1. Физиканы орта мектепте оқытудағы негізгі міндеттердің бірі диалектика-материалистік көзқарас қалыптастыру



бет3/5
Дата01.12.2022
өлшемі42,04 Kb.
#54218
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
18-билет
1.Физикадан оқу сабақтарын қйымдастырудың формалары. Кері байланыс.
Орта мектепте оқу сабақтары сыныптық-сабақтық жүйе негізінде ұйымдастырылады. Сабақтар нақты кесте бойынша жүргізіледі.
Физикадан сабақтар жүйесіне, оқу сабақтарынан басқа, экскурсиялар, үйдегі жеке сабақтар, факультативтік сабақтар, сыныптан тыс сабақтардың алуан түрлі формалары, өз бетінше білім алу сабақтары т.б. Оқу жұмысын жоспарлағанда оқу сабақтарының барлық түрлерін ескеру қажет, бірақ негізгі роль сыныптағы сабақтарға беріледі. Сабақтардың формасын таңдау оқу-тәрбиелік міндеттермен және оқу материалының мазмұнымен анықталады.
Сабақ оқу-тәрбиелік процестің негізгі бөлігі болып табылады. Негізгі дидактикалық мақсат бойынша физика сабақтарын келесі типтерге бөлуге болады:
Жаңаматериалдыоқып-үйренусабағы;
Білімдердібекітужәнепрактикалық дағдылардықалыптастыру;
Білімдіжалпыламалау, жүйелеужәнетереңдету;
Білімдітексеружәнеесепкеалу;
Аралас сабақ.
Аталған соңғы типке қандай да бір дидактикалық мақсатты бөліп айту қиын сабақтар жатады. Мұндай сабақтарда қойылған міндеттердің маңыздылығы шамамен бірдей болады. Типтес сабақтардың дидактикалық мақсаттары ғана емес, құрылымы да бірдей болады.
Физика пәнінің мұғалімі оқу жұмысына дайындықты жылдық, жартыжылдық жоспардан және әр сабақты өткізуге арналған жоспар түзуден бастайды. Оқу жұмысының тиімділігі және реттілігі, сабақтардың жүйелілігі, бағдарламаны орындау сапасы, соңында, оқушылар білімінің тереңдігі және беріктігі жоспарлаудың нақтылығына байланысты болады.Физика сабақтарына дайындықтың ерекшелігі мұғалімнің физикалық эксперимент дайындауы: көрсетілімді таңдау, құрал-жабдықтарды дайындау және қондырғыны жинақтау, жаппай орындалатын зертханалық жұмыстарға, тәжірибелерге және эксперименталдық есептерге қажетті приборларды жинақтау, тақырыптарға қатысты виртуалды эксперименттер дайындау.Жоспар түзуге қажетті құжаттар: оқу стандарты, мектептің оқу жоспары және үлгілік оқу бағдарламалары. Жоспарлаудың екі түрі бар: күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарлары.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауда тақырыптарды сабақтарға б-ліп жазу керек, онда жоспарланатын негізгі сабақтар мен бірге жаппай орындалатын лабораториялық жүмыстар, есептер шығару сабақтары, білімді тексеру сабақтары, экскурсиялар, қайталау сабақтары т.б. қамтылуы тиіс. Жоспарда мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері нақты формаларға келтіріліп жазылады. Сабаққа дайындықтың соңғы кезеңі – сабақ жоспарын түзу, яғни өтілетін әр сабақты бөлек жоспарлау.
Мұндай жоспарлар мұғалімге сабақтың барлық элементтерін қөз алдына нақты келтіруге көмектеседі: мазмұнын, ретін, сабақ элементтеріне бөлінген уақытты (хронометраж), сабақтың бөлшектерін т.б. Сабақ үстінде жасайтын, айтатын, ұйымдастыратын нәрселерді ойластыру мен жазуға мұғалім өте көп күш және уақыт жұмсайды, басқа айтқанда, оның барлық еңбекпен өткен өмірі кетеді. Сондықтан, оқытушылық іс-әрекетті бастағаннан ақ сабақтарды жоспарлаудың тиімді тәсілдерін меңгеріп алған дұрыс болады. Практиканттар мен жас мұғалімдерге сабақтың жоспар-конспектін түзген пайдалы, кейіннен оны екіге бөлуге болады: сабақ жоспары және конспекті. Біріншісі жыл сайын басынан жазылады, ал екіншісі нақты сабаққа қатысты жаңа әдістемелік нұсқаулармен, ғылым және техниканың жетістіктері жайлы материалдармен, қызықты есептермен, жаңа электрондық нұсқадағы материалдармен т.б. толықтырып отырады.
Сабақ жоспарының бірыңғай жазу формасы жоқ, бірақ онда келесі мәселелер орын алуы тиіс: сабақтың тақырыбы мен мақсаттары, үй тапсырмасының орындалуын тексереру, оқушылардың алған білімдерін актуалдандыру құралдары мен әдістері, жаңа материалды өту реті мен әдістері, өтілген жаңа тақырыптарды бекіту және оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру, үй тапсырмасы және оған түсіндірмелер, қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекілік құралдар, сладтар, видеофильмдер, компьютерлік бағдарламалар т.б. Түрлі типті сабақтарды өткізу жоспарлары өзгеше болады.
Түзілген жоспар мұғалімнің сабақ үстіндегі әрекеттерін шектемеуі керек, жағдайға байланысты жорпардан кейбір ауытқулар болуы мүмкін. Сабақтар кейін жоспардың жетілген жерлері мен кемшіліктерін талдап берілген жаңа ақпараттар қөлемінің, қолданылған әдіс-тәлісдер тиімділігінің, көрсетілімдердің, виртуалды оқу материалдарының оптималды түрін таңдау жайлы өз ескертпелерін жазып қойған жөн болады. Бұл әрекеттер келешекте жұмыс істеу әдістерін жетілдіруге, осы тақырыптағы сабақтарға дайындық уақытын үнемдеуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет