фрегенің 1884 жылғы "Арифметика негіздері" атты еңбегімен, атап айтқанда Фреге бір сандық тұжырымдаманың идентитиін пайымдаған 62-параграфпен байланыстыру керек.[5][6]
Сан туралы "егер бізде сандарға қарата ұғым мен интуиция болмаса, сандар қалай бізге берілген?" делінетін Канттық сауалға жауап беру үшін Фреге өзі кітабының басында пайымдалған "контекст қағидасына" сілтеме жасайды, яғни тұжырымдаманың контексті аясында ғана сөздердің мағынасы болады, демек сөйтіп "сандық сөз кездесетін тұжырымдаманың мағына" анықтамасынан мәселеге шешім табуға болады. Осылайша, бір онтологиялық, не эпистемологиялық проблема дәстүр бойынша идеалистік бағытта шешілсе, енді лингвистикалық жолмен шешілетін болады.[4]
Рассел және Витгенштейн[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бертран Рассел (1972ж марка, Үндістан
Тұжырымдамалар (propositions) логикасына және олардың "факттермен" байланысына Фрегенің назар аударуын кейінірек белгілі аналитикалық философ Бертран Рассел "Меңзеу туралы" ("On Denoting") еңбегінде жалғастырды, және оның логикалық атомизміндегі алғашқы жұмыстарында маңызды рөл атқарды.[7]
Людвиг Витгенштейн, Расселдің серіктесі, лингвистикалық бетбұрыстың бастамашыларының бірі болды. Бұл оның "философиялық проблемалар тіл логикасындағы түсініспеушілдіктен туындайды" деген идеясын пайымдаған "Логика-философиялық трактатындағы" (Tractatus Logico-Philosophicus) көзқарастарында және "тіл ойыны" туралы пайымдаулар жасаған кейінгі жұмыстарында кездеседі. Оның кейінгі жұмысы (яғни, философиялық зерттеулер) аналитикалық философияның жалпы ережелерінен айтарлықтай алшақтайды, олар пост-структуралистік дәстүрде резонанс тудыруы мүмкін деп танылуда.[8]
Достарыңызбен бөлісу: |